ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47

үйлесім  негізінде  өмір  сүреді.  Сондықтан,  ойшылдың  мәлімдеуінше, 

біз ықтимал әлемдердің ішіндегі ең жақсысында өмір сүріп жатырмыз. 

Осындай ой желісі оны Құдай шындығы – теодицейге (грекше teos – 

Құдай, dike – шындық) келтіреді.

Монадалардың ішкі дамуын көрнекі түрде көрсету үшін, Г.Лейбниц 

оларды  адамның  жанымен  салыстырады.  Сезіну,  қабылдау,  аңғару, 

ойлау,  сана-сезім  –  осылардың  барлығы  адамның  рухани  жетілуінің 

кезеңдері.  Монадалар  да  өздерінің  даму  кезеңдерінде  осындай  саты-

лардан өтеді.

Ең  төменгі  монадалар  тастарды,  тауларды,  шөп  және  басқаларын 

құрайды, олардың рухани жетілуі тым төмен, олар тіпті «түс көрмей 

ұйықтайтын» сияқты.



140

Жоғарырақ  тұрған  монадалардың  сезім-түйсіктері  бар,  олар 

аңғарымды.  Олардың  жетілген  санасы  жоқ,  ал  әрекеттері  белгілі  бір 

мақсатты көздемейді. Оларға жан-жануарлар жатады.

Адам жанының монадалары олардың даму кезеңінде үшінші саты-

ны құрайды. Олардың зердесі, санасы мен ой-түйсігі бар.

Төменгі  сатылардағы  монадалар  жоғарғы  сатыға  ұмтылады,  ал 

жоғарғылардың бойында төменгілер сақталған. Солай болған соң: «Ең 

жоғарғы  монадалар  қандай  болуы  мүмкін?  Олар  адам  монадалары-

нан қаншалықты қашық?» – деген сұрақ туады. Қазіргі заман тілімен 

біз: «Ғарышта адамдардан жоғары тұратын тіршілік иелері бар ма?» – 

деп  сұрар  едік.  Ғұламаның  ойынша,  бұл  сұраққа  жауап  беру  мүмкін 

емес,  өйткені  жоғарғы  монадалар  төмен  тұрған  монадаларға  мәлім 

емес.  Бірақ  ғарышта  адам  монадаларынан  жоғары  тұратын  монада-

лар  болуы  мүмкін  деген  жорамал  жасауға  неге  болмайды?  Олардың 

дамуы  мәңгілік  емес  пе?  Ал  егер  шексіздіктің  өзін  шектеп,  шар  деп 

қарастырсақ,  онда  біз  монадалардың  монадасы  болып  табылатын 

Құдай идеясына келіп тірелеміз.

Осы  аталып  өткен  идеялардың  негізінде  Г.Лейбниц  қоғамды 

біртіндеп жетілдіре беру идеясына келеді.

таным  туралы  ілім.  Г.Лейбниц  –  рационалист.  Бірақ  Декарттың 

«айқын  және  ақылға  қонымды  шындықтары»  оның  көңілінен 

шықпайды. Оның ойынша, бастапқы шындықтар қисынды «теңдестіру 

заңына» сәйкес келуге тиіс. Содан кейін ғана «қайшылықтар заңына» 

сүйене отырып, білімдерімізді тереңдете аламыз.

Әлбетте,  ғылымда  тәжірибелер  нәтижесінде  қол  жеткен,  бірақ 

ұмыт  қалған  білімдерді  де  пайдалануға  тыйым  жоқ.  Бірақ  кез  кел-

ген  тәжірибе  –  кездейсоқтықтың  туындысы.  Тәжірибе  шындықтары 

қашанда  жеткіліксіз.  Бірақ  оларды  «жеткілікті  негіздеме  заңына» 

сүйене  отырып  негіздеуге  болады  ғой.  Нәтижесінде,  табиғаттың 

әлдебір заңдарына келуіміз мүмкін. Дегенмен, ойшылдың әділетті ойы 

бойынша, тәжірибе шындығының ықтималдық сипаты басым.

Адам  жанының  қабілеттері  сезіну  (перцепция)  арқылы  заттарды 

қабылдауға келтіреді. Алайда рух біздің ішкі танымдық қабілеттерімізге 

талдау жасауға көмектеседі, бұл, нәтижесінде, сана-сезімге (аперцеп-

ция)  жеткізеді.  Сана-сезім  арқылы  болмыс,  түпнегіз,  қарапайым  мен 

күрделі,  тәнсіздік,  ал,  ақыр  соңында,  Құдай  туралы  ойлау  қабілетіне 

келіп  жетеміз.  Бұл  идеяның  барлық  кейінгі  философиялардың  даму-

ына  үлкен  ықпалы  болғаны  дау  тудырмайды.  Сол  себепті,  сөз  жоқ, 

Г.Лейбниц  XVII  және  XVIII  ғасырлардың  континенттік  рационализмі 



141

арасындағы  ұлы  өтпелі  тұлға  болды.  Оның  идеялары  Кант  танымы 

теориясының қалыптасуына зор ықпал етті.

4.6. Джон локктың гносеологиялық және 

онтологиялық көзқарастары

Джон  локк  (1632-1704)  –  XVII  ғасырда  өмір  сүрген  ағылшын  ой-

шылы,  кейіннен  оған  «барлық  революциялардың  ішіндегі  ең  бір 

орнықты  және  ең  бір  сәтті  –  1688  жылғы  революцияның  кемеңгері» 

деген ат тағылды. Ал сол революцияның нәтижесінде Ұлыбританияда 

күні бүгінге дейін билік ұстап отырған парламенттік монархия жеңіске 

жеткен. Локк мүдделерінің аясында төрт тақырып болған:

•  Ойшылдың  негізгі  философиялық  туындысы  «Адамның  ақыл-

парасаты туралы тәжірибеде» зерттеу тақырыбы болған гносеология.

• «Мемлекеттік басқару жөніндегі екі трактат» атты шығармасына 

және  кейбір  басқа  туындыларына  арқау  болған  этикалық-саяси 

мәселелер.

•  Ойшыл,  негізінде,  өмірінің  соңғы  жылдарында  басты  назар 

аударған  дін  саласы  («Христиандықтың  ақылға  қонымдылығы», 

«Төзімсіздік туралы хаттар» және басқалары).

• Педагогика («Тәрбие жайындағы ойлар»).

Дж.Локк  алғашқы  болып  эмпиризм  (біз  білетіндей,  эмпиризм 

Ф.Бэкон  философиясының  құрамдас  бөлігі  болған,  бірақ  ол  ғылыми 

тәжірибе  тақырыбымен  ғана  шектелген-ді)  негізін  құрды.  Ол 

эмпиризмнің  негізін  құрайтын  танымның  сенсуалистік  теориясын 

әзірлеп шықты.

Өзінің  болмысқа  қатысты  пікірлерінде  Дж.Локк  бізге  тәжірибелік 

білімде  берілген  эмпириялық  түпнегізді  және  табиғаттың  барлық 

денелері құрайтын философиялық түпнегізді ажыратып көрсетеді.

Ойшылдың  пікірі  бойынша,  материя  –  ол  тіпті  қозғалуға  да 

қабілетсіз, орасан үлкен өлі кесек. Ал олай болса, қозғалыс пен өмірді 

кім тудырды? Әрине, Құдай, оның бар екеніне ешқандай күмән тумаса 

керек.  Егер  айналаға  мұқият  зер  салсаңыз,  Оның  биік  даналығы  мен 

құдіретін  сезетініңіз  соншалықты,  оны  дәлелдеп  жатудың  еш  қажеті 

жоқ.  Алайда  Құдай  туралы:  «Ол  дене  ме,  әлде  таза  рух  па?»  –  деген 

сұраққа жауап беру мүмкін емес.

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  Дж.Локк  таным  туралы  ілімінде 

дәйекті  сенсуалист  (лат.  sens  –  сезім),  яғни  тәжірибеге  негізделген, 

сезімдік  танымның  жақтаушысы  болды,  өйткені  «бұрын  сезімдерде 

болмаған нәрсе парасатта да жоқ». Оның ойынша, кез келген идеяның, 



142

кез  келген  білімнің  негізінде  адам  қолымен  жасалатын  тәжірибе  жа-

тыр. Тәжірибелер саналы және санадан тыс өтуі және адамның жанын-

да жинақталып жатуы мүмкін. Сондықтан да ол «туа біткен идеялар» 

деп аталатындар туралы теорияны сынға алған. Мысалы, «Бүтін өзінің 

бөлшектерінен үлкен» деген ереже адамдардың өмірлік тәжірибесінен 

шыққан.  Егер  «теңдестіру»  және  «қайшылықтар»  заңдарын  алатын 

болсақ,  балаларымыз  тіпті  олардың  бар  екенін  де  білмейді.  Сөйтіп, 

егер  адамның  жанында  ешқандай  да  туа  біткен  идеялар  жоқ  болса, 

онда ол – таза тақта (лат. – tabula rasa). Адам өзінің өмірлік тәжірибесі 

барысында оны тәжірибе нәтижесінде жинақталған білімдерімен тол-

тырады.  Бұл  адамның  сыртқы  тәжірибесі  (ағылшынша  –  sensation  – 

сезім).  Ал  сонда  «адам  жанының  толқындары»  деп  аталатындарды, 

оның  қиялдарын,  идеяларын  қайда  жібереміз?  Ойшыл  оларды  жоққа 

шығармайды  және  ішкі  тәжірибе  (ағылшынша  –  reflection  –  бейнелеп 

көрсету) деп санайды.

Дж.Локк заттардың алғашқы және екінші реттік қасиеттерін ажыра-

тып көрсетеді. Алғашқылар – заттардың өздеріне жататын және олар-

дан  ажырамайтындар.  Мысалы,  салмақ,  пішін,  өткіштік,  қаттылық 

және т.б. Екінші реттік қасиеттер – олар өне бойы өзгеріп тұратын ды-

быстар, түстер, иістер. Біз оларды өзіміздің сезім-түйсіктеріміз арқылы 

табамыз: қызыл, жасыл түстерді көреміз, қатты, ақырын шыққан ды-

быстарды естиміз. Бірақ олардың негізі, шамасы, заттардың бастапқы 

қасиеттерінің әртүрлі қосылыстарында жатса керек.

Келесі  –  бұл  жалпының  мәселесі.  Әлемде  нақты,  дара  заттар  бар. 

Жалпы  –  ол  заттардың  ортақ  қасиеттерін  дерексіздендіру,  жалпылау 

нәтижесінде пайда болып, халық тілінің сөздерінде бекиді.

«Тілдің жалпыазаматтық және философиялық жақтары бар. Адам-

дар тілдің көмегімен бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарға түсіп жата-

ды, әлдебір жаңалықтарды бір-бірлеріне жеткізеді, сезімдерін білдіреді. 

Бұл – тілдің азаматтық қызметі.

Ал  егер  тілдің  философиялық  маңызы  туралы  айтар  болсақ,  онда 

бұл жерде әрбір ұғымның көлемі мен мазмұны нақты айқындалуға 

тиіс.  Олай  болмаса,  бір-бірімізді  түсінбеуден,  дау-дамайлардан 

құтыла  алмаймыз.  Әсіресе  ғылымға  мазмұны  мен  ауқымы  түсініксіз 

ұғымдарды  енгізетін  және  істің  мәнін  күңгірттендіріп  жіберетін 

жалған ғалымдар үлкен зиян келтіреді. Біздің ойымызша, Дж.Локктың 

соңғы пікірі «бұрғылаушылық» («буровщина» терминінің түсініктемесі 

кітап соңында берілді. – Аудармашы) басым түсіп жататын қазіргі за-

ман ғылымы үшін де өзекті сияқты.



143

Әлеуметтік-саяси  идеялар:  адам  –  бақытқа  ұмтылатын  тіршілік 

иесі.  Ол  үшін,  бәрінен  бұрын,  адамның  материалдық  мүдделері  іске 

асуы керек. Т.Гоббсқа ұқсап, Дж.Локк та адамзаттың табиғаттық және 

азаматтық  тарихы  туралы  айтады.  Бірақ  оның  айырмашылығы  мы-

нада:  ол  адамдардың  өміріндегі  бастапқы  кезеңді  толық  еркіндікпен, 

бір-біріне  тәуелсіз  болумен  және  тіршілік  етуге  қажетті  тудырғыш 

еңбекпен байланыстырады.

Дж.Локк  меншіктің  пайда  болуының  еңбек  теориясын  құрады. 

Өңделген жердің бір акр аумағы өңделмеген бір акр жерден анағұрлым 

қымбат тұрады, өйткені біріншіге адам еңбегі сіңді.

Мемлекет адамдардың келісуі нәтижесінде пайда болады. Сонымен 

бірге адамдардың меншігі мен бостандығы сақталатын азаматтық аху-

ал да пайда болады. Мемлекет түнгі күзетшіге ұқсауға тиіс: азаматтар 

ұйықтап  жатқанда,  ол  солардың  меншігі  мен  тыныштығын  күзетеді, 

ал  оянғанда,  олар  өз  қалаулары  бойынша  әрекет  етеді.  Сөйтіп,  Локк 



либералдық мемлекеттік құрылысты құп көреді.

Дж.Локк  шіркеудің  мемлекеттен  бөлінгенін  және  олардың  бір-

бірлерінің  істеріне  араласпағанын  жақтайды.  Адамдар  басқалардың 

діни сенімдерін құрметтеуге тиіс. Кез келген қоғам рухани-діни өмірсіз 

қалыпты тіршілік ете алмайды.

Дж.Локк  сондай-ақ  жаратылыс  құқығы  ұстанымдарын  («Үкімет 

туралы  трактат»)  әзірледі,  табиғи-құқықтық  мақсат-мұрат  ұсынды: 

«табиғи  күй  еркіндік  күйі  болып  табылады,  ол  өз  білгенімен  әрекет 

ететін күй емес, бұл күйде адам өзіне немесе өзінің мүлкіне билік ету 

үшін,  бақылауға  көнбейтін  еркіндік  алғанмен,  онда  бәрібір  өзін  не-

месе  өз  билігіндегі  кез  келген  басқа  бір  тіршілік  иесін  өлтіретіндей 

бостандық жоқ... Табиғи күйде оны басқаратын, әркімді байланысты-

ратын табиғи заң бар және барша адамзатты үйрететін сондай заң бо-

лып  табылатын  ақыл-парасат  бар:  ...  ешкімнің  де  басқаның  өміріне, 

денсаулығына,  бостандығына  немесе  мүлкіне  зиян  келтіруге  құқы 

жоқ, өйткені біздің барлығымыз – Құдайдың меншігіміз».

Осы  және  басқа  идеялары  Локкты  буржуазиялық  революциялар 

дәуірі беделділерінің бірі етті.



4.7. и.ньютон мен оның планетарлық теорияға сіңірген еңбегі 

және жаңаеуропалық ғылымның құрылуы

Философия  ғылымының  классикалық  (айқын)  кезеңінің  жарқын 

тұлғаларының бірі – ағылшын ғалымы, көрнекті табиғат зерттеушісі, 


144

жаңаеуропалық  ғылым  негізін  қалаушылардың  бірі  исаак  ньютон 

(1642-1726) болды.

27  жасында  ол  өзінің  ұстазы  Исаак  Барроудан  физика-матема-

тика  кафедрасы  бойынша  профессорлықты  қабылдайды.  Бірақ  ең 

таңғаларлығы: Кембридж университетін бітірмей тұрып-ақ, яғни 24 жа-

сында Исаак қозғалысты сипаттайтын аппарат құрып, корпускулярлық 

оптиканың  негізгі  идеяларын  қалыптастырады,  айналып  қозғалу 

кезінде  пайда  болатын  ортадан  тебілетін  және  ортаға  ұмтылатын 

күштерге байланысты негізгі міндеттерді шешеді.

Физика,  механика,  астрономия  саласындағы  негізгі:  «Табиғи 

философияның  математикалық  бастаулары»,  «Жарық  пен  түстің 

жаңа  теориясы»,  «Денелердің  қозғалысы»  деп  аталатын  және  басқа 

еңбектерінде  Ньютон  әлемнің  механистік  бейнесінің  негіздерін  сал-

ды.  Физикалық  үдерістердің  парапар,  үйлесімді  математикалық  тілі 

ретіндегі дифференциалдық және интегралдық есептеу де оның еңбегі 

болып табылады.

Қозғалыстағы  ұзына  бойы  созылған  материяның  математикалық-

физикалық  теориясын  көрсете  отырып,  ол  нақты  жаратылыстанудың 

қорытындыларын шығарды. Екі дене өзара бір-бірін олардың жиыны-

на тура пропорционал және олардың арасындағы арақашықтыққа кері 

пропорционал  күшпен  тартады  деген  механиканың  ньютондық  үш 

заңы және әлемдік тартылыс заңы И.Кеплердің планеталар қозғалысы 

заңдарын,  сондай-ақ  Г.Галилейдің,  Р.Декарттың,  Х.Гюйгенстің  және 

басқаларының  жетістіктерін  біртұтас  бейнеге  байланыстырды. 

Нәтижесінде,  ол  планетарлық  теориядағы  басқаларын:  планеталар 

мен олардың серіктерінің қозғалысы, кометалардың айналып жүретін 

жолдары  (орбиталары),  судың  келуі  мен  қайтуы  туралы  ережелерді 

шығарды.

И.Ньютонның  ғалымдардың  болашақ  ұрпақтарына  қалдырған 

жетістіктері  –  алысқа  әсер  ететін  қасиеті  бар  тартылыстың  жұмбақ 

күшін  зерттеудің  аса  күрделі  міндеті  жаратылыстану  ғылымының 

кейіннен  дамып  өркендеуіне  орасан  зор  ықпал  етті.  Өйткені,  шын 

мәнінде,  алғаш  рет  әлем  сәулетінің  жан-жақты  математикалық 

тұжырымдамасы  ұсынылды  ғой.  Әлемнің  тұтастығы  теориясын  көп 

ғасырлар  бойы  іздеу  және  зерттеу  –  нақты,  санмен  көрсетілетін  тер-

миндерде жасалған ілімнің құрылуымен аяқталды.

Ньютон  –  көрнекті  сынақ  жүргізуші,  яғни  тәжірибе  жасаушы. 

Декарттың  физикасын  сынап-міней  отырып,  ол  «Жорамалдар  ойлап 

таппаймын»  (hypotheze  non  jingo)  деген  ұранды  алға  тартты.  Соған 



145

орай ол Декарттың «құйындар теориясын» қатаң сынға алады. Табиғи-

философиялық болжамдар мен ойдан шығарылған өтіріктердің орны-

на, ғылымда индукция әдісі арқылы жасалатын тәжірибелер негізінде 

анықталатын  нақты  ұстанымдарға  сүйену  қажет.  Сол  уақытта  олар 

математика тілі негізінде сипатталуға тиіс. Ары қарай дедукция әдісі 

арқылы  оларды  қайшы  келмейтін  ғылыми  теорияда  кеңейтуге  бола-

ды. Міне, сондықтан да ол өзінің ғылыми бағдарламасын «тәжірибелік 

философия»  деп  атады.  Бұл  соңғының  төмендегідей  философиялық 

негіздемелері бар: материя дегеніміз – ештеңе де жоқ бос кеңістіктен 

бөлек нәрсе. Материалдық денелер осы мүлдем бос және өзгермейтін 

кеңістікте  қозғалады.  Материалдық  нысандар  қозғалысының  себебі  – 

денеге түсетін күш.

Табиғаттың  қарапайымдылығы  мен  біртектілігі  жайындағы, 

материяның  маңызды  физикалық  қасиеттерінің  болуы  туралы  те-

зистер,  сондай-ақ  классикалық  механиканың  негіздемесіне  енген 

шексіз уақыт пен кеңістікке қатысты көзқарастар кейінгі ғылым үшін 

маңызды бағдар болып шықты.

Математикалық  талдау:  дифференциалдық  және  интегралдық 

есептеу  аппаратын  құру  да  –  Ньютонның  (Лейбницпен  қатар)  еңбегі. 

Осының барлығы да кейіннен құрылымдық заңдарға жол ашты, ал ол, 

өз кезегінде, жаратылыстануды мүлдем жаңа көкжиектерге алып келді.

Ньютон  механикасы  ғылыми  білімнің  үлгісіне  айналды.  Ал 

Ньютонның  өзі:  «Механика  бастауларынан  табиғаттың  басқа  да 

құбылыстарын  шығаруға  болушы  еді»,  –  деп  санайтын.  Алайда 

бұл  мүмкін  емес.  Сол  себепті  Ньютон  әлемді  метафизикалық  тану 

шеңберінен  аса  алмады.  Бұрындары  жорамалданғандай,  Ньютон  бо-

йынша,  материя  инертті  түпнегіз  болып  шықты  және  бұл  дүниеде 

барлығы да «өз шеңберіне қайтып оралады», бұл жерде даму жоқ. Нью-

тон да, Демокрит сияқты, кеңістікті әлдебір сыйымдық деп, ал уақытты 

дүниеде бірқалыпты өтір жататын таза ұзақтық деп қарайды, олардың 

материяға  қатысы  жоқ.  Оның  ғарыштық  денелер  бір-біріне  шапшаң 

әсер етеді дейтін алыс әрекет ұстанымымен бәрі бірдей келіскен жоқ, 

әрине.


Жоғарыда  көрсетілген  дәлелдерге  сүйеніп,  ол  аспан  денелерінің 

қозғалысын  инерция  мен  тартылыс  заңдарымен  түсіндіреді:  инер-

ция  мен  тартылыс  болған  соң,  денелер  өздері  тартылатын  орталық 

денені  эллиптикалық  орбиталар  бойынша  айналады.  Бүкіләлемдік 

тартылыс  заңы  өзара  әрекеттесетін  денелер  жиынына  тура  пропор-

ционал және олардың арасындағы арақашықтыққа кері пропорционал 



146

болатын  осы  тартылыстың  шамасын  көрсетеді.  Әлем  жүйесі  өзінің 

өзгермейтін  қозғалысын  неге  сақтайды  деген  сұраққа  жауап  беру 

үшін,  ол  дүниені  бастапқы  қозғалысқа  келтірген  Құдайға  сілтеме 

жасауға мәжбүр болды.

Белгілі болғандай, табиғат құпияларын танып білудегі қиындықтар 

көптеген  ғалымдарға  осы  әлемді  жаратқан  әлдебір  Құдіретті  күштің 

бар  екенін  мойындатты.  Ньютон  да  ол  қатардан  шығып  қалған  жоқ, 

өйткені  ол  да  «өз  заманының  ұрпағы»  емес  пе.  Алайда  оның  жара-

тылыстану  ғылымы  үшін  жасағанының  өзі-ақ  оның  атын  адамзат 

тарихындағы ғұлама ғалым деп қалдыруға әбден жетіп жатыр.

Исаак  Ньютонның  нақ  осы  ақыл-парасаты  арқылы  қол  жеткен 

жетістіктермен-ақ  XVI-XVII  ғасырлардың  ғылыми  революциясы 

түбегейлі жеңіске жетті.



4.8. б.паскальдің ғылыми жетістіктері және 

философиялық ұстанымдары

блез паскаль (1623-1662) – XVII ғасырдағы ұлы француз ғалымы, 

діни  философ,  жазушы-моралист  және  полемист,  өзіндік  «жүрек  фи-

лософиясын»  және  философиялық  антропологияны  құрушы.  Ол  – 

еуропалық  философияда  өз  орнын  иеленген  адам  («философиясыз 

философ»).  Өз  заманының  вундеркинді  және  ғылымның  данышпаны 

болған  ол  туғанына  он  жыл  толмай  жатып-ақ  ыдыс-аяқ  сылдырын 

естіген кезде соған таңданып, «Дыбыстар туралы трактат» жазған. 13 

жасында Париж академиясына мүше болды. 17 жасында механикалық 

есептеу  машинасын  құрастыруды  бастап,  бес  жылдан  кейін  оны 

жұмыс  күйіне  келтірді.  Бұл  қазіргі  заманғы  компьютерлерге  тікелей 

жол ашқан арифмометр еді.

Содан кейін ол әртүрлі тәжірибелер жасай жүріп, вакуум табиғатын 

зерттеумен айналысты. Барометр бойынша әлдебір биіктіктің биіктігін 

қалай анықтауға болатынын көрсетті. Паскаль сұйықтардың қысымы 

заңын  ашып,  соның  артынан  гидравликалық  пресс  ойлап  тапты. 

Атмосфералық ауаның жалпы салмағын мейлінше дәл есептеп шығару 

да – соның еңбегі.

Паскаль  ашқан  математикалық  жаңалықтар  (солардың  ішінде 

ықтималдық  теориясын  да  ашты)  оған  үлкен  даңқ  әкелді.  Табиғат 

вакуумға  төзе  алмайды  дейтін  схоластардың  тезисін  теріске  шығару 

үшін  және  вакуумды  қалай  жасау  керектігін  көрсетіп,  бірқатар 

тәжірибелер  жасады.  Қарқынды  ғылыми  шығармашылық,  тәжірибеге 



147

негізделген  практика  оның  «нақтылыққа  талғамын»  оятты. 

«Тәжірибелер – физиканың жалғыз негіздемесі» деп санай отырып, ол 

тәжірибені жоғары бағалады, ал «абстрактілік метафизиканы» мүлдем 

қабылдамады. Сонымен бірге 1655 жылдың қаңтарында ол Пор-Рояль 

монастырына  кетті,  рас,  монахтарша  шашын  алдырмады.  Мүмкін,  ол 

оңаша болуды қалаған шығар. Монастырьда өмір сүрген кезінде оның: 

«геометриялық  ақыл-ой  және  сендіре  білу  өнері  туралы»  (1658), 

«Дін және кейбір басқа нәрселер туралы ойлар» (1670), «алғашқы 

христиандарды  қазіргілермен  салыстыру»  (1657)  атты  негізгі 

философиялық және діни шығармалары дүниеге келді. Б.Паскальдың 

өзге  де  танымал  болған  еңбектері:  «бос  кеңістікке  қатысты  жаңа 

тәжірибелер»,  «сұйықтықтардың  тепе-теңдігі  туралы»,  «ауа 

жиынының ауырлығы туралы» деп аталады.

Паскаль  тәжірибелік  білімдер  және  «жаңа  ғылым»  үшін  күресті, 

сол  себепті  Декарт  өзінің  рационализмімен,  сциентизмі  және  ұзын 

сонар  метафизикасымен  қоса,  оның  «мәңгі  идеялық  жауы»  бол-

ды.  Солай  бола  тұрса  да,  ол  Декарттың:  «ойдың  ұлы  қағидасын», 

«гносеологиялық  оптимизмін»  және  «аксиомалық-дедукциялық  әдіс-

темесін» жоғары бағалады.

Паскальдың  басты  философиялық  еңбегі  –  ол  «Дін  және  кейбір 



басқа нәрселер туралы ойлар» (кезінде Вольтер оны қысқартып, жай 

ғана «Ойлар» деп атаған) атты шығармасы. Онда Паскаль іс жүзінде 

«мәңгілік  философияның»,  сондай-ақ  Жаңа  дәуір  философиясының 

барлық  мәселелерін  қамтыған.  «Мәңгілік  философия»  (philosophia 

perrenis)  деген  сөз  тіркесін  алғаш  рет  Лейбниц  енгізген.  О.Хаксли 

мәңгілік  философия  мәселесіне  «заттар  және  ақыл-санасы  бар  тірі 

тіршілік  иелері  әлеміндегі  Құдайдан  келетін  нақтылықтың  өмір 

сүретінін  мойындайтын  метафизиканы;  адам  жанында  болатын, 

Құдайдан келетін нақтылыққа ұқсас, тіпті соған парапар психлогияны; 

адамның басты мақсаты барша болмыстың имманентті (жаратылысы-

на тән) және трансценденталдық негізін тану деп жорамалдайтын эти-

каны...»  енгізеді  (Хаксли  Олдос.  Вечная  философия.  М.:  «Рефл-бук», 

Ваклер, 1997. – 7-бет).

Философия саласында Паскальды шексіздік мәселесі толғандырады, 

әрі  тартады.  Бұл  –  шексіз  табиғат,  шексіз  Құдай,  адамның  әлемді  та-

нып  білуінің  шексіз  үдерісі,  адамның  шексіз  қалау-тілектері  мен 

қажеттіліктері,  шексіз  сүйіспеншілік  және  т.с.с.  Ой-толғаныстары 

оны,  ақырында,  адамның  қашанда  шектеулі  ақылы  үшін  ойлау, 

пікірлесу  жолымен  шексіздікті  танып  білудің  мүмкін  еместігі  тура-


148

лы қорытындыға келтіреді. «Біз шексіздіктің бар екенін білеміз, бірақ 

оның табиғаты бізге белгісіз, біздің білетініміздей, сандар шектеулі деп 

сендіру  –  жалған.  Демек,  сандардың  шексіз  екендігі  дұрыс,  бірақ  біз 

оның  не  екенін  білмейміз...  Осылайша  Құдайдың  Кім  екенін  білмей-

ақ, Оның бар екенін білуге болады». Ары қарай «шексізбен салысты-

ру  барысында  шекті  жойылады  да,  дара  болмыссыздыққа  айналады». 

Шексіз  ғарышқа  қатынасы  бойынша,  әрбір  дене,  соншалықты  үлкен 

болса да, ол – жоғалатын кішкентай бөлшек. Сонымен қатар кез келген 

соншалықты  кішкентай  денеде  де  өзінің  аспандары  мен  планеталары 

бар сансыз әлемдер болуы мүмкін.

Паскаль  адам  ақылының  шектеулілігін  көре  білді.  Ол  алғаш-

қылардың  бірі  болып,  танымға  жүректің  сезімдік  түйсігін  енгізуді 

қажет  деп  санады.  «Біз  шындықты  ақылмен  ғана  емес,  жүрекпен  де 

танып  білеміз...  Бастапқы  түсініктер  сезіммен  танылады,  теоремалар 

ой тұжырымдарымен дәлелденеді». Паскальдың бұл идеялары қайғы-

қасіретке  толы  өмірінде  мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ  халқы  үшін 

өзгеше  маңызды  және  жанына  жақын!  Ұлы  Абай  салқынқанды  пара-

сат  туралы  емес,  жарық  сәулелі  ақыл,  яғни  жүрек  жылытатын  ақыл 

туралы  шаршамастан  айтпады  ма!  Шәкәрім  үш  шындықты  бөліп 

көрсетеді. Бұл – философия тарихындағы ақыл мен сенімнің дәстүрлі 

шындықтары. Олардың қатарына ол ар-ождан шындығын қосады және 

олар  біріккенде  негіз  құрайды  деп  санайды.  Шәкәрімнің  осы  идеяла-

рына  ерекше  назар  аударған  жөн  болмақ.  Батыс  ол  шындықтарға  екі 

дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  Хиросима  мен  Нагасакиді,  Бухенвальд 

пен  Освенцим  қасіреттерін  бастан  кешкен  соң  келді.  Шәкәрім  өмір 

сүрген уақытта ядролық зерттеулер жаңа басталған-ды және оған бола 

адамзат ерекше беймазалық сезіне қоймаған. Сол себепті Шәкәрімнің 

кездейсоқ  пайда  болған  идеяларын  қазақтың  рухани  өмірінің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет