Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


- кесте. Сабақтан кейінгі оқушылардың жеке жауаптары



бет58/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   160
1- кесте. Сабақтан кейінгі оқушылардың жеке жауаптары



Сыныптар


Жапырақтың ішкі құрылысы

Жапырақтың сыртқы құрылысы

дұрыс

қате

жауап жоқ

дұрыс

қате

жауап жоқ

V А

42

2

11

36

1

13

V Б

23

6

26

26

3

21

Паралелль сыныптарда оқушылардың білім сапасы бірінші сабақ бойынша мейілінше жоғары болады, екіншімен салыстырғанда. Өйткені I сәйкестік формасындағы жапырақтың ішкі құрылысына арналған оқу материалында қолданылған нәзік талдаудың тиімділігі мейілінше жоғары болды, жапырақтың сыртқы түрімен таныстырғандағы тұрпайы талдауды қолданғаннан гөрі.


I сәйкестік формасының тиімділік дәрежесінің ерекшелігі бастауыш сынып оқушыларын обьектінің сыртқы түрімен таныстырғандағы сөзі мен көрнекілік байланысында да байқалды.


Николай Кириллович Гончаров

Н.К.Гончаров РСФСР Педагогика ғылымдар академиясының академик мүшесі. Оның «Педагогика негіздері» еңбегі (1947), «Педагогика мәселелері» еңбегі (1960) басылып шықты. Оның ғылыми мақалалары педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістері, В.И.Лениннің комсомолдың III сьезінде сөйлеген сөзі – кеңес педагогикасының маңызды


қайнар көзінің бірі, Н.К.Крупскаяның педагогикалық мұралары және қазіргі мектеп, оқыту теориясы, орта мектепте политехникалық білім беру тәжірибесі мен РСФСР Педагогика ғылымдар академиясының міндеттері, мектеп дамуындағы жаңа кезең және орта мектептің міндеттері мәселелеріне арналды.


Педагогика мәселелері


Автордан

Аталмыш еңбек педагогика ғылымының түрлі мәселелеріне арналған. Әр кезеңде жазылған еңбектерге кейбір жеке өзгерістер ендірілген. Мақалалар үш бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім педагогика ғылымының жалпы мәселелеріне, жеке мақалалар В.И.Лениннің педагогикалық пікірлеріне арналады. Екінші бөлім мектептегі оқыту мәселелері мен Кеңестік педагогиканың 40 жылдығына арналған мақалалардан тұрады. Үшінші бөлім КСРО мектептерін жаңаша қайта құру мәселелерін қамтиды.




Саясат және педагогика. Жас ұрпақты тәрбиелеу теориясы мен практикасы ешқашанда саясаттан тыс тұрған емес. Саясат қоғамдық өмірдің барлық саласына, соның ішінде мектеп пен тәрбиеге де ықпал етеді.
Біздің партияның, Кеңес үкіметінің саясаты – коммунистік қоғам орнату. Коммунистік партия өзінің мақсаты мен міндеттерін ашық қойып, оны жүзеге асырады. Ол өз саясатын тікелей және ашық түрде жүргізеді. Партия өз саясатын бүкіл халықтың мүддесіне айналдырады, өйткені ол халықтың мүддесіне қызмет етіп, оны қолдайды, шынайы демократиялық саясат, яғни халықтың саясатын жүргізеді.
Ленин саясатты көпшілік жасайды деп үйретеді. Көпшіліктің саясат жасауы үшін, олар ұйымдастырылып, басқарылуы тиіс. Біздің партия халықты ұйымдастырып, оларды саналы түрде ынтымақтастыққа келтіріп, олардың саяси және моральдық бірлігін, соның қатарында мәдени тәртіптібін қалыптастыру үшін қажымай ерен еңбек етеді. Еңбекші халық партияның жолымен жүреді, өйткені ол олардың мүддесін толығымен қорғайды.
Тәрбиеге саяси қатынас орнату, тәрбие теориясын практикамен байланыстыруға мүмкіндіктер береді. Осының салдарынан педагогика ғылым ретінде мектептердің ауқымды фактылық материалдары мен тәжірибелерін талдап, онан ғылыми тұжырымдар жасап, практикада қолданады. Тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселесіне саяси қатынас орнату, басқа да педагогикалық құбылыстарды, қоғамдық орындармен көп түрлі қатынасқа түсіру мүмкіндіктерін іске асырады. Осылайша педагогика ғылыми тұрғыдан принципиалды және нақты тұжырым мен қортындылар жасайды.
Педагогика теориясына саяси қатынас орнату, жас ұрпақтарды тәрбиелеу, білім беру, оқытуға партиялық көзқарасты дамытуды қажет етеді.
Кеңестік педагогикада кеңестік саясатты басшылыққа алу нені білдіреді? Оның мәні, ең алдымен, кеңестік педагогика тәрбиелеу және білім беру мәселелерін коммунистік қоғам құру тұрғысынан шешуі керек.
Коммунистік қоғам марксизм-ленинизм теориясының негізінде құрылады. Сондықтан біздің педагогика тек марксистік-лениндік теория негізінде біртұтас көзқарасты дамытып, қоғамның даму заңын зерттейтін алдыңғы шептегі ғылым саналады. Маркстік-лениндік теория, қоғамның дамуындағы педагогиканың жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны мен рөлін түсінуге мүмкіндік беріп, кеңес мектебінің мол тәжірибесін қорытындылауға көмектеседі. Кеңес мектебі бұрын соңды болмаған жол салып келеді. Кеңес мектебінің мақсаты тәжірибені зерттеп, оны қорытындылаап қана қоймай, болашақтағы тәрбие мен білім беруді дамытудың жолын белгілеуі керек (В.И.Ленин. Сочинения, т.10, с.168).
Педагогика ғылымын дамыту үшін Кеңес үкіметінің саясатын басшылыққа ала отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, тәрбие мен білім беру жүйесін жаңаша құруды қажет етеді. Біздің қоғамда жан-жақты тәрбиелеу бұл келешектің идеалы емес, бүгінгі күннің талабы.
Адамзаттың ең алғыр ойлы өкілдері тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуді армандаған. Кейбір дара тұлғалардың (Томас Мор, Кампанелла) тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу туралы утопиялық ойлары мен педагогтардың ақиқаттан алшақ пікірлері, шынайы өмірмен жанаспаған еді. Тек Маркс пен Энгельс осы мәселені ғылыми тұрғыдан шешті.
Біздің социалистік мемлекетіміздегі әр адамның еңбек ету, демалу және білім алу құқықтары бар, мұндағы қоғамдық-экономикалық жағдайдың өзі, адамның жан-жақты білімді болуын, еңбек етуін, дамуын талап ететін педагогикалық теорияны қалыптастырып, тұлғаны жан-жақты дамуытуды өмірге ендіреді.
Педагогикаға саяси қатынас орнату, адамның жаңа сипаты мен моральдық сапасын тәрбиелеуді білдіреді. Адамның жаңа сипаты мен моральдық сапасын тәрбиелеу үшін, ең алдымен саналылықты қалыптастыруды және еліміздің алдына қойылған міндеттерді саналы түсінуді талап етеді. Баланың санасы біртіндеп дамиды, бірақта осы сана социалистік болуы тиіс. Біздің жағдайымызда, социалистік сана қалыптастыру үшін, тұлға ең алдымен жекелік пен қоғамдықты жете түсіне білуі керек. Мектепте жекелік пен қоғамдықты түсінуді тәрбиелеуге бола ма? Әрине болады және қажет. Алғашында бұл түсніктерді, ең қарапайым және көрнекі түрде тәрбиелеуге болады. Мектеп мүлкін, оқулықтарды күту, ересек адамдардың еңбегін (әсіресе, мұғалімнің), мектеп ұжымын құрметтеу және балалардың шамасы келетін жұмысқа араласу. Біздің жағдайымызда оқу мен еңбекке оқушының қатынасы, тек оқушының немесе отбасының жеке басына қатысты ісі болмайды, ол қоғамдық мүддеге қатысты іске айналуы тиіс.
Социалистік қоғам мүшесінің әрқайсысының ең алғашқы және маңызды міндеті, мемлекет мүддесін, өз мүддесінен жоғары санауы тиіс. Социалистік мүдде бәрінен де жоғары. Біз оқушыларға әр адамның мүддесі тек қоғамдық мүдені тұтастай қанағаттандырумен байланысты екенін түсіндіріп, олардың саналы түсінігін жетілдіруіміз қажет.
Жоғары өнімділік пен еңбек мәдениеті біздің жарқын болашаққа жылжуымыздың, отанымызды күшейуі мен өркендеуін дамытудың маңызды шарты болады. Онсыз әр адамның тұрмысы жақсаруы мүмкін емес. Осының бәрі жас ұрпақтың санасында қалыптасуы тиіс. Жас ұрпақтың жоғары саналылығы, табиғат пен адам қоғамының ғылыми негіздерін терең және берік меңгерумен қатар, қоғамдық өмірге араласуымен тығыз байланысты. Сондықтанда жастарды жоғары саналылық пен идеялылыққа тәрбиелеу, оқу сапасын артырумен және өнімді еңбекпен байланысты болады.
Кез келген мемлекеттің саясаты неден білінеді және жастарды тәрбиелеуде қандай идеология қолданылады? Мемлекеттік саясат пен идеология тәрбиелеу мақсаты мен білім мазмұнында берілетіні белгілі. Білімнің мазмұны оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқулықтарда ашылады.
Біз оқушыларға ғылыми негізде білім береміз. Ол оқушыларға табиғаттың және адамзат қоғамының даму заңдылықтарын оқытады. Дейтұрғанмен де, еліміздің алдында тұрған шаруашылық-саяси міндеттер, оқушылардан терең білімді, білімін практикада қолдануды, білім беруде саяси бағыттылықты ұстануды және тәрбиелеуді талап етеді. Жас ұрпақтың санасын тәрбиелеу біздің өміріміздің талабынан туып отыр, бүкіл қоғамды дамыту саналылықты қажет етеді.
Тәрбиелеу мен білім беруге саяси қатынас орнату, баланың физикалық және рухани дамуын қажетсінеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу – баланы зерттеуге мол мүмкіндіктер береді. Бұрынғы кезең педагогтары баланы жан-жақты зерттеуді армандаған болатын.
Буржуазиялық педагогика, өз иелерінің әлеуметтік тапсырысын орындауда оқушыларға ғылыми емес әдістерді және тесттерді, саулнама ларды қолданады. Қазір бұл әдістерді буржуазиялық педагогтар «жетілдіруде».
Кеңес педагогтарына ол тесттердің баланың ақыл-ой дамуын анықтайтыны белгілі. Буржуазиялық елдерде еңбекші халықтың балаларының ақыл-ойын тесттер арқылы тексеріп, олардың ақыл-ой қабілеттері төмен деген желеумен, онсыз да төмен деңгейде берілетін білімді шектейді. Буржуазиялық педагогтардың зерттеу әдістерінде үстем тап өкілдерінің саясаты басымдылық көрсетіп, жұмысшылардың балаларының ақыл-ой қабілеті төмен деп, көрсеткілері келеді.
Біздің еліміздегі ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері педагогика ғылымының дамуымен – жас ұрпаққа коммунистік тәрбие мен білім беру ғылымының, Коммунистік партияның халыққа білім беру саясатының мәселелерімен анықталады. Біздің зерттеу әдістеріміз баланы тәрбиелеу мен білім беруге бағытталып, кеңес мектебінің мол тәжірибесін қорытындылайды. Балалар туралы марксистік ғылым жасау және оларды мұқият зерттеу үшін, олардың физикалық және рухани дамуын білу керек. Бұл әдістерді педагогикалық үдерісті зерттеу арқылы, оның жағымды және жағымсыз жақтарын анықтауға болады.
Сонымен қатар біз ұмыт қалдырған, баланы тәрбиелеу мен қалыптастырудағы ең басты факторы - әлеуметтік орта және оны зерттеу әдістері. Мұның себебі, өз кезеңінде «ленинге қарсы мектеп рөлінің төмендігін» ұстанғандардың, онан кейін педологтардың бала тәрбиесіндегі мектептің рөлін төмендетіп, ортаның рөлін жоғары бағалаған еді. Мұнда ортаның, балаға жағымсыз қырлары көрсетілген болатын. Біздің Орталық Партия комитеті өз шешімдерінде мұндай ғылымға қайшы ойларды теріске шығарады. Бірақта бұл шешімдер педагогика ғылымының әлеуметтік ортаның тәрбие факторы екені назардан тыс қалдыруын білдірмейді. Бала тәрбиесінде мектеп жетекші рөл атқарады, бірақта тек мектеп қана тәрбиелемейді, отбасы және барлық қоғамдық орта тәрбиеге қатысады. Кеңес мектебінің ерекшелігі мектеп пен ортаны бір-біріне қарсы қоймайды. Біздің әлеуметтік орта, ол социалистік құрылыс, өзінің алуан түрлі бейнелерінде, жаңа қоғам адамдарының шығармашылығын құрайды. Біздің ортада жағымсыз құбылыстар да кездеседі, бірақта олар біздің шындықты анықтамайды.
Адам өзін тек қоғамдық ортада көрсете алады, онсыз қоғамдық адам да болмайды. Социалистік қоғамдық орта, адам қабілеттерінің мейілінше ашылуына мүмкіндіктер береді.
Біздің мектеп социалистік ортада қызмет ететіндіктен де, педагогика осы ортаны жоққа шығара алмайды. Ортаның мол мүмкіндіктерін қолдана отырып коммунистік тәрбиені табысты түрде іске асыруға болады: ортаның жағымсыз тұстарын (кейбір адамдар санасындағы ескі түсініктер) біле отырып, мектепті теріс ықпалға қарсы қоюға болады.
Қорыта келе, педагогиканың қай бөлімін алып қарасақ та, тәрбиелеу мен білім беру мәселелері саясатпен тығыз байланысты болады. Педагогика теориясының саясатпен байланысы педагогикаға күш қуат береді, оны социалистік құрылыспен байланыстырады. Кеңес үкіметінің саясаты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтай отырып, педагогика ғылымының негізін құрайды. Тәрбие мақсаты социалистік қоғамның даму заңдылықтарынан шығады, өмірдің талабынан туады. Балалрды жан-жақты тәрбиелеу келешекті меңзейтін қиял да, арман да емес, ол бүгінгі күннің өмірлік талабы, өйткені социалистік жүйе шаруашылығы жан-жақты дайындалған адамдарды қажет етеді.
1947 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет