мәжбүрлі , талаптарын
орындауға мәжбүрлейтін «жоғарыдан түсірілген» емес, пікірталастар,
ерікті келісімдер нәтижесінде
өздері қабылдаған , демек, адамдар
олардың өктем бұйрықтарын орындаудың ауыр жүгін көтермейтін
заңдар деп қабылдай бастады. Осындай әлеуметтік шектерде адам
өз идеяларын дәлелді түрде басқаларға жеткізуге ұмтылатын, олар-
ды қоғам алдында қорғап шығатын жағдайлар туады, бірақ ол үшін
сөз шешендігі , қисынды
сендіру ,
сын айта білу, басқа адамның
көзқарастарының орынсыздығын көрсете алу сияқты қасиеттер қажет.
Әрбір адам өзінің өмірлік тәжірибесіне, алған білімдерінің жиынтығына
сүйеніп, бір немесе басқа мәселеге қатысты өз пікірінің дұрыстығын
дәлелдеуге тырысады. Гректер шындық – ол беделділердің, «бұл
дүниенің мықтыларының» «қызы» емес, ақылмен, өзінің түбегейлі
негіздемесін талап ететін дәлелді жолмен келетін құндылық екеніне
бірте-бірте сене бастады. Ал бұл, шын мәнінде, ғылымның негізгі
құндылықтары болып табылады. Демек,
сол уақыттың әлеуметтік шарттары ертедегі грек ғылымы бастаулары пайда болуының
алғышарттарын құрған.
Алайда ертедегі грек ғылымының Шығыстың жеткен
жетістіктерінен аса ұзап кете алмағанына ерекше назар аудару ке-
рек. Оның себебі бұл екі өркениеттің де өндірістің құлиеленушілік
тәсіліне негізделгенінде болды. Ежелгі Грекияда еркін адамдар дене
еңбегінен қашатын, ол тек құлдардың мойнына түскен жүк болды. Сол
себепті олар (гректер)
еркін ақыл-ой қызметімен ғана айналысып,
44
еңбек құралдарын пайдалануға, оларды жетілдіруге аса көңіл аудара
қоймады. Ақыл-ой қызметін олар
ғылым деп атап, қалғандарының
барлығын
«техне» , яғни