Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


жартысы – бүгінгі күнге дейін) мазмұнын қамтитын жаңартылған



Pdf көрінісі
бет134/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

жартысы – бүгінгі күнге дейін) мазмұнын қамтитын жаңартылған 
мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі. 
2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері 
бойынша келесі оқулықтар қолданылады: 
 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» 
пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр); 
 6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» 
пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар); 
 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» 
пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар)
 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» 
пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» 
пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан 
бүгінгі күнге дейін).  
 
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан тарихы бойынша білім мазмұны білім алушылардың бойында 
тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық 
құндылықтарды 
қалыптастыру, 
зерттеушілік, 
ойлау, 
коммуникативті 
дағдыларды дамытуға бағытталған.
Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты негізгі орта білім беру 
деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу 
жүктемесінің көлемі әртүрлі (58-кесте).
 
58-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып Оқу пәнінің атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
(жаңартылған мазмұн) 
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Қазақстан тарихы 

68 

68 

Қазақстан тарихы 

68 

68 


183 

Қазақстан тарихы 

68 

34 

Қазақстан тарихы 

68 

34 

Қазақстан тарихы 

68 

34 
5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының 
ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, 
экономикалық салаларының негізгі даму кезеңдері оқытылады. 
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын 
анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді 
әдістерін анықтауды қажет етеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан 
тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. 
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» 
материалдарын оқыту: 
- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап, қазіргі уақытқа дейінгі туған 
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен 
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға; 
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени 
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға 
бағытталған. 
Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 
12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының 
базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілді. Оқу бағдарламасы 
бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат 
сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр 
сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың 
маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың
мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени 
ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді.
5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: 
билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын 
оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек 
ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін 
замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.
5-сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы 
бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін 
мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін 


184 
сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды 
пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.
Мұражай базасында өткізілген сабақтар білім алушылардың азаматтық 
және 
патриоттық 
қасиеттерін 
қалыптастыруға, 
олардың 
танымдық 
қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени 
ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді. 
6-сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи 
дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі 
кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының 
тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі 
атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім 
алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне 
ықпал ету ұсынылады. 
Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел – бір тағдыр» тақырыбы арқылы 
аймақтағы түрлі ұлттардың тарихымен, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білім 
алушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.
7-сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай 
жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын 
оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, 
талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады. 
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 59-кестеде берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет