Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Білім беру сатыларының сабақтастық ұстанымдары



бет82/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

3.7. Білім беру сатыларының сабақтастық ұстанымдары

Қарастырылып отырған құбылыс пен ұстанымның мәні көзге көрініп тұрғандықтан, оларды кең түрде түсіндіруді қажет етпейді. Сондықтан тек сатылау ұстанымының кейбір толықтыруды және нақтылауды қажет ететін аспектілеріне ғана тоқталамыз.


Жалпы білім беруде төмендегі негізгі жүйелі сатылар айқындалған: 1) жалпы мектептің бастауыш сыныптары, 2) орта сыныптар, 3) жалпы білім берудің жоғары сатысы, ОКТУ (СПТУ) және техникумдар, 4) жалпы жоғары білім беру сатысы. Бұлармен қатар мектептке дейінгі пропедевтикалық саты, жоғары оқу орнынан кейінгі, перманенттік айырықша білім беруді айтуға болады. Жалпы білім беруге қатысты сабақтастық ұстанымын сақтау әдетте осы сатылардың үйлесімділігі ретінде түсіндіріледі. Мектеп педагогикасында жалпы орта білім беру мазмұны дәстүрлі түрде біртұтас жүйе ретінде қарастырылып келді. Жалпы білім беруде сабақтастық ұстанымы жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер қиылысына қойылған. Бұл сабақтастық үшін өте маңызды ұстаным.
Политехникалық білім беру сатысында сабақтастық жайына тоқталайық. Жоғары және орта арнайы мектептерде бұрыннан қалыптасқан дәстүр нәтижесінде политехникалық білім берудің осы деңгейінде жүйе жасалды және әлі жалғасуда. Оған дейін политехникалық білім беру басқаша болып, 20-шы және 60-шы жылдардағы қысқа мерзімді шарықтауға қарамастан, политехникалық білім беру жалпы мектепте төменгі деңгейге түсіп кеткен еді. Сонымен бірге арнайы және жоғары мектеп тәжірибесінен алынған көптеген жақсы идеялар назарға алынбады.
Политехникалық білім беру сатыларындағы сабақтастық мәселесі өте күрделі жағдайда екені бұдан бұрынғы тармақшада айтылған болатын. Бұл мәселені оңды шешу эксперименттік тексеруден кейін әкімшіліктің шешімін күтуде. Мұндай экспериментке теориялық база туралы келесі тарауларда айтылады.


3.8. Білім беру мазмұны құрылымының детерминанттары
Білім беру мазмұны құрылымының детерминанттары бұл жұмыста білім берудің құрылымдық компоненттерін бақылауға, оның ішінде олардың өзара байланысына ықпал ететін факторлар аталады. Білім беру мазмұнының детерминдеу факторлары мәселесі тұтас және құрылымдарымен педагогиканың маңызды әдіснамалық мәселелеріне жатады.
Бәрінен бұрын білім беру мазмұны құрылымының детерминанттары білім беру мазмұнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ретінде есептеледі.
Білім беру мазмұнын тұтас айқындайтын көптеген факторлардың ішінен оның құрылымына нақты ықпал ететіндерін таңдап алу керек. Факторларды іріктеуде тек қажеттісін ғана емес, сонымен қатар білім беру мазмұнының құрылымын анықтауға жеткіліктісін де іріктеуге тырысу керек. Басқаша айтқанда, негізгі топ детерминанттарымен бірдей детерминанттарды алып тастау керек.
Білім беру құрылымы иерархиялық болып табылады. Оның деңгейлерінің әрқайсысының өзіндік факторлар жүйесі бар. Сонымен бірге деңгейлік, оқшау факторларды жалпы заңдылықтардың пайда болуы ретінде қарастыруға негіз бар. Детерминанттардың келесі білім беру мазмұнының архитектурасын айқындайтын негізгі топтарын атап көрсетуге болады:

  • жалпы, политехникалық және арнайы білім беру мазмұнының құрылымын теориялық және практикалық оқытуға басқыштылығын есептей отырып анықтайтын детерминанттар;

  • жалпы мектептерде білім беру мазмұнының детерминанттары;

  • арнаулы оқу орындарындағы – кәсіби – техникалық училищелердегі, орта және жоғары оқу орындарындағы білім беру мазмұнының детерминанттары;

  • кейбір оқу курстарындағы, практикалар мен оқу жобаларындағы білім беру мазмұнын анықтайтын детерминанттар.

  • Ең ірі, яғни ең жоғары иерархиялық деңгейдің детерминантына тоқталайық. Бұл детерминанттар тұлға тәжірибесінің негізгі контурын және оның қалыптасуының заңдылықтарын айқындайтын заңдылықтардан шығатын факторлар болып табылады. Мұндай детерминанттар бесеу. Олардың біріншісі білім берудің жалпы және арнаулы ерекше салалары - политехникалық білім беру бөлімдерін айқындайтын заңдылықтар болып табылады. Бұл детерминантты қысқаша әлеуметтік тәжірибенің бөлшектелуі мен қызметтің әртүрін оның жалпылығының дәрежесіне байланысты дербес, жеке орындау факторы ретінде анықтауға болады. Бұл факторға: барлық адам орындайтын әрекет және арнайы қызмет түрлері бөлінеді.

Екінші детерминант - білім беру сатыларының негізгі бірізділігін анықтайтын заңдылықтар жиынтығы: жалпы мектеп – кәсіби-техникалық білім беру – орта арнаулы білім беру – жоғары білім беру – аспирантура – докторантура.
Бұл детерминантты қысқаша білім берудің сатылылығы факторы деп атауға болады.
Үшінші детерминант тұлғаға білім беруді ұйымдастырудың ең жоғарғы, иерархиялық деңгейі білім берудің теориялық және практикалық оқытуының барлық үдерісінің алдын ала бөлінуін анықтайтын заңдылықтар жиынтығы болып табылады. Бұл детерминантты қысқаша әлеуметтік және адамның жеке тәжірибесінің теориялық және практикалық болып бөлінуінің факторы ретінде белгілеуге болады.
Төртінші детерминант тәжірибе мен адамның сапаларының шығармашылықтың пайда болуына қарай бірнеше деңгейге бөлінуіне байланысты. Бұл заңдылықтар мен білім беру элементтерінің тұлғаның көркемөнер, жобалаушылық, зерттеушілік және т.б., сонымен қатар оқытудың дидактикалық жүйесін ерекше етіп құру сияқты шығармашылық сапаларын дамытуды қамтамасыз етуге бөлінуі байланысты.
Бесінші детерминант – адамның жеке дамуының ерекшелігі. Бұл детерминант міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына, қабілетіне және икемділігіне қарай таңдауына байланысты.
Аталған бес детерминанттың артықшылықтары олар білім беру басқыштарын алдын – ала жалпы деңгейде анықтай отырып, басқа иерархиялық деңгейде пайда болады.
Келесі (иерархиялық мағынада) детерминанттың екінші тобы білім берудің әрбір - жалпы, арнаулы және политехникалық – салаларының оны құратын компоненттерге бөлінуіне байланысты. Бұлар теориялық курстар, практика мен оқу жобалауларының түрлері. Басқаша айтқанда, жалпы, политехникалық және арнаулы білім беру мазмұнын «өзгермейтін» сала ретінде құрылымдау деген сөз.
Жүргізілген зерттеу білім берудің кезкелген өзгермейтін саласы үшін жалпы детерминанттар болатынын көрсетті. Сөйтіп, міндетті теориялық пәндерді таңдау екі негізгі фактор бойынша анықталады:
а) ақиқаттың зерттелу аумағының құрылымымен;
б) іс - әрекет құрылымымен.
Осыдан ақиқаттың зерттелу аумағы және іс - әрекеттің құрылымдық бөлігі жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру үшін әртүрлі екенін көреміз. Мысалы, жалпы білім беру үшін ақиқаттың зерттелу аумағы барлық ақиқат шындық; іс - әрекеттің құрылымы ең жалпылама құрылым.
Детерминанттың келесі тобын оқу орындарында – жалпы мектепте, АКТУ (СПТУ), орта және жоғары арнаулы оқу орындарында - білім беру мазмұнының жалпы құрылымын анықтайтын факторлар жүйесі құрайды.
Бұл детерминанттың тұрақты бөлігі келесі түрде айқындалған: кезкелген оқу орнында білім беру мазмұны жалпы, политехникалық және арнаулы білім беруден, сонымен қатар оқушылардың таңдауы бойынша жеке қабілеттерін дамыту мақсатындағы, олардың қызығушылығын, икемділігін қанағаттандыратындай, шығармашылығына бағытталған оқу жобаларынан (жоғары оқу орындары мен техникумдарда), студенттердің оқу –зерттеу және ғылыми – зерттеу жұмыстарынан тұрады.
Бұл жалпы заңдылық оқу орнының типіне қарай былайша тасымалданады. Оқу орнының ерекшелігін есепке ала отырып, білім беру мазмұнының негізгі бөлігі жалпы, политехникалық және арнаулы білім беру сатыларында салынады:
жалпы мектептің бастауыш сыныптарында жалпы және политехникалық білім беру мазмұнының бірінші сатысынан;
жалпы мектептің орта сыныптарында жалпы және политехникалық білім беру мазмұнының екінші сатысынан, сонымен қатар арнаулы білім берудің пропедевтикалық курсынан;
жалпы мектептің жоғарғы сыныптарында және АКТУ –ларда жалпы және политехникалық білім беру мазмұнының үшінші сатысынан (мектепте қарапайым жұмысшы мамандығы, АКТУ –ларда күрделірек);
жоғары оқу орындарында жалпы және политехникалық білім беру мазмұнының төртінші сатысынан және кәсіптік дайындықтың ІІІ мамандық деңгейінен.
Білім беру құрылымының оқу курстарының, оқу пәндерінің, сонымен қатар оқу сабақтарының иерархиялық деңгейін бейнелейтін және екі тобы бар. Дегенмен білім беру мазмұнын ұйымдастырудың бұл деңгейлері дербес әдістеменің құзырына жатады және бұл жұмыста қарастырылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет