Атмосфералық қару – бүгінгі таңда толығырақ зерттелген геофизикалық қарудың бірі. Ауа-райы және климаттық шарттармен байланысты атмосфералық құбылыстар, атмосфералық қарудың зақымдаушы факторлары. Бұл факторларға бір ғана өңірдегі емес, сонымен қатар, бүкіл планетадағы тіршілік иелерінің өмір тәуелді.
Көптеген белсенді реагенттер, мысалы, йодты күміс, қатты көмір қышқылы және басқа заттар бұлттарда қарқынды таралып, үлкен аудандарда нөсер жауын жаудыруға қабылетті. Бір жағынан, мұндай реагенттер пропан, көмір қышқылы, йодты қорғасын тұсмандарды сейілтеді.
Ауа ылғалдылығы жоғары аудандарда, жоғарыда айтылған әдіспен толассыз жауын жаудыруға болады. Нәтижесінде өзен, көл суларының тәртібі өзгереді, тіпті су тасқыны да болады. Дегенмен, су тапшылығы мол аудандарда құрғақшылықпен күресуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |