350
Балалардың болу мерзімі медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға
ұзартылуы мүмкін және оны Комиссия қарайды. Сабақтың ұзақтығы 1-5-
сыныптарда – 35 минут, 6-11- сыныптарда – 40 минут.
19. Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бөлімшелерінде бастапқы
және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға,
балалар мен жасөспірімдердің оңалтуына, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және
қоғамға интеграциялануына ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған түзету-дамытушылық оқыту жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мақсатында жеке түзету-дамыту сабақтары
өткізілген жағдайда кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін.
20. Мұғалімдер мен басқа да педагогтердің штат бірліктерімен мектеп құру
мүмкін болмайтын медициналық ұйымдарда білім беруді басқарудың жергілікті
органдары пациенттермен сабақ өткізу үшін жақын жердегі мектептердің пән
мұғалімдерінің келуін ұйымдастырады.
21. Медициналық ұйымдардағы мектептер құрамы бойынша оқушылар
контингентінің әркелкілігіне байланысты жиынтық жұмыстар жүргізілмейді.
22. Сабақтарды есепке алу үшін оқушылармен сынып журналы жүргізіледі,
онда оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдер түскен оқушылар туралы
мәліметтерді: тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы, мектеп және сынып нөмірі,
медициналық ұйымға түскен күні, сабақтың басталуы мен аяқталуы, өткізілген
сағат санын жазады. Оқу материалын өту жазбасын және оқушылардың білімін
есепке алуды мұғалім сынып журналын жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес
ресімдейді.
23. Медициналық ұйымдарда оқитын оқушылар контингенті олар тұрақты
оқитын мектептердің статистикалық есептерінде ескеріледі.
24. Медициналық ұйымнан шығару кезінде оқушыларға әрбір оқу пәні
бойынша ағымдағы немесе тоқсандық бағалары бар, оқу ісінің меңгерушісі/бөлім
меңгерушісі қол қойған, осы ұйымда оқытуды ұйымдастыру жүктелген жалпы
білім беретін мектептің мөрімен расталған оқу туралы анықтама беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: