ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет31/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   382
Үндістан мен оның халықтарына
келсек, олардың негізгі 
әрекеттері, негізінен, «Ұлы елес – Маяны», яғни біздің көз алдымыз-
да жатқан өтпелі, жетілмеген материалдық әлемді еңсеру қажеттігіне 
байланысты болды. XX ғасырдың ұлы үнді ойшылы С.Вивекананда 
айтқандай, «шығыс данасы бұл дүниеден 
аттап өтіп
, әлдебір 
мәң-
гілік, өтпелі емес, ажалсыз...
дүниені көрмек және ол ешқашан ал-
дына қойған бұл мұрат-мақсатынан таймайды». Бұл ізденістің нақты 
көрінісін джайнизм және бұдда діні ілімдерінен көруге болады:
а) 
Джайнизм
– («Джина» – «Жеңімпаз» деген сөзден шыққан) ежелгі 
философиялық ілім. Оның негізін 
Джина махавира
(б.з.д. VI ғасыр) 
қария салған. Оның негізгі ұғымдары: «джива» – тірі, жанды, «аджи-
ва» – жансыз, өлі, «ашрава» – жанның бүлінуі, «самвара» – жанның 
тазаруы, «нирджара» – карманың бұзылуы және т.б. Джайнизмнің 
«үш 
жауһары»
– ол дұрыс 
білім
, дұрыс 
мінез-құлық
, дұрыс 
сенім
.


39
Ілімнің қақ ортасында тұрған – тұлға болмысының мәселелері. 
Оның негізгі мазмұны – бұл этика, адамды құмарлықтардан азат ету. 
Джайнизмнің мақсаты осындай азаттық мүмкін болатын өмір салтына 
қол жеткізу. Мысалы, қазіргі заманғы джайнистік беделділердің бірі, 
Ұлыбританияда, АҚШ-та пен Үндістанда джайнизм орталықтарын 
ұйымдастырушы Шри Сушна Кумар: «Егерде кімде-кім озбырлықты 
емес, сүйіспеншілікті, жанашырлықты, бейбітшілікті, үйлесімділікті, 
бірлікті шынайы іске асырушы болса, онда ол – нағыз джайн. Джай-
низмге бұру мүмкін емес, бірақ әркім өзінің әдет-дағдыларын, санасын 
өзгерте алады», – деп бекер айтпаған (Фишер Мэри Пат. Живые рели-
гии. – М.: Республика, 1997. – 95-бет). 
Джайнизм бойынша: адамның негізгі мақсаты – басқаларды немесе 
барлық әлемді жеңу емес. Нағыз жеңіс – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет