ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет359/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   382
Байланысты:
Философия

голландияда
тіпті 
ауто
-
назия туралы заң
қабылданды. Әңгіме 
адамның өмірден қоғамның 
келісімі және көмек етуі арқылы өз еркімен кетуі
туралы болып 
отыр. 
суицид
(өзін-өзі өлтіру) әрекетінде қоғамның 
бұған келісімі 
жоқ.
Кең философиялық тұрғыда аутоназия тәндік-сезімдік бағыттағы 
Батыс адамының өмір бағдарламасынан келіп шығады. Қысқаша 
айтқанда, өмірден мейлінше көп рақат, ләззат алуға ұмтыла отырып, 
Батыс адамы қартайған шағында да еш қиналмастан, тәтті ұйқыда 
жатып болмыссыздыққа кеткісі келеді. Бұл мәселені біз де талқылап 
көрейік.
Бір қарағанда, Батыс өркениеті қоғамды ары қарай адамгершілік 
қағидаларына бұру жолында тағы бір үлкен қадам жасаған сияқты. 
Шындығында, қатерлі ісікке шалдыққан, адам төзгісіз зардап шегіп 
жатқан немесе жақын-жуықтары қалмаған және ешкімге керегі жоқ 
кәрі адамға неге көмектеспеске?
Алайда бұл мыңжылдықтар бойы адамзат жинақтаған тәжірибеге, 
көрегендікке және түйсікке қайшы келеді. 
Адамға өмірінің соңына 
қарай күйзеліс, кінә және өлім (алдында айтылған қасіретті үштік) 
күйін сезіну бұйырған, ешкім де одан айналып өте алмайды.
Бұл да 
сол адамның айналасындағы жақын адамдардың ақыл-естері мен 
сезімдеріне күшті әсер ететін өмірлік тәжірибенің біл бөлшегі емес 
пе. 
Соңғы күйзелістерден өту – 
адамның рухын шексіз арттырады

оның жанының тазаруына жеткізеді және өмірден лайықты абырой-
мен өтуге мүмкіндік тудырады.


403
Екіншіден, бұл дүниеде тән мен қаннан жаралған адамнан артық 
құндылық жоқ. Ендеше, қоғамның оның өмірін қиятын қандай құқы 
бар?
Үшіншіден, бұл құбылысты заңдық тұрғыда қоғам өміріне енгізу – 
тым өткір моральдық-психологиялық зардаптарға соқтыруы мүмкін. 
Мысалы, сол зардаптар ретінде адамның дене мүшелерін кең сатуды 
немесе психологиялық қысым жасау арқылы адамдарды өз еркімен 
өмірмен қоштасу туралы шешім қабылдауға мәжбүрлеу сияқты 
әрекеттерді айтуға болады.
Бұл мәселені семинарларда талқылау, сұрақты жалпылама, дерексіз 
қою барысында студенттердің оны адамгершілікті іс санап, ол идея-
мен келісетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Бірақ сұрақ: «Сіздің анаңыз 
немесе басқа жақын адамыңыз ауыр науқас болса, аутаназияға келісер 
ме едіңіз?» – деп нақты қойылғанда, қашанда дерлік теріс жауап 
қайтарылады.
Енді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет