Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оқушылардың білімін тексеру және бағалау



бет48/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Оқушылардың білімін тексеру және бағалау. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау үшін оқытудың жалпы міндеттерін орындай отырып, өзіне тиісті арнайы міндеттерді - оқу көлемін, тереңдігін және оқушының игерген білімнің беріктігін, білімін бағалауды жүзеге асырады. Сонымен бірге оқушыларды жақсы оқуына түрткі тудырады, оқу үдерісін реттеп, білімін жетілдіреді. Оқу үдерісінің осы бөлігінің ерекшелігі, оқушылардың игерген фактыларын, түсініктерін, біліктері мен дағдыларын мұғалім толықтай тексеріп бағалайды. Нәтижелі тексеру жүргізу үшін оқушылардың білімін бекіте отырып, жаттықытыру барысында игерген білім, біліктері мен дағдыларын тексеруге, олар үнемі дайын болулары тиіс.
Білімді бақылау және бағалау маңызды оқыту рөлін атқарады. Бірақта бұл бөлік, оқыту оқыту үдерісінен басқаша жүреді. Мұғалімнің оқытуы мен тікелей беретін тапсырмасы, жаттығуларды орындатуы, бұл бөлікте ондай рөл атқармайды. Оның орнына мыналар қолданылады: оқушының берген жауатпары мен орындаған бақылау жұмыстарындағы жетістіктері мен жіберген қателіктері талданады; берілген жауапты, шығарылған есепті бағалау, жазылған диктантқа берілген бағаны негіздеу; оқушылардың білімін арттыру және жіберген қателерінен арылу үшін кеңес беру.
Оқушылардың білімін тексеру және бағалау оқу үдерісінің ерекше бөлігі, оның өзіне тән логикасы бар, ол пәннің және түсіндіретін тақырыптың логикасына сәйкес келмейді. Тексеру логикасының жоспары, тексерудің оқу үдерісіндегі белгілі бір тақырыптың алатын орнына байланысты болады. Білімді тексеру мен бағалаудың шынайылығы, оқушылардың білім, білік, дағдыларына жан-жақты көзқасарпен қарауды қажет етеді. Теориялық білімді тексеру үшін оқушыға есеп шығарту және практикалық тапсырманы орындату, білімді дұрыс бағалауға және оны жетілдіруге көмектеседі.
Бірізді фронтальды-тақырыптық тексерудің мақсаты - оқушыға оқытылатын бөлім, тақырып материалдарының логикасының дамуын терең игерту. Оқытудағы маңызды рөлді білімді тексеру мен бағалаудың ойландыратын түрлері - оқушылардың тапқырлығын анықтау, қойылған міндетті шығармашылықпен шешу атқарады.
Білімді тексеру мен бағалау барысында білім жетілдіріледі. Дұрыс белгіленген тексеру, ол мұғалімнің логикаға негізделген нақты және бірізді сұрақтары, оқушылардың жеткен жетістіктерін обьективті бағалауы - оқушылардың білімін жетілдіріп, танымдық күштерін дамытады.
Дұрыс қойылған сұрақ оқушы жауабын нақтылайды. Оқушының жауабын түзетудің түрлі жолдары бар. Кейде оқушының жауабына мұғалімнің аң-таң болып қалуы, оқушы үшін жеткілікті тәсіл болады. Егерде ойлау үдерісінің барысында оқушы жауабында күрделі қателік жіберілсе, онда оқушының жауабына қарама- қайшы келетін тәсіл арқылы қатесін түзетуге болады.
Кейбір оқушылар үшін ауызша жауаптан жазбаша жауап беруге ауысу қиындық келтіреді, өйткені жазбаша жауапта оның дұрыстығы немесе қателігі туралы мұғалімнен белгі ала алмайды.
Ауызша және жазбаша тексерумен қатар, білім мен дағдыны практикалық тұрғыдан тексеруге болады: құралдарды дайындап, тәжірибе жүргізу, өмірлік мысалдар арқылы есеп шығару, жерді өлшеу (күрделі емес) және т.б.
Білім, білік, дағдыны жетілдіру үшін жіберілген қателермен жұмыс жүргізудің маңызы зор. Ол оқушының белсенді және өзбетінше жұмысы арқылы орындалса, пайдалы болмақ.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын және оқу үдерісінің кез келген бөлігін тексеру және бағалау, оқушылардың танымдық күштерін әсіресе ойлау, сөйлеу және ес-жадысын дамытады. Оқушының осындай сапаларын дамытуға жағымды ықпал ететіндер: білімді тексеру сабақтарының негізделген логикалық жоспары; оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын (салыстыру, теңестіру, классификациялау және т.б.) тапсырмалар мен сұрақтар; оқушыларды өзбетінше ойландыратын және шығармашылығын дамытатын сұрақтар мен тапсырмалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет