Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Лихачев Б.Т. Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие берудің өзіндік сипаты



бет133/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

3.1.19 Лихачев Б.Т. Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие берудің өзіндік сипаты

Кез келген қоғамдық құбылыстардың ерекшеліктерін сипаттау дегеніміз – оның басқада да әлеуметтік құбылыстармен өзара байланысы, қолдану ерекшеліктері мен мазмұны, жолдары сонымен қатар нақты нәтижеге жеткізу құралдары. Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екендігін анықтайтын жалпы және маңызды ерекшеліктер үшеу.


Бірінші ерекшелігі – тәрбиенің міндеті балаларды өндірістік қызметке және жалпы қоғамдық өмірге даярлауда әлеуметтік қызмет атқаруында. Тәрбиенің міндеті кең мағынада алғанда қоғамдағы өндіріс күштерін даярлау болып табылады. Яғни оқитын және жұмыс істейтін жастарға өмір талабына сай білім беру, қоғамның әлеуметтік талабына сай жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
Қоғамның дамуы тарихи шарттары адам баласының өмір сүруінің өзгеруіне байланысты жаңарып тұрады, ал белгілі бір тарихи кезеңдерде тәрбие мазмұны түп тамырымен өзгереді. Тәрбиені тек нағыз тарихи және диалектиканың қарама-қайшы үдеріс ретінде дұрыс түсіну қажет. «Тарих – деп жазды К.Маркс, - бұл әрқайсы алдыңғы буын ұрпақтардан қалған материалдарды, капиталдарды пайдалану және ұрпақтардың бірізділік ауысуы».
Бұл аталаған ұрпақтардығ басымдылығы біріншіден, толықтай өзгерген қоғамдық жағдайда да мұралық қызметті жалғастырады, ал екінші жағынан ескі жағдайды да бүтіндей қызмет арқылы өзгертеді. Осы аталған тарихи үдерісте қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие басты рөл атқарады.
Қоғамдық өмірге жас ұрпақты даярлауда маңызды әлеуметтік қызмет атқара отырып, тәрбие сонымен қатар қоғамдық қарым-қатынас түрлерін анықтайды. Керісінше тәрбиенің мазмұны, түрі және әдістері қоғамдағы үстемдік етіп отырған қарым-қатынас ерекшеліктері арқылы анықталады. Тәрбие өз нәтижесінде адамдардың адамгершілік көзқарастар негізінде қоғамдық қатынас қалыптастыруға ықпал етеді. Аға ұрпақ өкілдері қоғамдық тарихи үрдісті түсіне отырып, өздерінің жылдар болйы жинақтаған педагогикалық тәжірибесін тұлға қалыптастыруда қажетті заңдылықтарды ашу үшін теорияларды дамытуда жүзеге асырады.
Қазіргі кезеңде социалистік және капиталистік қоғамда тәрбие атқаратын әлеуметтік қызмет түріне сәйкес бір-біріне қарама-қайшылықта болып отыр. Социалистік қоғам кезінде біздер жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға ұмтылдық.
Бүгінгі таңда қоғамға қызмет өтіп жатқан аға буын өкілдері де сол кезеңде білім, тәрбие алған азаматтар. Қоғамның тарихи өзгеруіне, яғни Қазақстанның егемендік алуына байланысты көзқарасымыз өзгеріп, өмірге жаңаша ойлап, заманға сай тәрбие жұмыстары атқарылуда.
Баланың алғашқы мектепке келген күннен бастап оның зерделік дарыны мен мүмкіндіктер деңгейі анықталып, қандай бағытта оқитындығы белгіленеді.
Кеңес үкіметі кезеңінде бұқара халықтың балалары толықтай мектепке барып жалпыға бірдей білім алып сауттанған кезде көптеген капиталистік елдердің еңбекші табының балалары орта білім емес, бастауыш білімді де шектеулі түрде алғаны баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде идеологиялық ықпал етудің бірден-бір басты құралы екендігін түсініп, оқу-тәрбие қызметін жүйелі түрде ұйымдастыруды қолға алуда. Сонымен қатар таңдаулы (зиялы) жекеменшік мектептер саны көбеюде. Біздің елімізде мұндай мектептер жан-жақты дамыған зияткер оқушыларды оқытып, тәрбиелейтін, «дарын» мектептері деп аталуда. Әр бала тумысынан өзіндік ерекшелігімен, табиғи дарындылығымен ерекшеленеді. Дені сау бала өзінің жас деңгейіне сай қаншалықты дарынды болмаса да заманына сай білім алып, ақпараттануға қабілетті. Бірақ кей жағдайларда баланың дарындылығы, зейінділігі ата-анасының әлеуметтік жағдайының қаншалықты жоғары екендігімен де айқындалып жатады.
Қазіргі нарықтық экономикаға бет бұрып, өмір сүріп жатқан қоғамда оқытудың жеке дара және топпен оқыту түрінің тұжырымдамасы құрылып, нақты оқыту және тәрбиелеу жолдары дайындалған. Даралап оқыту мен оның топтың түрі оқу үрдісінде болуы қажет. Өйткені оқу-тәрбие үрдісінің басқа да түрлері мен әдістерімен бірге олар оның тиімділігін арттырады. Бірақта өзін қалыптан тыс «өзгеше» және әмбебап сезінетін бала өзінің ішкі «меніне» қарама-қайшы шығады. Осындай жағдайда оқу мен тәрбиенің бұл түрі оқушының ұжымдық қарым-қатынасын бұзып басқалардан өзін ерекше сезінуіне және жүйелі білім игертуге кедергісін тигізеді.
Соңғы кездері көптеген елдерде еркіндік тәрбие теориясы етек алуда. Бұл бағытты ұстанушылар тәрбиешінің міндеті бала өмірін нақты түрде мақсатты ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар оқу және тәрбие үрдісінің қабілетін арттыру арқылы тұтас бір тұлға қалыптастыру қажет деп санайды. Баланың өзіне тән табиғи иекемділігі мен оның қажеттілігін көрсетуге жағдай жасайтын оқу мен тәрбие тек қана баланың қызығушылығына негізделуі керек деп тұжырымдайды. Тәрбиенің осы аталған түріне өзінің табиғи дарынын көрсете алатын баланың кемде кем екендігін, оларға мақсатты нақты ұйымдастырылған бағыт-бағдар бергенде ғана белгілі бір жетістікке жететіндігін естен шығармау керек екендігін Б.М.Теплова, А.Н.Леонтьева және де басқа орыс ғалымдары атап көрсетті.
Тұлғаның рухани дамуы негізінде еркіндік теориясын жақтаушылар жеткіншектің жыныстық өмірінің еркіндігі мен аға ұрпақпен қарым-қатынасының шиеленуі арқылы жастарды әлеуметтік мәселелерге назар аудармаудың тәсілі ретінде пайдаланады.
Басқа да буржуазиялық педагогикалық теориялардың маңыздылығын қарастыра отырып Т.Ф.Яркина: «Тәрбиенің міндеті... – баланың жалпы дамуына бағытталуы керек, оның өзін-өзі көрсетуіне, белсенділігі мен еркіндігіне қоғамдық өмірдің объективті күштері кері әсерін тигізбеу қажет» - деп жазады.
Капиталистік Батыс елдерінде тәрбиенің әлеуметтік-топтық бағыттағы экзистенциалистік тұжырымдардың діни-педагогикалық теориясы кеңінен таралып, жастарды рухани адамгершілік көздерін тек діннен ғана табуға болады деп үгіттеді. Аталған теория бойынша Ж.Маритен, У.Каннигем, М.Казоттилардың діни мораль арқылы ғана тәрбие өз жемісін береді барлық адамзат құдайда тану үшін қызмет етуі керек деп есептейді.
Діни тәрбие жастарды топтың дау-дамайлардан қоғамдық өмірге белсене араласудан алшақ ұстауға бағытталған болады.
Осы жоғарыда көрсетілген теорияларды жоққа шығаратын социализм қоғамында мектеп-тұлғаның мақсатты-бағдарлы қалыптастырудың алтын бесігі. Кеңестік мектептердегі тәрбие балалардың бойында ұлтына, табына, дініне қарамастан адами қасиеттерді қалыптастыра білді. Басқа сөзбен айтқанда кеңестік үкіметтің тәрбие процесі өзінің мақсаты мен міндеті, мазмұны мен түрі бойынша қоғамның барлық мүшесі үшін әр баланың жан-жақты дамыту қызметін атқарды. Өйткені қоғамның әрбір азаматы буржуазиялық идеологияларға қарсы тұрып, оларға белсенді түрде шабуыл жасап коммунистік мақсатты насихаттай білуі қажет еді.
Кез келген заманның білім мазмұнын анықтайтын тәсілі тәрбие процесі мазмұнының негізгі бір бөлшегі болып саналады. Капиталистік өндіріс құралдарының даму жағдайында ғылыми жаңалықтар легі балаға керекті білімді шамадан тыс қамтамсыз етуде. Және бұл жағдай тәрбиенің жаңа теориясының пайда болуына негіз болып отыр.
Орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинский 19 ғасырда білім мен бала тәрбиесінің егіз екендігі туралы өзінің ғұлама ойлары арқылы айтып кеткен болатын.
Қазіргі таңда жинақтаған ғылыми білім негізінде өндіріс пен техника әлемінде революциялық өзгерістер болуда. Өндірісті өркендету үшін ғылыми-техникалық білімді игеру аздық етеді. Сондықтан да іске шығармашылық көзқараспен қарай отырып, өзіндік ақпараттар іздестіріп өндірісті дамытудың жаңа да өзіндік жолдарын іздестіру қажет. Жылдан жылға қоғамдық өмірге материалдық өндіріске белсенді қатысу үшін көбейіп жатқан жаңашыл ақпараттарды тек мектеп қабырғасында игеру мүмкін емес. Сондықтан да Қазақстанның мектептерде оқытудың мазмұны мен сипат оқушының зерделік білімділігіне бағытталып отыр. Ал, баланың зерделі, дарынды болудыңа тек қана мектеп емес, сонымен қатар мектеп ішіндегі әртүрлі ұйымдар мектептен тыс мекемелер, отбасы және қоғам болып ат салысуымыз қажет.
Мысалы қоғамтану, тарих, әдебиет, т.б. сабақтарда халқымыздың ұлттық қалыптасуынан бастап өткерген тарихи саяси оқиғаларын, ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан әдеби мұраларын бірізділікпен түсіндіре білсек оқушы қоғамымыздың даму заңдалақтарын, әртүрлі тарихи кезеңде қалай өмір сүргендігін біліп таниды.
Өмірдің өзекті мәселелерін белсенді түрде тану, әлемде болып жатқан оқиғалар легінде өзіндік ойымен көзқарасын жоғалтпаудың қалыптастыру, жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Қазақстанның егемендік алғаннан бері оқу-тәрбие жүйесіне де көптеген өзгерістер енді. Негізгі мақсат - тәуелсіз елдің өркениетті әлемге танылатын басқа елдермен қатар терезесі тең етіп жаңа күш – білім мен білімді ұрпақ. Сондықтан да Отанымыздың келешегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – жас буынды заманның ағымына сай технологияларды жетік меңгерген, жан-жақты білімді азамат етіп тәрбиелеу аса маңызды істің бірі. Дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларға бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды ізгілікті, құзырлы, тұлғалық қасиетке бейімдеу өмір талабы. Дегенмен елімізде болып жатқан нарықтық жағдайға байланысты мектеп оқушыларында, әсіресе жоғары сынып оқушыларының арасында адамгершілік, ізгілік сезімдері азайып кеткені, көп оқушылардың мінез-құлқының өзгеруі, өзінің жеке басы үшін өмір сүру мақсаттарының туындауы мектеп мұғалімдері мен ата-аналар арасында да үлкен алаңдаушылық туғызуда. Осы тұрғыдан қарағанда бүгінгі мектепте ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру қазіргі таңдағы педагогиканың ең көкейкесті мәселесі. Бүгінгі білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өмірлікке білім жүзімен ашылған саналы ақыл сөзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы!».
Қазақстан мектебінің оқу-тәрбие үрдісі осы бағытта жұмыс істеуі қажет.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу.
Екіншіден жеке тұлғаның бойындағы адами құндылықтарды қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.
Үшіншіден білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның адамда адам ете түсетін қасиеттерін ашып көрсету, яғни руханиятын дмыту заман талабы.
«Қазақстан Респуликасы жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында» білім беру жүйесінің негізгі міндеттері төмендегідей көрсетілген:

  • жеке тұлғаның рухани қабілет мүмкіншіліктерін ашу, адамгершілікпен сауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • жеке адамның қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеу, дамыту.

Қай халықтың да тәлім-тірбие мазмұны өзінің көпфакторлы, көпсалалы, дәстүрлі құрылыуымен ерекшеленеді. Ол көпғасырлық тарихына сүйене отырып, жан-жақты ұдайы жетіліп, толысып отыратын динамикалық үрдіс. Қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастарының өзгеріп отыруына байланысты тәрбиеде де жаңа қоғамдық көзқарас талаптары пайда болады. Қоғамдық көзқарастардың ықпал арқылы тәрбие мазмұны да белгілі тарихи толымдылық ерекшелігіне ие болады.
Тәрбиенің мазмұны қоғамдық өмірдің көпқырлы тәжірибелік негізінен, яғни әдет, құқық, мәдениеттен сонымен қатар ғылыми білім, политехникалық, зерделік білім мен дағдыдан тұрады. Өйткені олар бала өмірде белгілі бір салада жетіліп, дамуының бірден-бір көрсеткіші.
Әр түрлі қоғамдық экономикалық формацияларда тәрбие жүйесінің мазмұнына қойылатын талаптар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Жалпы тәрбие мазмұны ғылым мен мәдениеттің өндірістік тәжірибенің, өндірістік күштің дамуына байланысты нақты бір жағдайларға байланысты анықталып отырады.
Тәрбие мазмұны адамгершілік қасиеттерді дамыту мақсатында құқық және құқытық қатынастар тәжірибесімен тығыз байланысты. Бала қоғамның өсіп келе жатқан бір мүшесі, өз мемлекетінің азаматы. Мемлекет заңдарында қоғамның өмір сүру нормалары бекітілген. Заңда көрсетілген нормалармен таныса отырып жасөспірімдер тек қана құқықтық қарым-қатынаста ғана сауатты болып қоймай, оларды бұлжытпай орындайтын патриоттар болып тәрбиеленеді. Тәрбиенің адамгершілік идеясының мазмұнының маңызды құралы болып мораль мен құқықтың өзара байланысы және олардың өзара тәуелсіздігін атап көрсетуге болады. Мораль қоғамдық ойларға сүйенсе, құқық – мемлекеттік күшке сүйенеді. Сондықтан да адамгершілігі жоғары тәрбиелі адамға оның моральдық ұстанымдары құқықтық нормаларды бұзуға жібермейді. Демек, өсіп келе жатқан ұрпаққа адамгершілік және құқықтық тәрбие берудің маңызды бір түрі - өнер. Өнер – қоғамдық сананы белгілі бір бейне арқылы көрсетеді. Ол адамның өмірге деген эстетикалық көзқарас қалыптастыра шығармашылық қызметінің нәтижесі. Балалар қоршаған ортаға шығармашылық қатынас орната, өзін өзі жетілдіре отырып өнер арқылы тани біледі.
Тәрбие мазмұны қоғамдық құбылыс ретінде қарастыра отырып адам денсаулығын нығайту және сақтау арқылы физикалық жетілуінің негізінде жинақталған адамзаттың тәжірибесіне тоқталсақ. Білім мен дағдының бұл аясы бүгінгі таңда өте маңызды болып отыр. Тек өзінің тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіре, дамыта отырып, адам қоғамының белсенді мүшесі бола алады.
Өмірге жаңа аяқ басқан бала қоғамдық қатынастың белгілі бір жүйесіне тап болды. Баланың өзіндік қызметі физикалық және рухани күші ретінде қалыптасса, оның басқа да белсенділік қабілеті, дағдысы жетіліп, оның қоғамға деген көзқарасы мен сеніді саяси және эстетикалық бағыт бағдары қалыптасады.
Тәрбиенің саяси адамгершілік, құқықтық, эстетикалық сенім үрдісі – бұл бала санасындағы отбасы, мектеп, көше, жалпы қоршаған ортадағы қоғамдық қарым-қатынас көрнісі. Егерде біз баланың көзқарасын қалыптастыру үрдісін басқарғымыз келсе, алдыменен қоғамдық тәжірибені игеруді басқара білуіміз керек.
Тәрбие үрдісінде балалар өзіне рухани жақын қоғамдық қарым-қатынастарды таңдай білуі, белгілі бір ортада өзін толыққанды сезінуі, алдына қойған мақсат-міндеттерін айқын білуі олармен тәрбие жұмысын жемісті жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Енді балалардың өмір сүру ортасында қалыптасқан негізгі механизмдерге тоқталсақ. Мұндай механизмдерге тәрбие үрдісіндегі балалардың қарым-қатынасның мәнін білдіретін маңызды түрі – балалардың іс-қимылы мен сөзі.
Егерде балалардың іс-қимыл қызметінің ешқандай тәрбиелік мәні жоқ, тұлғаның қалыптасуына тәрбиенің құралдары тек қана жанама түрде әсер етеді десек, қателесеміз.
Мысалы, дене еңбегі немесе ақыл-ой еңбегін алайық. Еңбек үрдісінде аданың дене күші мен ақыл-ойы дамиды, сонымен қатар алға қойған мақсатқа жету, шыдамдылық істегі нақтылық сияқты қасиеттері де жетіле түседі. А.С.Макаренко еңбек бұл «бейтарап үрдіс» деген сөзінде еңбектен баланың өмірлік көзқарасы мен сеніміне қатысты бейтараптық танытатынын атап өткендігін түсінеміз. Еңбек қатынасын тәрбиедегі тұлға қалыптастыратын бірден бір жағдай десек тағыда қателесеміз. Бірақта баланың өмірге деген көзқарасын адамгершілік тұрғыда қалыптастыруда еңбек шешуші рольдердің бірін атқарады. Сонымен іс-қимыл тұлғаның қалыптасуына біден бір әсер етуші күш. Бала іс-қимыл үрдісі арқылы адами қасиеттерге ие бола бастайды. Саяси-қоғамдық және адамгершілік-эстетикалық бағыттарды таңдай отырып қоғамдық қарым-қатынас орнатуда өзіндік бір орынға ие болады.
Балалардың қарым-қатынас сипаты негізінен олардың іс-қимылдарының мазмұнына байланысты. Іс-қимыл мазмұны неғұрлым әлеуми бағасы және құнды болса, соғұрлым педагогикалық ұйымның деңгей жоғары болады. Жоғары адамгершілік және эстетикалық іс-қимылдың әлеуметтік мазмұнын тереңдете отырып тұлға қалыптастыруда үлкен бір рөл атқарады.
Балалардың заттық-сезімдік іс-қимыл және сөзі, тілі, қарым-қатынасы тәрбиелік мәнге ие. Өйткені ол қарым-қатынас құралы ретінде көп ғасырлар бойы жинақталған адамның дүниені тану үрдісін көрсетеді. Еңбектің дамуына байланысты, адамдардың бірігіп іс-қимыл жасауын олардың бір-біріне бірдеңе айтып түсіндіру қажеттілгі туындады деп көрсетті. Ф.Энгельс тәрбие үрдісінің механизмін айқындай отырып қалыптасып келе жатқан адамның сөзін заттық сезімдік іс-қимылынан бөліп жаруға болмайды. Сөз еңбек үрдісінде туындады, ол қашанда адамның қоғамдық өміріндегі қарым-қатынасына қызмет етеді.
Сондақтан да сөз әрқашан тәрбие үрдісінде үлкен бір рөл атқарады. Сөз адамның мінез-құлқы және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көп уақыт бойы бағыттап отырады. (И.И.Павлов).
Тәжірибе көрсеткендей белгілі бір жағдайларда сөздің тәрбиемен жағымды әсері көп болмауы да мүмкін. Өйткені балалар үшін тәрбиеші педагогтың өзі моральға толы, бітпейтін ақыл-кеңес сөздері қызықсыз болып, олардың өз өнерін қызықты етіп ұйымдастыруына кері әсерін тигізеді.
Тәрбие үрдісінде сөз жағымда әсер етуші және педагогтармен оқушылар арасындағы тәрбиелік қарым-қатынастың дамуын қадағалайтын күш болу үшін не істеу керек? Ол үшін сөз тәрбие үрдісінде 3 негізгі мағынады:
Біріншіден, сөз балалардың өздеріне қоршаған өмірмен және өзіндік ортадағы қарым-қатынасы нығайту және қадағалау құралы болуы керек.
Екіншіден, қарым-қатынасын саяси-құқықтық, адамгершілік және эстетикалық маңыздылық айқындайтын құрал болуы керек.
Үшіншіден, балалар ортасы және олардың қоршаған дүниедегі қарым-қатынасы деңгейін, әлеуметтік маңыздылығын, адамгершілік құндылық пен эстетикалық қарым-қатынасты көрсету формасы болып табылады.
Сөздің тәрбиелік мәні кез-келген педагогиканың мақсатты қызметтің басымдылығын көрсете отырып ұйымдастыру. Сөз іс-қимыл қызметін ұйымдастырып қоймай оны мазмұны мен бағыты бойынша қызықты тартымды етуге, сондай-ақ еңбектің адамгершілік эстетикалық мәні мен әлеуметтік мәнін шынайы ашу арқылы тәрбиеге қоғамдық қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз тәрбие үрдісін, іс-қимылды ұйымдастырушы қызметін атқара отырып, басқа да өтініш, кеңес, талап сияқты қарым-қатынас формасы болып табылады. Сөз оқушының тәрбие ұжымында алдыңғы қатарлы қарым-қатынас орнатуында елеулі рөл атқарады.
Мысалы, жексенбілікке жауапты белсенділер топ алға қойған (міндетті) жұмысты басқаларға бөліп бере отырып, оны қадағалайды. Бұл жерде сөз оқушыларды моральді жігерлендірудің құралы болып табылады.
Демек, сөзді тәрбие үрдісіндегі педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың алдыңғы қатарлы үлгісі деп есептегу болады. Педагогтың басты міндеті тәрбиеде қарым-қатынас туындайтын балалардың іс-қимылын дұрыс ұйымдастырудан тұрады. Сонымен тәрбие үрдісіне тән тағы бір ерекшелігі балалардың іс-қимыл, қарым-қатынасын алдыңғы қатарлы қоғамдық қатынастар арқылы ұйымдастыру.
Бірақта саяси, құқықтық, адамгершілік және эстетикалық көзқарас пен сенімділік үрдісін қалыптастыру қиын және ауыр. Өйткені тұлғаның көзқарасымен сенім тәрбиелеу және қалыптастыру қоғамдық қарым-қатынастың шешуші әсері арқылы жүзеге асырылады. Балаға педагогтардың арнайы ұйымдастыратын тәрбиелік қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның жағымды құбылыстарымен қатар қоғамымыздағы етек алып отырған жағымсыз қарым-қатынас, яғни заман талабына сай емес құбылыстар да әсер етеді. Осыдан барып тәрбие үрдісіндегі негізгі қайшылықтар педагогтың балалардың бойына жоғары адамгершілік пен эстетикалық мұраттарды және басқа да қарым-қатынастарды заман талабына сай емес сипатта дарытуға ұмтылуынан яғни, антипедагогикалық әсерден туындайды. Өмірде педагогтың күш салуына қарамастан балада өтірік, жағымсыз, адамгершілікке жат эстетикалық әдеттер мен ұғымдар қалыптасады. Осы жағдайларды объективті өмірмен құбылыс ретінде тани отырып, біздер оны белгілі бір жетістікпен жеңе білуіміз қажет. Тәрбие үрдісіне тән ерекшеліктерді ұғып түсіну, біздің ойымызша педагогика теориясының қиында ауыр мәселелерін жетістіктермен шешу – педагогика ғылымында зерттеп жатқан заңдылық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет