Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


II КЕҢЕС МЕКТЕБІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА (1941-1970)



бет43/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

II КЕҢЕС МЕКТЕБІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА (1941-1970)
II.1 Жалпы білім беретін мектеп дидактикасы


Михаил Александрович Данилов

М.А.Данилов кеңес педагогикасының көрнекті дидакт-ғалымдарының бірі. Ол кеңес мектебінің жетекші принциптерін ғылымилық, коммунистік идеялылық деп көрсетіп, оқушылардың танымдық қабілеттерін шығармашылық оқу еңбегін дамытуға арнады. Оқыту принциптерін оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтарымен және оның құрамды бөліктерімен байланыстырып қарастырды.


М.А.Данилов кеңес мектебіндегі оқыту үдерісінің негізін қалады. Онда ол оқыту теориясына қатысты оқыту үдерісін жалпы талдау, оқушылардың белсенді оқуына түрткі тудыру, оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауы, оқушылардың білімін бекіту және біліктері мен дағдыларын жаттықтыру, білімін өмірде қолдана білу, оқушылардың білімін тексеру және бағалау мәселелерін зерттеді. Ол Б.П. Есиповпен авторлық серіктестікте «Дидактика» (1957), «Кеңес мектебіндегі оқыту үдерісі» (1960) еңбектерін жазды.


Кеңес мектебіндегі оқыту үдерісі


Оқушылардың білім, білік, дағдысы, олардың игерген білімі мен оқудың жаңа кезеңінің бастау көзінің нәтижесі. Ғылым негіздерін оқытудың екі негізгі қыры бар: оқушыларды жүйелі біліммен қаруландыру және олардың танымдық күшін дамыту. Озық тәжірибелі мұғалімдер ғылым негіздерін оқытудың екі негізгі қырының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етіп, білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізе алады. Дегенмен де, көптеген мектептердің тәжірибесінде оқушылардың білімді игеруі, олардың ақыл-ойларының дамуына өте әлсіз әсер етіп, игерген білімі берік болмайды.
Оқушының ақыл-ой дамуының сандық және сапалық өзгерістері, оның білімі мен психикалық іс-әрекеттерінен көрінеді. Оқушылардың жүйелі білімді белсенді тәсілдер арқылы игеруі, олардың ақыл-ойын дамытады және онда адамзаттың көпғасырлық тәжірибесі шоғырланған, олар осы білімді теориялық және практикалық міндеттерді шешуге қолданады.
Оқу үдерісі түрлі ықпалға ұшырайды. Оқу үдерісінің қозғаушы күші оқу міндеттері арасындағы қарама-қайшылықтардан, оқыту үдерісінің барысында оқушы алдына қойылатын міндеттермен, оның игерген білім деңгейімен және ақыл-ойының дамуынан пайда болады. Оқытудың дамытуға ықпалын мұқият зерттеумен қатар, керісінше дамытудың оқуға ықпалын да қарастыру керек. Ақыл-ойдың дамуы оқуға қалай байланысты болса, дәл солай оқыту да, ақыл-ойдың дамуына ықпал етеді. Бірақта осы айтылғаннан, мұғалім осы үдерістердің әрқайсысына бірдей қарайды деуге болмайды. Оқыту оқушының ақыл-ойын дамытуды басқарудағы мұғалімнің сенімді құралы саналады.
Оқу үдерісін дұрыс басқару үшін оның негізгі қозғалыс бағытын білу керек. Кеңестік дидактика мен әдістеме мынадай қағиданы негізге алады: оқытудың негізгі қозғалыс бағыты; ғылым негіздерін жүйелі оқыту; баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу мақсатын анықтау, яғни танымдық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескеру. Ғылыми материалдарды дидактикалық өңдеуден өткізу, оқушылардың білімді саналы және мықты игеруінің, оқу мен дамуының шешуші жағдайы, олдарды өнімді еңбек етуге дайындау және танымдық әрекеттің жаңа деңгейін - обьективті әлемнің құбылыстарын білуі тиіс. Оқу үдерісін мұқият талдағанда, оның логикасы анық байқалады.
Оқыту оқумен толықтай сәйкеспейді, оқушының шынайы игерген білімі, мұғалімнің оқытқанымен сәйкес келмейді. Оқыту табысты болу үшін, оқу пәні, оқыту және оқу өзара тығыз әрекеттесуі тиіс.
Дұрыс құрылған оқыту сипаттамасының басты белгісі, оның ішкі күшінің қозғалысы. Оқытудың қозғаушы күші, ол оқушының «өсу қиындығы», яғни оқыту барысындағы оқу және практикалық міндеттер мен, оқушылардың игерген білім деңгейімен, танымдық күшінің дамуы арасындағы қарама-қайшылықтар. Оқытудың қозғаушы күші болатын қарама-қайшылық, белгілі бір жағдайда пайда болып, (тікелей немесе келешекте) шешіледі. Маңызды шарттың бірі «мазмұндылық» оқушыларға арналған қарама-қайшылық, яғни оқушының түсінігіндегі қарама-қайшылықтың мағынасы. Оқыту өте күрделі құбылыс болғандықтан, оған алуан түрлі қарама-қайшылықтардың болуы тән.
Оқушылардың саналы және мықты білімі, біліктері мен дағдылары оқыту үдерісінің негізгі бөліктерінің оқу тақырыбына сәйкестігіне және оқу пәнінің аумағында іске асады. Сонымен қатар білімді игеру және оқушының танымдық күшінің дамуы, оқушының орындаушылық, өзбетінше оқуы, көшіре білуі және шығармашылық әрекетіне қатысты болады. Оқушының бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа өтуіне байланысты өзбетінше жұмысының мазмұны күрделене түседі. Оқытудың табыстылығына қол жеткізу үшін, оқушының танымдық және практикалық белсенділігін қоздырып, өзбетінше ойлауға, іс-әрекетке, еңбекке үйретуге болады.
Оқытуда білім, білік және дағды түрлі рөл атқарады. Оқытудың мәні, білім, білік және дағдының бірлігін, оқушының жеткен жеке табысын, ойлау құралын және практикалық әрекетін қамтиды.
Біз қозғаушы күшті білдіретін оқытудың жалпы заңдылықтары мен оқытудың даму бағытын анықтадық. Осының бәрі оқыту үдерісінің негізгі бөліктерін және олардың жақсы дамуы жағдайын талдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет