Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет26/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Мәскеу бөлімшесінің орталығы. Мәскеу орталығында: 1) зерттеу жұмысы; мектепке дейінгі салада 3-4 жыл бойына жүргізілген практикалық жұмыс төңірегіндегі өткізілген семинарларда: балалардың жас ерекшеліктері, тәжірибеде қолданылған әр түрлі әдістемелік жұмыстар, балалардың тілін дамыту, сауат ашу жұмыстарының мектепке көмегі қарастырылды; 2) тәжірибе станциясының жұмысын және зерттеулерін жалпы есепке алу. Жүргізілген жұмыстар бойынша станция жұмысының тәжірибесі мен зерттеулерін көрсететін педагогикалық көрме құрылды; станцияның педагогикалық материалдар кабинеті (1400 атау жинақталған) ашылды.
П е д а г о г и к а л ы қ к і т а п х а н а д а ғ ы шетел тілдеріндегі бөлімді «Балалар еңбегі және демалысы» қоғамы жинақтаған. Кітапхана станцияның барлық мекемелеріне консультация және библиографиялық жұмыс жүргізіп, шетелдермен хат алысты.
Педагогикалық техникум. Станцияның бірнеше жылдар бойы жинақтаған материалдары, педагогтар үшін жаңа типті тәжірибелік-педагогикалық курстар ұйымдастыруға мол мүмкіндіктер жасады. Кейіннен ол тәжірибелік-педагогикалық техникум аталып, оқу мерзімі 2 жыл, екі бөлімшесі: мектепке дейінгі және мектеп жұмыс жасады. Ондағы курсанттар саны -110, оқытушылар саны - 25 болды.
Техникум Бірінші тәжірибелік станцияның дербес мекемесі саналып, Басты кәсіби білім беруге қарады.
Жалпы ұйымдастыру. Станцияның педагогикалық басшысы және меңгерушісі қызметін С.Т.Шацкий атқарды, сонымен бірге станцияның жауапты жұмысшылары мен жеке жұмыс түрлерін басқаратын өкілдері де басшылық жұмыстарына қатысты.
Тәжірибелк станцияның зерттеу жұмысына қызығушылық тудырған педагогтар саны өте көп болды. 1921/22 жылдың қыс айында көрмеде 152 экскурсия ұйымдастырылып, оған 4761 адам қатысты, оның сыртында жекелеген 205 адам (солардың қатарында 26 шетелдіктер Қытай, Америка, Жапония, Турция, Германия, Англия, Бельгия, Франция, Испания, Дания, Польша елдерінен) болды. Станция зерттеулері басылып шықты.


Антон Семенович Макаренко (1888-1939)

Аса көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1 наурызда Харьков губерниясындағы Белополье қаласында темір жол жұмысшысының отбасында туған.


Қалалық училищені, онан кейін мұғалімдер даярлайтын курсты бітіргеннен кейін, А.С.Макаренко Крюководағы екі сыныптық темір жол училищесіне оқытыушы болып тағайындалған.
Оның педагогикалық қызметі 1905 жылы, Ресейде бірінші орыс төңкерісінің толқыны кеңінен жайылған кезде басталды, сондықтан оның көзқарасы революцияшыл жұмысшының күшті күрес идеялары негізінде қалыптасқан. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын, темір жол

училищесінде оқытушылық қызметі кезінде өзінің білім дәрежесін көтеру жолында көп ізденіп оқыды.


1914-1917 жылдар аралығында Полтаваның оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1917 жыллдың қыркүйек айынан бастап Крюководағы жоғары бастауыш училищеде инспектор қызметін атқарады.
Қазан төңкерісінен кейін А.С.Макаренко біраз уақыт темір жол училищесінде оқытушы болады. 1920 жылдан бастап ол Полтава губерниялық халық ағарту бөлімінің тапсыруымен, Полтавадан 6 шақырым жердегі заң бұзушы жас балалар колониясын ұйымдастырады. Осы колонияны Макаренко 8 жыл басқарды. Міне, осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің шарықтау кезеңі басталады. Ол тек тәжірибеде ғана емес, педагогикалық теорияда да тамаша табысқа ие болып, іс жүзінде кеңес педагогикасының бірнеше маңызды мәселелерін шешті. Кейіннен А.М.Горький атымен аталған сол колонияның өмірін «Ұстаздық дастан» көркем шығармасында баяндады.
1928-1935 жылдарда Макренко Харьковтағы Ф.Э.Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарды. Осы коммунаның өмірін «Мұнара үстіндегі тулар» деген повесінде баяндаған.
Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу орнынан 3 000-ға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар кеңес азаматы болып қайта тәрбиеленген еді. Олар өздерінің көзқарасы мен қоғамға сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген, жігерлі, табанды тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға ие болған еңбек сүйгіш адамдар болып қалыптасты.
А.С. Макаренко «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» деген шығармаларында баланы отбасында тәрбиелеу мәселелерін зерттеуге көңіл бөлген.
1939 жылы 1 ақпанда кеңес үкіметі Антон Семеновичтің балаларға коммунистік тәрбие беру саласындағы сіңірген еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттаған.
А.С.Макаренко өзінің артынан мол педагогикалық мұра қалдырды, оны 100-ге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет