Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет118/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

2.Оқулық мәтінімен жұмыс. Өзіндік жұмыс үшін оқушыларға түрлі жазбалардан материал береді. Әдетте бұл оқулық. Мүнда материал оқушының жас ерекшелігіне және оқу бағдарламасына сәйкес беріледі. Мысалы:
а) сұрақтар түріндегі тпапсырмалар, оқу мәтінінің бірінші сөйлемін сөзбе-сөз қайталайтын;оқушы берілген сөйлемнен сәйкес сөзді іздеуі керек;
б) сол тапсырма, тек қажетті сөйлем тараудың ортасында немесе соңында орналасқан (жасырын);
в) сөйлемдегі бос орынды толықтыру,сөздердің реттілігі оқулықтың сөйлемдеріне сәйкес келмейді.
г) мәтіннен сөздерді, атауларды, ұғымдарды, сандарды, т.б. табуды талап ететін тапсырмалар;
д) оқулықта сөзбе-сөз келтірілген анықтамаларды табуға арналған тапсырмалар;
е) үзіндіден сұрақтың көмегімен негізгі ойды табу;
ж) осындай тапсырма, тек бағыттаушы сұрақ болмайды;
з) оқылғанммәтін бойынша жоспар құру;
и) материалды бұрын оқығандармен салыстыру;
к) осындай тапсырма,тек салыстыру материалын өз бетімен табу керек;
л) салыстырмалы кестелерді, диаграммаларды,сызбаларды құру;
м) конспектіні құру;
Жоғарыда аталған тапсырма түрлерін оқу материалын қайталау үшін де қолдануға болады. Әсіресе, салыстыруды, жалпылауды, жүйелеуді талап ететін тапсырмалар тиімді. Қайталауда кестелерді құру жиі қолданылады. Сөздікпен жұмыс жасау үшін де әртүрлі тапсырмалар құрылған (орфографиялық сөздік, орыс және шетел тілдері сөздігі,т.б.). Сөздіктен оқулық материалын толықтыратын мәліметтердің, сөздердің, ұғымдардың мағынасы ізделінеді. Әдебиет сабағында, өзге де пәндерде иллюстрциялық материал (тарихи роман, ғалымдардың мемуары,т.б.) ретінде көркем әдебиетпен жұмыс жасау үшін тапсырмалар беруге болады.
3. Жаттығулар. Жаттығу икемдер мен дағдылардың қалыптасуының негізгі әдісі ретінде оқушылардың өзіндік жұмысының ауқымды бөлігін құрайды, әсіресе тілдер мен математика бойынша жаттығулардың әртүрлілігі шексіз. Жаттығулар жинағы мен оқулықтар әдетте пәнді меңгеруге қажетті материалдардан тұрады. Мұндағы жаттығуларды өзіндік жұмыс үшін қолдануға болады. Алайда жаттығулардың көптеген жинақтары монотондылығымен, әртүрлілігімен ерекшеленеді. Кейде өзіндік ойлау әрекетін күшейтпейтін тренингтік тапсырмалар басым келеді. Мұндай жағдайда мұғалім шығармашылық тапсырмаларды қосымша беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет