Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


қажетті шарт- оларды білімдер туралы білімдермен таныстыру



бет86/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

қажетті шарт- оларды білімдер туралы білімдермен таныстыру

І тарауда біз оқушы білімді жүйелі түрде меңгеру үшін алғашқы алған білімді қайта құрылымдау керектігін көрсеткен болатынбыз. Ол үшін оқушыға белгілі тәсілдер қажет. Оның тәсілі ретінде ғылыми танымныың білімдері мен әдістері алынады. Бұл білімдерді тек пәндік білімдер арқылы оқушылар өз бетімен сезінбейді. Яғни, оқушыларды ғылыми танымның әдістерімен таныстыру керек. Бұл мәселе педагогика ғылымына таныс. Бұл міндет мектептің ресми құжаттарында, дидактика мен әдістеменің қазіргі курстарында көрсетілген. Аталған мәселенің мәнін көптеген зерттеушілер атап өткен (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, С.И. Иванов, Д.В. Вилькеев, С.А. Шапоринский, т.б.). Алайда, дидактикада бұл мәселе жеткілікті түрде қарастырылмаған. Төмендегі маңызды екі мәселе шешімін тапқан жоқ:


1). Оқушылардың білімдер туралы біліммен танысуы үшін білімнің (олардың мазмұны) қандай кешені қажет?
2). Бұл білімді білім берудің мазмұнына қалай енгізу керек?
Біздің көзқарасымыз бойынша бұл екі себепке шартты байланысты. Біріншісі, дидактикада келесі сұраққа жауап жоқ: «Оқушыларға ғылыми танымның білімі мен әдістеріі туралы білім не үшін қажет?», «Оқытудың тиімділігін арттыру үшін бұл білімнің мәні қандай?» Келесі себеп – «Ғылыми таным әдістері» терминінің көп мағыналығы. Кей жағдайда бұл терминді ойлау әрекетінің (индукция, дедукция, талдау, синтез, жалпылау, т.б.) түрлі тәсілдерін белгілеу үшін қолданады. Терминнің мұндай көп мағыналығы ғылыми танымның жалпы тәсілдерінің ерекше тәсілдерімен (нақты әдістемелер) мән жағынан шатасуына әкеледі. Сондықтан білім берудегі әдістнамалық білімнің түрлі қызметін анықтап алу маңызды. Сонда ғана әдіснамалық білімнің кешені толық болады. Осыған орай, білім берудегі әдіснамалық білімнің түрлі қызметтерінқарастырайық.


1. Білім беру мазмұнындағы әдіснамалык білімдердің қызметтері
1.1. Әдіснамалық білімдер – саналылық ұстанымының жүзеге
асу шарты

Оқытудағы саналы ұғынудың дидактикалық ұстанымы меңгерілген білімнің сапасына белгілі талаптар қояды.


Психологиядағы және дидактикадағы «ұғыну» немесе «саналылық» терминінің қолданысын ажырата білу керек. Психологияда «саналылық» термині оқушылардың оқу әрекетіне деген қатынасын, іс-әрекет мотивтерін сипаттау үшін қолданады.
Ал, дидактикада бұл терминді білімді ұғыну, түсіну деңгейін, білім сапасын (оқыту әрекетінің нәтижесі) сипаттауда қолданады. Жалпы алғанда дидактикада меңгерілген білімнің сапасы қозғалады. Алайда дидактикада «ұғыну ұстанымы» жеткілікті түрде қарастырылған деуге болмайды. Өйткені оқытуда оның нақты анықтамалары жоқ.
Көпшілік жағдайда оқытудағы саналылық білімді меңгеру және қолдану арқылы ашылады немесе ол өзге терминмен («негіздеме») алмастырылады. «Дидактиканың саналық ұстанымы дегеніміз – факт, анықтама, заңдылықтар туралы білімді қамтамасыз ететін ұстанымды айтамыз» – дейді Ш.И. Ганелин. Ал Б.П. Есипов былай деп анықтама береді: «Оқытудағы оқушылардың саналылығы ғылыми материалды түсіну кезінде, негізгіні қосымшадан ажыратуда, жаңа деректерді түсіндіру үшін меңгерілген білімді қолдана білуде көрініс табады».
Оқытуда саналылықтың көрініс беруінің жоғары деңгейі – тәжірибеде алынған білімді сәтті қолдана білу.
Жоғарыда келтірілген сипаттамаларды саналы түрде меңгерілген білімнің екі өлшемі көрсетіледі: тапсырмаларды шешуде білімді қолдану және ақыл-ой әрекетінің үдерістерін ұғыну. Біз үшін екінші өлшем маңызды. Оның мәні неде? Л.С. Выготский Ж. Пиаженің зерттеуін негізге ала отырып (баланың тұрмыстық және ғылыми ұғымдарының даму мәселесі), былай жазды: «Ұғыну сананың актісі болып табылады, оның пәні – сананың іс-әрекеті». Яғни ұғыну сана әрекетінің ерекше бағыты. Білімді саналы ұғыну мәселесімен Л.В. Занков, Н.А. Менчинская, В.В. Давыдов айналысты. Оқытуда оқушылардың ұғыну пәні тек білім ғана емес, сол білімнің табиғаты да болу керек (тапсырмаларды шешіп қана қоймай, оларды шешудің тәсілдерін қарастыру, мәтіннен басты мен қосымшаны ажыратып қоймай, оның мәнін ұғыну, т.б.). Мысал келтірейік. Егер де ұғымдарды тануға қатысты тапсырма орындалса, онда оқушылардың әрекеті сапалы болып есептеледі немесе білім саналы түрде меңгерілген болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, егер де оқушы заң, ереже, тәжірибе, теория, т.б. терминдерді қолданса, онда оқушының білімін саналы деп есептеуге болады. Өйткені ол әрбір терминнің мағынасын түсінеді. Бұл мәселеге түрлі уақытта әртүрлі зерттеушілер мән берді. Мысалы, Р.Г. Лемберг өзінің «Орта мектептегі оқушылардың біліміне қойылатын талаптар» атты мақаласында былай дейді: «Оқушыға ешқашан «анықтау» дегенді түсіндірмесе де одан ұғымды анықтау талап етіледі. «Ережені шығар» - деген күрделі логикалық операцияның мәні неде? Бірақ оқушы кез келген жалпылама мен «ереже» арасындағы айырмашылыққа есеп бермейді. Бірақ заңның не екенін білмесе де, оқу жылының соңына дейін бірқатар заңдылықты еш қатесіз құруы мүмкін». Бұл мәтіннің жазылғанына 25 жыл өтсе де, аталған бағытқа қатысты еш өзгеріс енген жоқ. Оған Л,А, Симонованың зерттеуі дәлел: «Оқушылар оқу пәндерін меңгеруде табиғаттың және қоғамдық дамудың бірқатар заңдылығымен танысады (Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, Архимед, Ом, Ньютон заңдары, т.б.). Осылайша 11-сыныптың оқушыларында заңдылықтар жиынтығы жинақталады. Алайда, осыған қарамастан, олар соңғы сыныпта «заң» деген ұғымды еркін негізге ала бермейді. Оқушылардың 25%-і ғана (136 адамнан) бұл ұғымның басты белгілерін аша білген. Тек 1/3-і ғана заңдардың объективті сипатын көрсеткен. Оқушылардың 45%-і заңды – юристік категория деп таныса, 25%-і оны әдептік нормаларға байланыстырған».
Төменде мектепті аяқтаған оқушылардың екі тапсырманы орындау мәліметтері (пайыз бойынша) келтірілген.

  1. Анықтаманың заңнан айырмашылығы неде?

  2. Постулат дегеніміз не?

Кестеден көргеніміздей, физик-студенттердің (болашақ педагогтар мен ғылыми қызметкерлер) 1/3 ғана жалпы ғылыми терминдерді мағынасын түсініп қолданады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет