Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оқыту үдерісін жетілдіру жолдарын іздестіру



бет51/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   160
Оқыту үдерісін жетілдіру жолдарын іздестіру. Дидакттар психологтармен бірге оқытудағы жадыға күш түсіретін жаттанды әдістің орына, шығармашылық танымдық әрекетті дамыту жолында ізденістер жүргізуде. Оқушыларға қойылатын міндеттерді шешу үшін оларға дайын жауаптар берілмейді: бұл жағдайда оқушылар жауап табу үшін ізденіп, өздері ойлануға тиіс. Соңғы жылдары И.Я.Лернер, М.И.Махмутов білімді өзбетінше іздеу, шығармашылық ойлауды дамыту үшін танымдық іс-әрекетті белсендіретін проблемалық оқытуға ерекше назар аударып зерттеуде.
Бұрынғы кезеңдегі дидактикада мұғалім бағдарламада көрсетілген материалдың бәрін жүйелі түрде түсіндіретін. Осындай түсіндірілген материалдан кейін, оқушыларға өзіндік тапсырма орындататын, ондағы мақсат түсіндірген материалды бекіту және дағдыны жаттықтыру. Енді мұның бәрі өзгеріске ұшырады: дидактика бағдарламадағы барлық сұрақты түсіндірмейді және барлық білімді жүйелі және дайын күйінде баяндамайды, оның бір бөлігін оқушының өзбетінше ізденуіне қалдырады; дайын білім берудің орнына, оқушылар алдына проблемалық мәселелер қояды.
Біртұтас оқыту жүйесінде проблемалық оқытудың нақты орны мен көлемі әлі анықталған жоқ. Ол үшін барлық пәндер бойынша зерттеу жүргізіп, курстың арнайы мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек.
Сонымен қатар оқушылардың түрлі анықтамалық кітаптарды қолдану дағдыларын қалыптастыру қажет.
Педагогика ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Ю.В.Шаров: «Бірнеше ондаған жылдар бойы қоғамдық-саяси және педагогикалық басылымдарда мектеп жұмысының нәтижесін бағалау сынға алынып келе жатқаны белгілі. Мектептегі оқу үлгерімін пайызға шағу маңызды көрсеткіш болғанымен, ол жұмыстың тек бір қырын ғана сипаттайды. Білім бойынша мектеп бірінші орынға шыққанымен де, оқушылардың еңбек және эстетикалық тәрбие сапасы төмен. Бірақта оған көңіл бөлінбей келеді. Мектептегі оқу үлгерімінің көрсеткіштерінде оқушылардың адамгершілік, эстетикалық дамуы, еңбекке дайындықтары, кәсіби қызығушылықтары да ескерілуі керек» (Учительская газета, 1976, 19 август).
Мектепте бағдарламалық оқытуды қолдану мәселесін талдау қажет. Бірнеше жылдар бұрын біз бағдарламалық оқытуды мектепке ендіру туралы пікр айтқан едік. Бағдарламалық оқытуға түрлі пікірлер айтылып, қазір оған қызығушылық төмендеді. Солай болғанымен де, бағдарламалық оқытудың құнды дидактикалық мүмкіндіктері бар, оларды ескеру керек..
Бағдарламалық оқыту оқушының шешетін оқу міндеттерін нақты анықтап, тақырыптың мазмұнын игеруге мүмкіндік береді.
Бағдарламалық оқыту сынып оқушыларының өзбетінше белсенді жұмыс жасауын ұйымдастыруға және жеке оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларды саралайды, олардың кебіреулері негізгі тапсырманы орындамаса да, қосымша тапсырмаларды орындауына мүмкіндіктері болады.
Бағдарламалық оқыту оқушылардың өз қадамының дұрыстығын бақылап, оны түзетуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім оқушы қызметінің тек соңғы нәтижесін бақылап қоймайды, оның материалды толық игермеген тұстарын анықтайды. Мұндай мүмкіндіктер сынып оқушылары ның оқуын тұтастай бақылап, дер кезінде түзетеді және жеке оқушыларға қажетті көмек көрсетіледі.
Тиімді ұйымдастырылған бағдарламалық оқыту, мұғалімнің қолында оқушылардың танымдық белсенділігін басқаратын құралға айналады.
Оқыту формасын жетілдіру және оны ұйымдастыру қажет. Сыныптық-сабақ жүйесін сынға алушылар қатары жиі кездеседі. Оған тағылатын сын оқушылардың жеке танымдық жұмыстарын ұйымдастырып, ұжымдық жұмыс жасауға келмейтінін айтады. Сабақтағы фронтальды жұмыс ұжымдық жұмысты тым аз мөлшерде жүзеге асырады: оқушылар қатар отырғанымен де, жұмысты жеке орындайды. Ортақ мақсат болғанымен, ұжымдық жұмыс жүрмейді.
Шетелдерде тіпті сыныптық-сабақ жүйесінен бас тартып, оның орнына мектепте немесе үйде индивидуальды бағдарламалық оқытуды ұсынады.
Оқытуды ұйымдастыру формаларын іріктеуде және оның барлық түрлерін қолдануда бір жақтылықты ұстануға болмайды. Әр форманың мүмкіндігі мен жетістіктерін анықтап қолдану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет