3.4. Оқыту формасы мен әдістерінің мазмұндылығы
Білім беру мазмұны мәселелерін қарастыра отырып, біз оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларынан алшақтап кеттік. Әрине, егер пән бойынша жұмыстың қатаң бағдарын ескеретін болсақ, бұл табиғи нәрсе. Тұлғаның дамуы тұрғысынан алғанда оқыту нәтижелері үшін қандай әдістер, қандай формалар жүзеге асырылғанының айырмасы жоқ емес. Оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары маңызды екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Жекелеген жағдайда жалпы білім берудің мұндай компоненттері тұлға және еңбек тәрбиесіне бағытталған қарым – қатынас тәрбиесі ретінде оқытудың формасы мен әдістеріне төтенше «ықыласты».
Оқушылардың шығармашылық күштерінің және танымдық белсенділіктерінің проблемалық оқытуды қолдану дәрежесіне байланысты екенін зерттеу дәлелдеп берді. Басқаша айтқанда, жалпы білім беру мақсатына оқытудың формалары мен әдістері өз тарапынан білім беру мазмұнының компоненті ретінде енеді.
3.5. Қызметтік толықтылық, білім беру компоненттерін кішірейту және оңтайландыру
Адамның білімін құрылымдау және оны өте ауыр әлеуметтік зардаптарға соқтыратын тәртіп бұзушылыққа сәйкес ұстаным білім беру компоненттерінің қызметтік толықтылығы ұстанымы, оның ішінде білім беру мазмұнының қызметтік толықтылығы ұстанымы болып табылады. Бұл ұстаным жүйенің қызметтік толықтық ұстанымының жеке жағдайы болып табылады.
Бұл ұстанымның мәні төмендегіше: егер жүйенің мақызды құрылымдар жиыны қызметтік толық болмаса, барлық жүйе, оның ішінде педагогикалық та тиімді жүзеге аса алмайды. Мысалы, қозғалтқышсыз автомобиль автомобиль емес, қанатсыз құс ұша алмайды, ал бөлме есіксіз үй емес. Білім беру жүйесі де дәл осы сияқты, егер онда эстетикалық және дене тәрбиесі берілмесе, тәрбие тиімді болмас еді.
Алғашқыда қарастырылып отырған ұстаным қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл қарапайымдылық тек болжам ғана. Қарапайымдылықты сезіну жалпы тұжырымдалуының жеңілдігі мен нақты жағдайда сәйкес заңдылықтардың пайда болуынан болуы мүмкін. Шынында, бәрі біз ойлағандай өте қарапайым емес, оған алда көз жеткізетін боламыз.
Жүйе неғұрлым күрделі болса, солғұрлым оның қалыпты өмір сүру ұғымын анықтау қиын болады. Осыған байланысты жүйенің жұмыс істеу қырына жататын бірнеше жағдайды қарастырайық.
Әуелі жүйенің тиімді жұмыс істеу өлшемдерін қарастырайық. Мұндағы қиындық мақсатты жүйе үшін олар әруақытта күрделі, тиімділік өлшемі көпөлшемді және барлық уақытта көріне бермейді.
Білім беру жүйесінің қызметі туралы айтқанда осы және өзге де ұқсас жүйелерге қатысты айтылатын және жұмыс істеу тиімділігі жалған өлшемді болуы мүмкін деректі қарастырмауға болмайды. Бұған жүйенің тиімділігі көптеген жалған өлшемдерге сүйеніп жұмыс істеген сталиндік социализм мысал бола алады.
Енді жүйенің жұмыс істеуі үшін қажет маңызды элементтері туралы нақты тоқталайық. Бұл көзқарастың компоненттері мәні жағынан өте ауқымды. Күрделі жүйенің тағы бір қасиеті – орнын толтыру қасиеті. Мұның мағынасы жүйенің бір компоненті жойылған кезде бірден кем және кейбір күйзелістік шамаға жетпейтін қызметтік мәнділік коэффициенті орын толтыру қасиетіне ие болады. Компоненттің қызметтік мәнділігінің еселігі кейбір жағдайда жүйенің орнын толтыру мүмкіндігімен байланысты болады. Мысалы, білім беру мазмұнындағы елеулі кемшіліктердің өзі ондағы кейбір компоненттің жетіспеушілігіне байланысты болады. Жүйенің басқа компоненттері жоғалған элементінің қызметін өз мойындарына алуы есебінен белгілі бір дәрежеге дейін толығады.
30-жылдарда жалпы білім беретін мектептерде оқу жоспарынан политехникалық білім беру сияқты маңызды компонентті алып тастағандықтан, халық ағарту ісіне өте үлкен нұқсан келген болатын. Бұл жағдайда орын толтыру қызметі: біріншіден, жалпы еңбек сапасын тәрбиелеу арқылы болса; екіншіден, жалпы техникалық және жалпы технологиялық білімдер физмка, химия, биология, география, математика және т.б. сияқты пәндерге сыйыстырылды.
Білім берудің қызметтік толықтығы мәселесін қозғаған кезде осыған байланысты тағы екі мәселені ескермеуге болмайды, олар шағындау және оңтайлдандыру.
Элементтерді шағындау мәселесі математикалық логикадан белгілі жалпы математикалық өрнектерді шешу жекелеген жағдайда өте күрделі, ал оу пәндерін іріктеуді шағындау туралы айтар болсақ, оларды бұзатын факторлар саны өте көп және олардың әрекетіндегі заңдылықтар өте күрделі. Дегенмен, бұл бағытта қазіргі кезде педагогиканың дамуы көп мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |