Уақытша әсер ететін УЗ (BZ - Би-Зет, CN - хлорацетофенон, DM - адамсит, CS - Си-Эс, CR - Си-Ар).
Жаттығу барысында қолданылатын УЗ (хлорпикрин).
3. Тұрақтылығына қарай:
Тұрақты УЗ (VX - Ви-Икс, GD - зоман, H - иприт). Әсер ету уақыты бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға созылады.
Тұрақсыз УЗ (АС - көгерткіш қышқылы, СК – хлорциан, CG - фосген).
4. Әсер ету уақытына қарай:
Тез арада әсер ететін УЗ (GB - зарин, GD - зоман, АС - көгерткіш қышқылы, СК – хлорциан, CS - Си-Эс, CR - Си-Ар). Мұндай УЗ әсері бірнеше минуттың ішінде байқалады.
Баяу әсер ететін УЗ (VX - Ви-Икс, H – иприт, CG – фосген, BZ - Би-Зет). Бұл улағыш заттардың әсері жасырын түрде болады.
5. Бинарлық улағыш заттар
Химиялық қаруларды жетілдіру негізінде пайда болған. Негізінен құрамы зиянсыз заттардан тұрады. Бірақ жарылыс кезінде, аталған заттар өзара химиялық реакцияға түсіп, улағыш заттарды түзеді.
Адамдардың тыныс алу органдары арқылы зақымдану дәрежесі УЗ ауадағы шоғырына және адамның заладанған аймақта болу уақытына тәуелді болса, ал тері арқылы зақымдану дәрежесі дененің ашық жерлерінің және киімінің тығыздығына тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |