Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Генетикалық әдіс бала санасын органикалық дамытудың бірегей тәсілі



бет17/161
Дата04.11.2023
өлшемі2,59 Mb.
#121815
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   161
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Генетикалық әдіс бала санасын органикалық дамытудың бірегей тәсілі. Сонымен біз халық мектебінің әдістері мен пәнін анықтадық: әдісі – белсенді және қызықты логикалық ойлауды дамыту, пәні – адамның өмірі. Мұғалім қарапайым мұғалім емес, басшы және оқушының серігі: ол балалардың өзбетінше зерттеулерін басқарушы және балалармен бірге адам өміріне саяхат жасаушы.
Мұғалім басшылық жасағанда, оның идеал туралы түсінігі маңызды рөл атқарады. Өйткені ол мақсатты белгілеп, басшылық жасағанымен, оған балалар өз күштерімен жетеді. Белгіленген мақсат баланың шамасына сай болуы тиіс.
Бала үнемі даму үдерісінде болады, тәрбие баланы дамытады. Даму белгілі үдеріс, оның бастапқы мақсаты мен көздеген нәтижесі болады. Тәрбие мақсаты - баланың ойын дамыту, тәрбиенің бастау көзі – оның санасы, біздің санамызға қарағанда олардың санасы жабайылау. Біздің қателігіміз - тәрбие мақсатына мән беріп, оның бастауын ұмыттық. Баланы оқыту – оған біздің шындықты беру емес, оның өз шындығын біздің шындыққа жақындату, басқа сөзбен айтсақ, оларға өз ойымызға тән өмірімізді таңбай, оларды өзінің сезімдік әлемі арқылы ойландыру.
Менің бұл айтып отырғаным педагогикада – генетикалық әдіс деп аталады. Бала ғылымның шығу тарихын қайталағандай болады. Ол үнемі өзінің қабылдауын оймен тексереді, яғни ғылымның ашқан әлемін қайталайды немесе өзі ашады. Біздің сабақтарымыз – балалар ашқан жаңалықтардың қатары, осы ғана бідің шындықтың өміршеңдігін, бойдан өтетіндігін және баланың саналы сезінуін қамтамасыз етеді.
Генетикалық әдіс Ресейде онша белгілі емес, ал оның Америка мен Гарманияда өзінің қолдаушылары бар.
Әлеуметтік еңбек мектебі. Өмір сүру – шындықты тану және оны өзгерту. Мектептің міндеті - өмір сүруге үйрету. Таным мен еңбек әдістері – мектептің негізгі білім беру мазмұны. Баланың айналасындағы адамдық өмір мен табиғи ортаны тану әдістерін қалай меңгеретіні жөнінде және қарапайым санадан бастап, логикалық ғылыми ойлау санасын дамыту туралы айтқан едік. Енді баланың еңбек әдістерін қалай меңгеретініне тоқталайық.
Идеалды еңбек туралы көп айтылып, мектепте қол еңбегі жүргізіліп, шеберханалар ашылып, баладан қолөнер шеберін жасау қолға алынды. Еңбекке оқытуды баланы түрлі жұмысқа баулу деп түсінуде. Мұндай көзқарас еңбекті тәрбиесінің мақсатын шектейді. Адам – қоғамдық мән иесі; адамның әрекеті - қоғамдық әрекет, міне сондықтан баланы осындай әрекетке дайындауымыз керек. Біз қол еңбегінің орнына кең ауқымдағы түсінік: әлеуметтік еңбекті ендіреміз.
Іскер қоғамдық жұмысшыны қалай тәрбиелеуге болады? Оның бір жолы бар: баланы қоғамдық жұмысқа төселту. Қоғамның құрылысын бала мынадай ретпен біледі: ауылдағы немесе қаладағы мектеп, отбасы, көше (квартал), аймақ, отан. Баланың қоғамдық жұмысқа жаттығуы мектептен басталады.
Сонымен біздің бала – мұғалім басшылығымен мектеп өмірін ұйымдастырушы және отбасының көмекшісі болады; Онан кейін - кішкентай шаруа немесе жұмысшы, соңында кішкентай орыс тәрбиеленеді. Бұл айналым отантанумен сәйкеседі.
Отантану курсын мен азаматтық тәрбиемен байланыстырар едім. Бұл жағдайда күрделі сұрақ туады: мемлекет және мұғалім тарапынан баланы саяси ұйытудан қалай сақтануға болады? Менің білуімше Отантануды екіге бөлген абзал. Бірінші бөлім – мемлекет пен қоғамдық органдарды обьективті суреттеу: парламент, министрлік, сот, жергілікті немесе қалалық жиналыс, фабрика, банк, сауда мекемесі, әскерилер полкі, жұмысшылар одағы және т.б. Оқыту әдісі - драмалық қойылым, мекемені бейнелеу. Екінші бөлім - әлеуметтік мораль, халықаралық құқыққа жақын, бейтарап болуы тиіс. Тақырыптары: жеке өмірдің қоғамдық өмірмен байланысы, ынтымақтастық; өзара көмек; әділеттілік идеясы; өзін құрбан ету; мемлекет игілігі - жоғары игілік; қоғамдық жұмысқа қатысу, адамгершілік міндет. Әдісі - балаға жақын форманы қолданудан бастап, басқа ұйымдарға дейін қолдану. Мектеп өмірінде осыларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет