413
глОссаРиЙ
(түсініктемелер)
абстракция
– 1) заттардың және олардың арасындағы қаты-
настардың бірқатар қасиеттерінен ойша алшақтау; 2) дерексіз ұғым;
3) таным нысанын ойша бөлшектеудің нәтижесі; соған орай ғылымда
солардың арасында ойша сұлбалар мен байланыстар (түсініктер,
пікірлер және т.б.) құрылады.
аксиомалық әдіс
– мәні белгілі бір заттай сала туралы жүйелі
пікірлердің көп саны ішінен қисынды түрде басқа шынайы пікірлер
шығатын сондай тұжырымды (теоремалар және жеке-дара шынайы
пікірлер) бөліп алу болып табылатын ғылыми (әсіресе теориялық)
білімді ұйымдастыру тәсілі.
актуализм
– тарихи өзгеріп отыратын нысандарды ғылыми зерт-
теу әдісі барысында олардың шынайы ахуалы олардың өткенін түсіну
кілті болатын әдіс.
алыпсатарлық
– метафизика негізінде жатқан, өмір сүретін,
бар нәрсенің шекті негіздемелерін ұғынуға бағытталған арнайы
философиялық пән сияқты білімдер тұрпаты. Ойлау және рефлек-
сия көмегімен жүзеге асырылатын теориялық білім нысаны ретінде
алыпсатарлық білімдер саласы тікелей тәжірибе саласынан жоғары
тұрады. Жалпы мағынасында алыпсатарлық практикаға қарсы тұратын
теорияны, яғни таным мен түсіндіруден басқа нысаны жоқ ойды
білдіреді және тәжірибеге бағытталған іс-әрекеттер құралы сияқты
ойға қарсы жорамалданады. Алыпсатарлық ахуалға – рефлексиямен
бақылаушының сырттай белсенді бақылауына да, үдеріске – өз-өзін
рефлексиялық қабылдауға да жатқызылады.
анализ (талдау)
– зерттеу нысанасын бөлшектеуден тұратын
ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірі. Ол қашанда мазмұн
деңгейінде әлдебір тұтастық ретінде белгілі бір құрамдас бөлшектерге,
элементтерге, аспектілерге, қосымша жүйелерге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: