Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оқыту үдерісінде теорияны бейнелейтін жүйелер және «білімдер жүйелілігі» ұғымы



бет84/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

2. Оқыту үдерісінде теорияны бейнелейтін жүйелер және «білімдер жүйелілігі» ұғымы.

Оқулықта білім жүйесі оқу материалының жеке бөліктерінің арасындағы логикалық байланыстар негізінде құрылған. Оқулықтағы материалдардың құрылуының басты ұстанымы – жүйелілік ұстанымы: келесі білім алдыңғы білімге сүйенеді. Мысалы, егер де оқушыларға спектроскоп және спектрлік анализ белгілі болмаса, олар зерттеудің астрономиялық әдістерін ұғына алмайды. Оқулықтардағы білім бірлігі – бұл параграф, ал оқулық – параграфтардың сызықтық кезектілігі. Осы көзқарас бойынша барлық білім оқулықта параграф соңында орналасқан. Жүйелілік ұстанымы әр түрлі нұсқада болуы мүмкін. Мысал ретінде оқулықтағы Ньютон механикасының алғашқы берілу жүйесін қарастырайық.


І нұсқа.
1. Ньютонның бірінші заңы (постулат);
2. Күш (ұғым);
3. Күштің өлшемі және оның классификациясы (күш туралы ұғымның қалыптасуы үшін материал);
4. Мысалдар негізінде күштің қосылуы мен бөлінуі (күш әрекетінің тәуелсіздік ұстанымы);
5. Дене салмағы (ұғым);
6. Ньютонның екінші заңы (постулат);
7. Ньютонның үшінші заңы (постулат);
8. Қимыл мөлшерінің сақталу заңы (Ньютон заңдарының салдары);
9. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы – күш туралы ұғымдарды жалпылайтын заң (3-ші пунктке қатысты материал).
ІІ нұсқа.
1. Ньютонның бірінші заңы (1 постулат);
2. Эксперименттік факт негізінде енгізілген салмақ ұғымы;
3. Ньютонның екінші заңына сүйеніп енгізілген күш ұғымы;
4. Ньютонның екінші заңы;
5. Күшті динамометрмен өлшеу;
6. Ньютонның үшінші заңы
7. Күштің жіктемесі;
8. Есептерді шешуде Ньютон заңдарын қолдану;
Осыдан механика бойынша білімдер жүйесін әртүрлі ұйымдастыруға болатынын көреміз. Бірақ кез келген кезектілікте ұғымдар мен заңдылықтардың ретпен орналасуы қажет.
Білім жүйесіне қарағанда, қорытынды жүйе – оқушының санасында байқалмайды. Сондықтан ол туралы айту үшін оқушының санасында теорияның бейнеленуінің моделін құру қажет. Ол үшін ең алдымен ғылыми теорияның құрылымдық элементтерін еске алу керек.
Теорияның бірінші элементі – ғылыми ұғымдар. Әрбір теория бір-біріне тәуелсіз басты ұғымдардың шағын жиынтығымен сипатталады (мысалы, Ньютон теориясында олар төртеу: салмақ, күш, импульс, күш импульсі; Дарвиннің эволюциялық теориясында төртеу: биологиялық эволюция, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, табиғи таңдау).
Теорияның екінші элементі – оның постулаттары немесе басты заңдылықтар, олар да бір-біріне тәуелсіз. Сондықтан олар екінші жолда беріледі (мысалы, Ньютон теориясында олар – 3, Бутлеров теориясында – 4, тұқым қуалаудың хромосомдық теориясында – 2).
Үшінші элемент – салдар. Ол да ерекше үшінші «жолда» көрініс табады. Ол заңдарға тәуелді. Осылайша, теорияны құрайтын, ақпаратты сақтау тәсілі ретінде матрица аламыз. Бұл – қарапайым схема. Матрицада сонымен қатар теориялық және эмпирикалық заңдылықтардың жиынтығын көрсететін кейбір білім ажыратылуы қажет. Оны білімнің «қосымша» қатары деуге болады. Мысал ретінде классикалық механика бойынша матрица келтірейік. «Салдар» сызығында және қосымша қатарда мысал ретінде барлық негізгі білімдер келтірілмеген.
1 сызық. Басты ұғымдар: салмақ, күш, импульс, күш импульсі.
2 сызық. Басты тұжырым: Ньютонның үш заңы.
3 сызық. Салдар: механикалық энергияның сақталу заңы, импульстің сақталу заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет