ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47

демек, қабылдану» деген формуласы осыдан шықса керек.

Бұндай көзқарас оны солипсизмге ( лат. – solus – жалғыз), яғни мен 

жалғыз өзім тіршілік етемін, ал барлық қалғандары менің қиялымнан 

туған  деген  пікірге  келтіреді.  Философияда  бұл  субъективтік 

идеализмнің  шектен  шыққан  түрі  деп  бағаланады.  Беркли  Құдайдың 


158

платондық  жоғарғы  идея  немесе  рух  деп  түсіндірілетін  зияткерлік 

жасампаздығын алға шығарады.

Дж.Беркли  дүниенің  объективтік  тіршілігін  көпшілік  адамдардың 

көзқарастарымен  байланыстырады.  Егер  олар  бір-біріне  сәйкес  кел-

се,  онда  –  зат  объективті  түрде  бар  болып  шығады.  Көп  адамдардың 

бір  немесе  басқа  зат  туралы  пікірлерінің  сәйкес  келуі  –  Жаратушы 

ықпалының нәтижесі.

Сөйтіп,  Берклидің  шығармашылығын  жаратылыстанудың  даму-

ына тікелей байланысты материалистік философияның орын алуына 

деген  қарсы  әрекеті  деп  бағалауға  болады,  сонымен  қатар  ол  эмпи- 

риокритицизм,  прагматизм,  неопозитивизм  бастауларының  бірі  бо-

лып табылады.

Шотландық философ, публицист, тарихшы, еуропалық позитивизм 

мен  феноменология  бастамашыларының  бірі,  сыни  скептицизмнің 

жарқын  өкілі  Давид  Юм  (1711-1776)  өзінің  «Адам  табиғаты  туралы 

трактат» атты басты шығармасында адам табиғаты тым аз зерттелген 

деп санағандықтан, оның тұтастық жүйесін құруға әрекеттенді.

Бұл  жүйенің  негізгі  мазмұны,  ойшылдың  пікірінше,  адамның 

ойлау  қабілетінің  ұстанымдары  мен  әрекеттерін,  сондай-ақ  оның 

идеяларының  табиғатын  түсіндіретін  логикадан;  адамның  ішкі 

сезімдеріне  қатысты  этикадан;  талғам  (критицизм  –  эстетика)  және 

адамдарды қоғамға біріккен және бір-біріне тәуелді деп қарайтын сая-

сат туралы ілімнен құралады.

Әлемді адамның танып білуінің мүмкіндіктері қаншалықты болса, 

міне, философияның негізгі мәселесі де осындай. Д.Юмның пікірінше, 

адам  танымының  негізінде  сезімдік  қабылдау  жатыр.  Демек,  Д.Юм  – 

сенсуалист.  Алайда  ол  сезімдік  танымнан  метафизикалық  танымға, 

яғни  жалпылама  түсініктерге  келу  мүмкін  емес  деген  қорытынды 

жасайды.  Егер  Дж.Беркли  «материя»  түсінігін  сынға  алса,  Д.Юм 

Құдай  идеясының  да  дәлелденбейтінін,  өйткені  бұл  жерде  біз  тек 

өзіміздің  сезімдерімізді  және  оның  әртүрлі  әрекеттерін  білетінімізді 

айтады.  Олай  болса,  философия  да  біздің  сезім-түйсіктеріміздің 

әртүрлі  әрекеттері  негізінде  идеялардың  пайда  болуына  келтіретін 

алғышарттарды зерттеуге тиіс.

«Юм  гильотині»  деген  атқа  ие  болған  қағида  соның  атымен  бай-

ланыстырылады.  Бұл  термин  арқылы  факт  пікірі  мен  борыш  пікірін 

(дескриптивтік  және  прескриптивтік  пікірлер)  олардың  қисынды 

мәртебесі  бойынша  күрт  шектейтін  әдістемелік  тәсіл  көрсетіледі: 

алғашқылар  референттік,  яғни  шынайы  маңызы  бар  пікірлер  деп 


159

қарастырылса,  екіншілері  шынайылықтан  тыс  деп  түсіндіріледі.  Де-

мек,  барлық  шарттары  дескриптивтік  (сипатталатын),  ал  нәтижесі 

прескриптивтік, мүмкін емес, яғни моральдық императивтері (норма-

лары) бар нәрсе туралы білімдерден шықпайтын, қисынды, дұрыс па-

йымдау жасау керек екен. Бұл идеяларды алғаш рет Юм тудырған, сол 

себепті философияға «Юм қағидасы» деген атпен енген.

5.3. Француз ағартушылары

Францияда  XVIII  ғасырда  философия  әлеуетті  қоғамдық-мәдени 

қозғалысқа  айналған  Ағартудан  дамуға  нақты  серпін  ала  отырып, 

Ағартудың жүрегі, өзегі ретінде әрекет етті.

Барлық  француз  ағартушыларын  біріктіретін  негізгі  идея  –  ол 

адамзатты  толғандыратын  мәселелердің  барлығы  философиялық 



ақыл-парасат  тезінен  өтуге  және  содан  негіз  табуға  тиіс.  Еркін  ой-

лау  бұрын-соңды  болмаған  биік  деңгейге  көтерілді:  табиғатты  тану 

да, бұрын қалыптасқан түсініктер де теріске шығарылды, енді өмірге 

жаңаша көзқарас, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады.

Ағартушылар әлеуметтік өзгерістердің бағдарламасын құруға және 

Адамның  жаңа  мақсат-мұратын  қалыптастыруға  тырысты.  Осындай 

дүниетанымды  құру  жөніндегі  түпқазық  –  1751-1780  жылдары  Дидро 

шығарған  (алғашқы  жылдары  д’Аламбермен  бірге)  Энциклопедия 

болды.  Сол  себепті  француз  ағартушылары  энциклопедистер  деп  те 

аталады. Энциклопедия төңірегіне жиналып, олар Ф.Бэкон сызып бер-

ген: әлеуметтік прогресті ғылыми прогреспен байланыстыратын «ұлы 

ғылымдардың қалпына келтірілуі» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 

Француз ағартушыларының еңбектерінде Табиғаттың және ондағы 

адамның алатын орнының жаңа материалистік ұғымы қалыптаса бас-

тады.  Өздерінің  әлеуметтік-саяси  идеяларымен  олар  әсіресе  қоғамға 

үлкен  ықпал  етті.  Қызба  ұлт  өкілдері  болғандықтан,  олар  орнықты 

ағылшындардан  асып  түсіп,  күн  тәртібіне  қоғамның  пісіп-жетілген 

саяси-құқықтық мәселелерін шешу қажеттігі туралы сұрақты ашық қоя 

отырып, қалыптасқан феодалдық тәртіптерге даусыз қарсы шықты.

Ағартушылық  қозғалыстың  негізін  Ф.Вольтер  мен  Ш.монтескьё 

қалады. Өздерінің озық идеялары арқылы олар ағартушылардың келесі 

ұрпағының (Д.Дидро,  п.гольбах, ж.ж.Руссо, д’аламбер, ж. де ла-



метри  және  басқалары)  философиялық  идеяларының  қалыптасуына 

септігін тигізді.



160

Француз  Академиясының  мүшесі,  философ,  тарихшы,  заңгер,  жа-

зушы  Шарль  луи  де  монтескьё  (барон  де  секонда)  (1689-1775) 

өзінің  сатиралық  ерте  еңбектерінің  бірі  –  «Парсы  хаттары»  деп  ата-

латын  шығармасында-ақ  француздың  дара  монархиясын  азиаттық 

озбырлыққа теңеп, клерикализмге қарсы шықты, дін қайраткерлерінің 

екіжүзділігін әшкереледі. Ол жазғандай, христиан діні «сүйіспеншілік 

діні»  болуға  тырысқанмен,  өз  тарихында  көптеген  соғыстар  мен 

қантөгістерге  жеткізді.  Христиандықта  адам  ақылының  шектеріне 

сыймайтын  қағидалар  соншалықты  көп:  «олар  үшін  үш  бірге  тең» 

(Құдай үштігі туралы айтылып отыр), нан – нан емес, шарап – шарап 

емес  (причастие  деп  аталатын  салт-ғұрыпқа  байланысты  сөз  болып 

отыр. – Аудармашы) және т.с.с.

Алайда  ол  Құдай  идеясынан  үзілді-кесілді  бас  тартпайды.  Ол  де-

ист болды, яғни Құдайдың Табиғатты жаратқанын, ал ары қарай оның 

Құдайдың  қатысуынсыз,  өз  бетінше  дамитынын  мойындайды.  Ой-

шыл христиандықты гуманистік өмір бағытына бұруға әрекеттенді. 

Оның ойларының желісі төмендегідей: егер Құдай адамдарға олардың 

ізгілікті  болуы  үшін  ашылса,  онда  адамдардың  осы  өмірде  бақытты 

болуға  ұмтылуы  күнәға  жатпайды.  Егер  Құдай  адамды  жақсы  көрсе, 

онда  адамдар  да  бір-бірлерін  жақсы  көруге,  бақытқа  жету  жолында 

қолдау көрсетуге тиіс.

  Өз  заманының  күрделі  де  өзекті  әлеуметтік-саяси  мәселелерін 

терең түсіну мақсатында ол назарын тарихтың терең қойнауына ауда-

рады  және  ертедегі  римдіктердің  тарихы  туралы  еңбек  жазады,  одан 

біз ойшылдың тарих философиясы жөніндегі ұстанымын көреміз. Ол 

христиандық  провиденциализмді  (тарихтың  ақыры  және  қиямет  күні 

туралы  ілімді),  сонымен  бірге  «тарих  –  қайсыбір  замандарда  орын 

алған кездейсоқ фактілердің жиынтығы» дейтін көзқарасты да теріске 

шығарады. Оның пікірі бойынша, «кез келген мемлекеттің шарықтауы 

мен құлауының немесе әлсіреуінің рухани және табиғи себептері бар».

Ертедегі  Римнің  көтерілуі  мен  күшеюі  тарихына  талдау  жасай 

келе, олардың себебін ол адамдар қоғамдық мүдделерді өздерінің жеке 

мүдделерінен жоғары қойған және барлық күштерін соларды қорғауға 

сарп  еткен  азаматтық  құндылықтардан  көреді.  Егер  республикалық 

басқару  билігі  болмағанда,  осындай  патриоттық  азаматтық 

құндылықтар да болмас еді. Осыған сәйкес, Римнің құлау себебін ол 

республикалық биліктен императорлық билікке көшуден көреді.

Ойшылдың  әлеуметтік-философиялық  идеяларын  оның  «заңдар 

рухы  туралы»  (1748)  деп  аталатын  іргелі  еңбегінен  табамыз. 


161

Бастапқыда  ол  Женевада  жасырын  басылып  шықты.  Онда  Монте-

скьё қоғамды түсінудегі географиялық детерминизмді негіздеп берді. 

Басқару  түрлерін  де,  заңдар  сияқты,  ол  географиялық  ортаға  тікелей 

тәуелді етті.

Қоғамның  өмір  сүруін  және  оның  дамуын  ол  қабылданатын 

заңдардың  сапасымен  тығыз  байланыстырады.  Монтескьё:  «Егер 

кімде-кім  бір  немесе  басқа  қоғамның  ерекшеліктерін  түсінгісі  келсе, 

онда сол мемлекеттің заңдарымен танысуға тиіс», – деп кеңес береді. 

Кейіннен  қоғамның  табиғатына  деген  бұндай  көзқарас  әдебиетте 



«заңдық дүниетаным» деген атауға ие болды.

Ш.Монтескьё қоғам заңдарын екі түрге бөледі: алғашқысы – табиғи 

заңдар. Олар жоғарғы құндылық ретінде өмірді сақтауға бағытталған, 

ал  ол  үшін  адамдар  тіршілік  етудің  құралдарын  табуға  тиіс.  Егер 

Т.Гоббс  тіршілік  құралдарын  табу  үшін  адамдар  бір-бірлерімен 

күреседі, «барлығының бәріне қарсы соғысы жүреді» деп есептесе, ал 

Ш.Монтескьё,  керісінше,  табиғаттың  әлсіз  тіршілік  иесі  іспетті  адам 

басқалардың  қолдауына  зәру,  сол  себепті  олар  қоғам  құрады  деп  са-

найды.  Сөйтіп,  ойшыл  адам  бастапқыдан-ақ  әлеуметтік  тіршілік 

иесі болып табылады деген қорытындыға келеді.

Қоғамдағы  әртүрлі  қарама-қайшылықтардың  пайда  болуының 

себептерін  ол  адамның  басқалардың  есебінен  өзі  үшін  пайда  алуға 

ұмтылуынан  көреді.  Ал  бұл  адамдардың  өзара  қарым-қатынастарын 

заңдардың  күшімен  реттеу  қажеттігіне  келтіреді.  Екінші  топ  – 

әлеуметтік  заңдар  осылай  туады  және  солармен  бірге  мемлекет  пен 

құқық та пайда болады. Монтескьё құқықтардың үш тобын ажыра-

тып көрсетеді:

1.  Мемлекетаралық,  халықаралық  қатынастарды  реттейтін 

халықаралық құқық.

2.  Билеушілер мен халықтың өзара қарым-қатынастарын реттейтін 

саяси құқық.

3.  Азаматтардың  бір-бірлерімен  өзара  қарым-қатынастарын 

реттейтін азаматтық құқық.

Монтескьё  мемлекеттік  басқарудың:  республика,  монархия  және 

озбырлық деген үш түрін бөліп көрсетеді.

Адамдарға  шектеусіз  зардап  шектіретін  озбыр  билік  ешқандай 

заңдарды қажет етпейді. Сондықтан ол таза озбырлыққа негізделеді.

Республикалық  басқару  қоғамды  қабылданған  заңдар  негізінде 

басқару дегенді білдіреді.


162

Монархиялық билік басқарудың жоғарыда аталған түрлерінің орта-

сында тұрады. Монтескьёнің өзінің саяси мұраты – ол конституциялық 

монархия (ағылшын билігінің үлгісімен).

Мағынасы  өтпелі  емес  болғандықтан,  саяси  философия 

саласындағы  ойшылдың  бүгінгі  күні  де  маңызды  болып  табылатын 

идеясы  –  ол  мемлекеттік  биліктің  бөлінуі  идеясы.  Оның  ой  желісі 

мынадай:  егер  барлық  билік  бір  қолға  шоғырланса,  онда  ол  сөзсіз 

кезекті  озбырлықтың  орнығуына,  адамдардың  құқықтарының  тапта-

луына жеткізеді. Сол себепті мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінуге 

тиіс:

а) заңнамалық;



ә) атқарушы;

б) сот билігі.

Монтескьё негіздеген биліктерді ажырату ұстанымын американдық 

конституцияны  құраушылар  (1787)  пайдаланған.  «Заңдардың  рухы» 

дегенге  келсек,  олардың  әртүрлі  елдердегі  ерекшеліктерін  ол  табиғат 

факторларымен байланыстырады. Олар: жердің құнарлылығы, климат, 

ландшафт,  халықтың  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлері,  діни  наным-

сенімдері,  халықтың  саны  және  оның  материалдық  хал-ахуалының 

деңгейі,  заң  шығарушылардың  мақсаттары  және  саяси  биліктің 

ерекшеліктері және т.б.

Мысалы, ыстық ауа райы адамды әлсіретеді және оны енжар етеді, 

ал ол кезде суық ауа райы адамның тәнін де, рухын да шынықтырады, 

нәтижесінде,  еңбек  өнімділігі  артып,  ұлы  істер  жүзеге  асады.  Сол 

себепті  ыстық  елдерде  өмір  сүретін  адамдар  құлдыққа  жетсе,  ал 

климаты  суық  елдерде  азаттықтарын  сақтап  қалды.  Әлбетте,  қазіргі 

заманның  адамы  ойшылдың  осындай  көзқарастарына  кекесінмен 

қарауы  мүмкін.  Алайда,  біздің  ойымызша,  қоғам  дамуының  ерте 

кезеңдерінде көп нәрсе осындай факторларға байланысты болған.

Қазіргі  заман  қазақтарының  ата-бабалары  мыңжылдықтар  бойы 

көшпелі  өмір  салтын  ұстап  келді,  ал  бұл  Сарыарқа  табиғатының 

ерекшеліктеріне  байланысты  болды.  Бірақ  Жаңа  заман  туып,  маши-

на  техникасы  пайда  болғанда,  көшпенділік  мүмкіндіктері  сарқылды, 

ал  біздің  ата-бабаларымыз  өмірдің  жаңа  құндылықтарын  қабылдауға 

мәжбүр болды.

Ш.Монтескьёнің пікірінше, көп нәрсе мемлекеттің көлеміне, жердің 

таулы немесе жазық болуына да байланысты болады. Мысалы, жерлері 

таулы  болып  келетін  елдер  көлемі  жағынан  үлкен  бола  алмайды.  Ал 

кішкентай  елде  азаматтардың  бірге  жиналып,  өзекті  мәселелерді 



163

бірлесе шеше алатын мүмкіндіктері бар. Сондықтан оларға көбіне-көп 

республикалық басқару тән.

Көлемі  орташа  мемлекеттер  көбінесе  монархиялық  билікті  құп 

көреді.

Ал аумағы үлкен елдер, негізінен, озбыр болып келеді, өйткені күш 



көрсету және қорқыту арқылы алыс жатқан жерлерді орталық билікке 

бағындыруға болады.

Әлбетте, ойшылдың географиялық фактордың маңыздылығын асы-

ра бағалағаны анық. Алайда оның көзқарастары сол кездегі қоғамның 

күрделі мәселелерін түсіндірудің жаңа тәсілдеріне бастама болды.

Француз ағартушыларының аса көрнекті өкілі, Вольтер деген атпен 

көбірек танымал Франсуа мари аруэнің (1694-1778) философ, тамаша 

ақын, драматург және жазушы, саяси ойшыл ретінде де атағы шықты.

Он екі жасында-ақ оны аббат де Шатонеф Париждегі «Тампль» деп 

аталатын  еркін  ойлы  адамдар  үйірмесіне  кіргізді.  1717  жылы  герцог 

Ф.Орлеанскийді өткір поэзиямен сынағаны үшін, ол 11 ай Бастилияға 

қамалды. Екінші рет осы қорқынышты түрмеге ол кавалер де Роганмен 

болған  жанжалға  айналған  ұрыс-керіс  салдарынан  түсті,  бірақ  онда 

көп  болмады,  өйткені  сот  оны  Франциядан  аластау  туралы  шешім 

қабылдады. 1726-1729 жж. ол Лондонда тұрып, сол жерде парламенттік 

монархияның  белсенді  жақтаушысы  болды,  монархия  идеяларын  ол 

кейіннен Еуропада ғана емес, Екатерина II-мен хат-хабар алысу бары-

сында Ресейде де таратты. Отанға оралған соң, ол 1734 жылы өзіне адам 

айтқысыз табыс әкелген және билікке емес, прогрестік қауымдастыққа 

ерекше  танымал  еткен,  даңққа  бөлеген  «Философиялық  хаттар»  де-

ген  еңбегін  жарыққа  шығарды.  Париж  парламенті  «Философиялық 

хаттарды»  отқа  өртеуге  шешім  қабылдайды,  өйткені  «олар  дінге,  ізгі 

дәстүрлерге, билікке құрмет көрсетуге қарама-қайшы келеді».

Бірақ билік енді Бастилияның Вольтерге шамасы келмейтінін жақсы 

түсінді.  Сондықтан  оның  өзгеше  талантын  монархия  мүдделерінде 

пайдалануға  ұмтылған  король  сарайы  еркін  ойшылды  өз  ықпалынан 

шығармауға  тырысады.  Нәтижесінде,  Вольтер  корольдік  тарих-

ты  жазушы  болып  тағайындалады,  бірақ  көп  ұзамай,  ол  лауазымнан 

шеттетіледі.

Вольтердің қоғамдық-саяси ойдың дамуына ықпалы зор болды. Ол 

Еуропаның тәж кимеген королі деп құрметтелді, ал «вольтерлік» деген 

термин жалпы атауға айналды.

Басынан-ақ Вольтердің шығармашылығы философиялық идеяларға 

толы  және  берік  болды.  Ол  материалдық  және  идеалдық  әлемдердің 



164

бастапқы  себебі  ретінде  танылмаған  Құдайдың  бар  екенін  негізге 

алып, деизмнің негізгі қағидаларын сүзгіден өткізді.

Демокрит  пен  Эпикурдың  атомистік  көзқарастарын  құптай  оты-

рып,  Вольтер  дүние  элементтерін  өткізбеушілік  және  ұзындық 

қасиеттері бар материалдық түпнегіз деп санады. Ньютон ашқан 1-ші 

заңға  сүйеніп,  ол  табиғатты:  органикалық  емес  және  органикалық 

материяның барлық формалары әлемге 1-ші механикалық соққы бер-

ген  сыртқы  күштің  әсерімен  қозғалатын  сағат  механизміне  ұқсатып 

қарастырды.

Вольтер бойынша, адам – негізі табиғаттық тіршілік иесі, оның тән 

мен  қанда  өмір  сүруден  басқа  өмірі  болуы  мүмкін  емес.  Сол  себепті 

адамдар  бақытты  болатын  қоғам  құру  қажет,  ол  үшін  әлеуметтік 

қатынастарды ақыл-парасат пен әділеттілік бастауларында қайта құру 

керек.

адамның  ұлылығын  Вольтер  оның  әлемді  танып  білу  және 

өзгерте  алу  қабілетінен  көрді.  Оның  ойынша,  өз-өзін  сақтау  түйсігі, 

өз-өзін  сүю  адамдарды  бір-бірінен  алшақтатпайды,  керісінше,  бір-

бірлеріне  жақындастырып,  араласуға  және  жақсы  көруге  септігін 

тигізеді. Адам жеке-дара өмір сүре алмайды. Ол – қоғамдық тіршілік 

иесі.  Қоғамды  нығайта  отырып,  еркек  пен  әйелдің  негізіндегі  табиғи 

байланыстар сәбилердің дүниеге келуіне жеткізеді. 

Вольтер өне бойы өзіне: «Егер Әлем материалдық денелерден тұрса, 

онда адамның жаны қайдан пайда болды?» – деген сұрақ қоятын. Ой-

шыл өзінің сұрағына өзі: «Жан – адамның сезу және ойлау қабілеті. Ал 

олай болса, тәннен бөлек, оған тәуелсіз өмір сүре алатын жан туралы 

менің ешқандай түсінігім жоқ», – деп жауап беретін. Бұндай көзқарас, 

әрине,  дінге  қарсы  бағытталған.  Ал  ең  қызығы,  Вольтер  өзінің  бұл 

тезисін дін жолымен дәлелдеуге әрекет етеді: «Егер мына ғажап Әлемді 

Құдай жаратса, онда неге біз Ол материяға да сезетін және ойлайтын 

қабілет  берген  деп  жорамалдай  алмаймыз?».  Өз  заманының  жараты-

лыстану  ғылымында  жеткен  жетістіктеріне  сүйене  отырып,  ол  адам 

жанының әртүрлі сезімдерін түйсіктермен, жүйке жүйесі және мимен 

ұштастырады. Жан-жануарлардың да миы, жүрегі, бауыры және басқа 

ағза  мүшелері  бар  болғандықтан,  олар  да  сезінеді,  мүмкін,  көмескі 

болса да, өздерін қоршаған дүниені түсінетін шығар.

Вольтер «табиғи дінді» жақтаушы болып шықты, яғни ол солай деп 

барлық  адамзатқа  ортақ  мораль  ұстанымдарын  түсінді.  Моральдың 

басты  ұстанымын  ертедегі  данышпандар:  «Өзіңе  басқалардың 

не  істегенін  қаласаң,  өзің  оларға  да  соны  істе»,  –  деп,  әлдеқашан 

тұжырып  қойған.  Осыдан  келіп,  әртүрлі  ескі  наным-сенімдерді, 


165

клерикализмді,  әсіресе  католик  шіркеуінің  тәртіптерін  өткір  сынап-

мінеу  («Жексұрындарды  таптаңдар!»)  шығып  отыр.  Сонымен  қатар 

ол  атеизмді  де  сынға  алған.  Белгілі  «Философиялық  сөздікте»  ол: 

«Атеизм  билік  басындағылардың  қолында  болса,  ол  –  аса  қауіпті 

құбыжық;  қағазбасты  ғалымдардың  өмірі  кіршіксіз  таза  көрінгенмен, 

олардың  атеизмі  де  қауіпсіз  емес,  өйткені  олар  отырған  орындары-

нан шығып, лауазымды адамдарға да жетуі мүмкін; фанатизм сияқты 

жойқын болмағанмен, атеизм де қашанда ізгілік үшін қатерлі», – деп 

жазды  («Вольтер.  Философские  сочинения.  –  М.;  1988.  –  645-бет). 

Әрине, Вольтер еркін ойлау дегеннің синонимі болатын атеизмді емес, 

кейіннен «айбынды» деп аталған атеизм туралы айтқан. Белинскийдің 

сөзімен айтқанда, Вольтер «әжуа-келемеж құралымен Еуропадағы фа-

натизм  мен  надандықтың  өртін  сөндірді...».  Ал  француз  әдебиетінің 

классигі  Ромен  Роллан:  «Вольтердің  «Жексұрындарды  таптаңдар!» 

деген  ескі  ұранын  еске  түсіріп  көріңдер  және  оны  қазіргі  заманның 

жексұрындарына қолданып көріңдер», – деп жазды.

Вольтер  –  әлемдік  тарихтың  маңызы  туралы  алғаш  ойлан-

ғандардың  бірі.  Бұл  жерде  ол:  «Әлемді  пікірлер  билейді»,  яғни 

билеушілердің  ойы,  идеялары  әлемдік  тарихтың  беталысын  айқын-

дайды  дейтін  ұстанымды  берік  ұстанады.  Алайда  мәні  «пікірді 

халықтың  басым  көпшілігі  қолдауға  тиіс»  деген  қағида  болып 

табылатын  маңызды  қосымша  енгізеді.  Барлық  бақытсыздықтар, 

күйзелістер,  озбырлық  көпжылдық  әлемдік  тарихта  билік  басын-

да  болғандардың  арсыз  саясатымен  түсіндіріледі.  Бұл  жерде  оның 

көзқарасы дұрыс, бірақ ішінара ғана.

Вольтер – оптимист. Ол өзінің ағарған заманына үмітпен қарайды. 

Ғылымның дамуы, өнердің жетілуі, ақылға негізделген философиялық 

идеялар бұқара халықтың санасын өзгерте отырып, оның ортасына кең 

және терең ене бастаған. Бұл оның жүрегінде жамандықтың тамыры-

на  балта  шауып,  адамдардың  жақсы  өмір  сүруіне  жағдай  жасайтын 

«білімдар дана билеушілер» пайда болады деген үміт отын жағады.

Тарих  –  ұлы  ұстаз.  Ғасырдан-ғасырға  Вольтер  де  ұлы  болып 

қалып  отыр.  Француздардың  Құрылтай  жиналысының  шешімі  бо-

йынша  Вольтердің  өртелген  сүйегінің  күлі  1791  жылы  Францияның 

ұлы  адамдарының  Парижде  құрылған  Пантеонына  қойылғаны 

кездейсоқтық емес.

Француз  ағартушыларының  ішіндегі  аса  көрнекті  тұлғалардың 

бірі  –  философ,  өнер  теоретигі,  жазушы,  саяси  қайраткер  жан-жак 

Руссо (1712-1778) болды. Ол сонымен қатар ұсақ буржуазияның идео-


166

логы деген атқа ие болған. Руссо қоғамдық келісімнің Гоббс жасаған 

тұжырымын  айтарлықтай  дамытқан.  Ол  табиғатынан  азат  адам-

ды  қанауға  қарсы  шыққан.  Қанау,  оның  ойынша,  жұртшылықтың 

бір  бөлігінің  надандығы,  адамды  қорлауы  себепті  орын  алған  және 

орын  алып  келеді.  Жас  Руссо  жеке  меншіктегі  және  мемлекеттік 

құрылыстағы  теңсіздікті  көрді.  Сол  себепті  ол  адамдарға  Табиғатқа 

оралуға кеңес берді.

Кейіннен  философ  басқа  көзқарасқа  ауысады:  қоғамдық  келісім 

теңсіздікті жеңуге мүмкіндік береді. Руссо халықты егеменді деп жа-

риялайды,  халықтың  егемендігі  шеттетілмейді  және  бөлінбейді;  заң 

шығарушы  билік  халыққа  тиесілі  болуға,  ал  атқарушы  билік  оның 

өкілеттігін білдіруші ғана болуға тиіс.

Руссо туралы айтқанда, екі мәселеге назар аудару қажет.



бірінші.  Әлеуметтік-философиялық  ой  тарихында  Руссо  қашанда 

Вольтермен  қатар  қойылады.  Бірақ  олардың  қарым-қатынастары 

әрдайым  риясыз,  ашық  бола  қойған  жоқ.  Керісінше,  пікірлерінің 

қарама-қайшылығы  қашанда  орын  алатын.  Ал  олардың  бір-бірінен 

толық  қол  үзуі:  Руссоның  «Адамдар  арасындағы  теңсіздіктің  пайда 

болуы және негіздері туралы ойлар» (1755) деп аталатын іс жүзіндегі 

басты  трактатын  Вольтердің  қабылдамағаны  былай  тұрсын,  ол  жа-

йында,  әсіресе  Табиғатқа  оралу  жөнінде  және  «табиғи  жай-күйдің», 

яғни  үйлер  де  жоқ,  баспаналар  да  жоқ,  қандай  да  бір  меншік  те  жоқ 

жағдайдың  артықшылығы  туралы  ойларын  өткір  сынға  алып  және 

теріс баға бергенінен кейін болды.

Руссодан трактаттың бір данасын алған соң, Вольтер оған француз 

тілінде сыпайы түрде, бірақ жеткілікті дәрежеде қатқыл сөздермен хат 

жолдады, онда: «Мен Сіздің адам тегіне қарсы жаңа кітабыңызды ал-

дым және соған ризамын. Осындай қабілеттерді біздің барлығымызды 

ақымақ  етіп  көрсету  үшін  пайдалану  жағдайы  бұрын-соңды  болмап 

еді. Сіздің кітабыңызды оқыған әрбір адам еңбектеп жүруге тырысатын 

болды. Бірақ ондай әдетімнен алпыс жыл бұрын арылғандықтан, мен, 

«бақытсыздыққа  қарай»,  ол  әдетіме  қайтадан  орала  алмайтынымды 

сеземін.  Канданың  жабайыларын  іздеуге  де  шыға  алмаймын,  өйткені 

бойымдағы ауруларыма қарап, еуропалық хирургтің қызметіне жүгіну 

қажеттігін сеземін, себебі ол жерлерде соғыс жүріп жатыр және біздің 

үлгіміз ол жабайыларды біздің өздеріміз сияқты жаман етеді...» – деп 

жазды.


Вольтердің аталған шығарманы осылай бағалағаны әділетті болды 

деуге болмайды. Алайда Руссоның өзі де «табиғи жай-күйді» адамдар 



167

арасындағы  қарым-қатынастардың  мұраты  деп  санай  отырып,  оған 

оралудың мүмкін еместігін жақсы түсінген. Сол 1775 жылы Энцикло-

педия  үшін  жазған  «Саяси  экономия  туралы»  атты  мақаласында  ол 

мейлінше  айқын  және  кесімді  түрде:  «Меншік  құқы  –  азаматтардың 

құқықтарының ішіндегі ең қасиеттісі және еркіндікке қарағанда, тіпті 

кей жағдайларда аса маңыздысы да болып табылады», – деп мәлімдеді.

Ж.Ж.Руссо  жеке  меншіктің  пайда  болуының  экономикалық 

себептерін  табуға  тырысты.  Ол  себептерді  Руссо  ең  күшті  адамның 

басқалардай емес, өзінің табанды еңбегі арқылы көп өндіретінінен көрді. 

Ең  бір  епті  және  тапқыр  адам,  басқалармен  салыстырғанда,  көбірек 

пайда  табады.  Жер  өңдеуді  жақсарту  азық-түліктің  молшылығын  ту-

дырады,  байлық  пайда  болады.  Нәтижесінде,  жаңа  кәсіптер  шығады. 

Шын  мәнінде,  қоғамның  өндіргіш  күштерін  ары  қарай  дамытуға 

жеткізген темірді игеру – адамзаттың тарихында тағдыр шешуші рөл 

атқарды. Пайда болған байлық азшылықтың қолында шоғырлана бас-

тады,  ал  қалғандары  кедейшіліктен  көз  ашпады.  Шешуші  сәт  туды: 

адамзат өзінің өмір сүруінің табиғи кезеңінен өркениетке өтуді баста-

ды. Жеке меншікті тиімді қорғау мақсатында мемлекет пайда болды.

Адамдарға  олардың  тарих  қойнауында  жоғалтқан  бостандығын 

қалай  қайтаруға  болады?  Бұл  сұраққа  Ж.Ж.Руссо  «қоғамдық  келісім 

теориясы»  арқылы  жауап  беруге  тырысады.  Оның  мәні:  әркім  өзінің 

барлық құқықтарын ерікті түрде қоғамға береді. Ол кезде барлығы да 

заң  алдында  тең  құқылы  болып,  өз  құқықтарын  кері  қайтарып  ала-

ды.  Өмір  сүрудің  теңдей  шарттарын  иеленіп,  бір-біріне  тәуелді  бол-

май  және  қоғамның  бөлінбес  бөлшегіне  айнала  отырып,  енді  әркім 

қоғам  талаптарына  бағынады.  Адамдар,  әрине,  өздерінің  дене,  ақыл 

қабілеттері бойынша бір-бірлеріне тең немесе бірдей емес, бірақ олар 

моральдық және құқықтық теңдік алған.

Ж.Ж.Руссо  халықты  заңдардың  шынайы  бастауы  деп  санайды. 

Егер  қоғамда  адамдардың  мүдделерін  есепке  алмайтын  заңдар  пай-

да  болса,  онда  бұл  заң  емес,  бұйрық  саналады.  Халық  билігін  халық 

құрылтайы қамтамасыз етеді. Ол заң белгілеген уақытта шақырылады 

және «қоғамдық келісімнің» орындалуын қатаң қадағалайды, өйткені 

заң бұзушылық қашанда орын алады. Оның мәні төмендегілерге келіп 

тіреледі:

а) әрбір үкімет әрдайым өзін нығайтуға ұмтылады;

ә) азаматтардың бір бөліктерінің ізгіліктен ауытқуы мүмкін;

б) жеке мүдденің қоғамдық мүдде шектерінен шығып кетуге әрекет 

етуі мүмкін;



168

в) бұл жағдайда қоғамдық мүддені алдау жолымен өзгерту қаупі ту-

ады.

Қоғамдық келісімді сақтаудың негізгі жолдарының бірі – халықты 



ағарту, оның бостандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет