Сабақ дидактикалық принциптер мен оқу-тәрбиелік үрдістерге қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі164,5 Kb.
#14945
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
caбак2


Тақырыбы: Информатика сабағына қатысу мақсаты және оны

жалпылама түрде талдау. Информатика сабағын талдау үлгілері

Мақсаты: Информатика сабағын талдаудың әртүрлі жолдары, өтілген сабаққа

өздік талдау жасау үлгілерін қарастыру

Педагогикалық іскерлікті жетілдіру жолында мұғалімнің алдына қойған мақсаты-тек сабаққа қатысумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге, мұғалім үшін сабақты талдау да шеберлік мектебі болып табылады.Дидактикалық категориялар бойынша информатика сабағын талдаудың міндеті мынандай мәселелерді анықтаудан тұрады:


  1. Сабақ дидактикалық принциптер мен оқу-тәрбиелік үрдістерге қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?

  2. Дидактикалық міндеттер шешілді ме және оқушылардың білімін, шеберлігін жетілдіру мақсатына қол жетті ме?

  3. Тұтас алғанда сабақ құрылымы мен ішкі құрамы элементтерінің бірізділігі қандай?

  4. Оқыту әдістерін ұйымдастыру, көрнекіліктер мен техникалық құралдарын пайдалану сабақтың дидактикалық міндеттеріне сай келе ме? Оқушының танымдық даярлығын жоғары дәрежеге көтере ме, оқыту мен тәрбиелеуді байланыстыруды қамтамасыз ете ме?

  5. Сол сабақты саралау мен даралау немен сипатталады? Өмірмен байланысы бар ма?

Құрылым элементтері бойынша сабақты талдау мынандай мәселелерді айқындайды:

  1. Актуальді сапасы. Өздігінен орындайтын жұмыс қаншалықты табысты орындалды. Оқушылар қандай дағдыларды игерді, бұрынғы білімдерінің қандай көлемі қайталанды, оқушы жауаптарының толықтығы, оқушының сабақты айтып беруі, материалдың көлемі, оқушылардың мұғалімге қоятын сұрақтарының мазмұны, қайталана беретін қателерді талдау. Оқушылардың ойлау жұмыстарының белсенділігі.

  2. Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына уақыт жеткілікті ме? Мұғалім жаңа сабақ түсіндіргенде жаңа сабақтың мазмұнын толық ашты ма? Жаңа материалдың бұрынғы өткен материалмен байланысы болды ма? Оқушылардың ішінен кім қаншалықты ілгері басты? Қай оқушыға келесі сабақта көмек қажет?

  3. Шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының сапасы, кімде қандай табыстар, қандай сәтсіздіктер болды. Оқушылар үй тапсырмасын орындауға әзір ме?

  4. Сабақтың қандай элементтері оқушыларға неғұрлым көп тәрбиелік ықпал етті. Келесі сабақта нені күшейтіп, қандай қосымша материалды келтіру керек?

Міне, сабақты талдаудың міндеттері мен мәселелерін информатика пәнінің мұғалімі алдын-ала айқындап, анықтап алса, бұл- сабақтың өте жоғары ғылыми дәрежеде өтуінің бірден-бір кепілі болар еді деп ойлаймын.

Информатика сабағын талдау барысында мұғалім ең бірінші кабинеттің жабдықталуына, жабдықтардың, техникалық құралдарының, яғни компьютердің жағдайының сабақты өткізуге дайындығына, оқушылардың компьютерде жұмыс істеулері кезінде техника қауіпсіздігінің сақталуына баса назар аудару керек. Мұғалімнің сабақтың жоспарын, яғни ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау сияқты кезеңдерін жүзеге асырғанда уақытты толығымен тиімді пайдалана білді ме, сабақ соңында мұғалім өз алдына қойған мақсатына толық жетті ме, мұғалімнің сабақ үстінде қолданған әдістері сол сабақты жеткілікті түрде ашып, түсіндіруде тиімділігі қандай? Жалпы сабақ қандай дәрежеде өтті және сабақтың т.б. жақтарының толық мазмұнды ашылуы сияқты мәселелер сабақты талдау кезінде жан-жақты айқындалып, кең мағынада талдануы керек.Сонымен бірге мұғалімнің қол жеткізген жетістіктерін ғана көрсетіп қана қоймай, кемшіліктерін де түзетуге мұғалімнің назарын аудару қажет.

Осындай мәселелердің барлығын жүйелі түрде бір ретке келтіріп, сабақты талдаудың үлгісін ұсынуға болады.


  1. оқу үрдісіндегі сабақтың құрылымы,

  2. сабақтың оқыту әдісінің оптимальдылығын,

  3. мұғалімнің таңдаған оқыту түрі, әдісі және сабақ мазмұнының тиімділігі.

Негізінен оқытудың тиімділігі мұғалімнің қандай материалды қалай бергісі келгендігімен емес, керісінше оқушының ол материалды қандай деңгейде меңгергендігімен анықталады. Сондықтан өтілген сабақты бағалау барысында оның негізгі міндеттері- білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің орындалу деңгейіне назар аудару қажет.Сабақты талдау және өздік талдау қол жеткен жетістіктерді білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарымен салыстыра отырып жүргізілуі керек.

Талдаудың мақсаты мұғалімнің қажетті материалды беру барысындағы іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері, оқушылармен қарым-қатынасы қандай да бір жетістікке жеткізген-жеткізбегенін анықтаудан тұрады.


Сабақты талдаудың кең тараған түрлері:

  • толық,

  • комплекстік,

  • қысқаша,

  • аспектілік.

Толық талдау- сабақтың барлық аспектілерін талдау және анықтау мақсатында;

Комплекстік- сабақты ұйымдастырудың әдістерінің, түрлерінің, мазмұнының, мақсатының өзара байланыстылығының бірлігін анықтау;

Қысқаша-негізгі мақсат пен міндеттің орындалуын анықтау;

Аспектілік-сабақтың жекелеген элементтерінің орындалуын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Аталған тараулардың әрқайсысы төмендегі түрлерді қамтуы мүмкін: дидактикалық, психологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік және т.б.

Информатиканы оқыту нәтижесін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінінің нәтижесін бағалау, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін талдау және мұғалімнің тәжірибесін жинақтап озат тәжірибелерді тарату мақсатында бақылау жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет