Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар -



бет15/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   264
Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар - Жер бетінде адамзат үптелген жағдайда тіршілік ету үшін, экологиялық сипаттағы ТЖ-ға үлкен көңіл бөлуі қажет. Оларға жататындар: өсімдіктер мен жануарлардың қырылуы; топырақ жамылғысының ластануы, тұздануы, эрозияға ұшырауы; атмосфераның ластануы; гидросфераның ластануы; табиғи ортаның ластануы; су ресурстарының азайуы және т.б. Экологиялық сипаттағы ТЖ-дың жіктелуі 6 суретте көрсетілген.

Табиғи ортаның ластануы, озон қабатының жұқаруы, тірі организмдердің оның ішінде адамның иммундық жүйе қызметін төмендетеді.

Қазақстандағы табиғи ортаның нашарлауына әкеліп соққан факторлардың бірі, тау-кен өнеркәсіп салаларының негіссіз дамуы.

Қазақстан әлемдік тау-кен өнеркәсіптері өнімдерінің 20% өндіреді. Бұл шикізаттардың үлкен бөлігі экоспортқа шығарылады.



Экспорттау жүйесінде Қазақстан мұнай мен газдан бөлек, металл және минералды тыңайтқыштар өндіреді. Әлемдік рынокқа Қазақстан қара және түсті металл шығарады. Бірақ метталлургия – экологиялық зиянды өндірістердің бірі. Сондықтан да, біздің металлургиялық өнімдерімізді сатып алушылар, зиянды металлургия өндірісінің өз елдерінде емесе, Қазақстанда болғанын қалайды. Дәл осындай жағдай минералды тыңайтқыштар өндірісінде де орын алып отыр.

Сурет 6. Экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі


Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, еліміздегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін ұлттық өнімнің 3%, ал экологиялық жағдайды жақсарту үшін 5% жұмсауы керек. Мұндай шығындарды Германия, Ұлыбритания және Швеция жұмсайды. Табиғатты қорғау шараларына ең үлкен шығындарды жұмсайтын АҚШ - 7%. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,5% құрайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет