Тұрғындарды УЗ қорғау. УЗ қорғанудың жеке құралдарына газқағарлар, қорғауыш костюмдер, қолғаптар, тыныс алу органдарын қорғау құралдары, көздің шырышты қабыршақтарын және тері қабаттарын қорғау құралдары жатады. Аэрозоль түріндегі УЗ сенімді қорғайтын жеке қорғану құралы газқағарлар. Газқағарлар болмаған жағдайда, қорғанудың қарапайым құралдарын қолдануға болады (мақта-дәкелі орама, респиратор, сүзгіш материалдардан жасалған қорғауыш маскалар және т.б.). Денені және тері беттерін қорғау үшін химиялық жабын киімдер және костюмдер, сондай-ақ, су өткізбейтін плащтар, қолда бар түрлі киімдер және т.б. қолданылады.
Ұжымдық қорғану құралдарына арнайы герметизацияланған, сүзгіш-желдеткіш қондырғыларымен жабдықталған панаханалар жатады. Үйдегі бөлмелер сенімді герметизацияланған болса, қорғану құралы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |