Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет23/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

5) Білім алушылар бойында еңбек тәрбиесін, экономикалық және 
экологиялық тәрбиені қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және 
экологиялық тәрбие білім алушылар бойына шығармашылық еңбек, еңбек 
мәдениеті, экономикалық сана, кәсіп, мансап, функционалдық сауаттылық, 
туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды сіңіруге ықпал 
етеді. 
«Еңбек – елдің мұраты» жобасы шеңберінде өзінің кәсіби саласында 
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдардың өмірі мен қызметі 


32 
жайында таныстырылады, білім алушылар арасында кәсіптік бағдарлау 
жұмысы жүргізіледі, еңбектің құндылығы жаңа деңгейге көтеріледі.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асырылады: қолөнер көрмесі, мектеп маңайын және ауылын 
көгалдандыру мен абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, көңілді 
шеберлер қаласы, еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты 
және тағы сол сияқты іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. 
Білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауында мамандық таңдауына 
көмектесетін «Мамандық таңдау уақыты» бейне блогерлер байқауы, «Мен-
кәсіптер әлемінде» әдеби байқауы (эссе), «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» 
байқауы, «Мұндай мамандық бар» презентациялар конкурсы сияқты іс-шаралар 
жүйесін өткізу ұсынылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер 
Палатасының қолдауымен 9 негізгі сала: мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік 
және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 
энергетика, туризм, тау-кен металлургия кешені және құрылыс бойынша іске 
асырылатын «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің 
атласы» ұлттық жобасы әзірленді.
Жаңа мамандықтар атласы https://www.enbek.kz/atlas/ сайтында орналасқан. 
Кәсіби бағдар беру жұмысын дұрыс ұйымдастыру мақсатында:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген Қазақстан 
Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіби бағдарын 
анықтау және диагностикасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды; 
- орта мектептің 7-11-сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын 
жүргізу бойынша құралдарды пайдалану туралы әдістемелік ұсынымдарды; 
- ЕБҚ балалардың мамандық таңдау кезінде отбасы, мектеп және 
жұмысқа орналастыру органдарының өзара іс-қимылы бойынша әдістемелік 
ұсыныстар (https://www.nao.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет