207
2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін
үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге
білім алушылардың
академиялық дайындығын қамтамасыз ету;
3) рухани-адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік,
әлеуметтік,
зерттеушілік дағдыларын және
проблемаларды сын тұрғысынан және
шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктілігін мақсатты дамыту;
4) мектеп бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес
кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу;
5) мектеп бітірушілерге өмір бойы
білім алуын жалғастыруға оң
көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге
даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады.
Қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны 24
және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық
болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі мен
әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін
сыныптарда орыс тілі мен
әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде с
ыныпты екі топқа
бөлуге болады.
Сыныптарды топтарға бөлу жоғарыда көрсетілген пәндерден басқа
инварианттық компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім
алушылар
санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында,
шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: