Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың туындау көздері



бет18/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   264
2 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың туындау көздері

Өркениеттің басталу уақытынан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар планета түрғындарына қауіп төндіріп келеді. Келтірілген шығындарының көлемі табиғи апаттың қарқындылығына, қоғамның даму деңгейіне және тіршілік ету жағдайына тәуелді.

Соңғы жылдары табиғи сипаттағы ТЖ-дың өсу тенденциясы артуда. Жанартаулардың атқылауы, жер сілкіністері, су тасқындары жиілеп, оларды қиратушы күштері де арта түсуде. Таулы аймақтар мен өзен жағалауларында су тасқындары мен сырғымалар үйреншікті жағдайға айналып барады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар себебіне және сипатына қарай төмендегідей жіктеледі:

- геологиялық құбылыстар - жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы, жер көшкіндері, қар көшкіндері, селдер, опырылмалар, шөккіндер, сырғымалар;

- метеорологиялық құбылыстар - дауылдар, борандар, құйындар, қар басу, құмды борандар, бұршақ, толассыз жауын, құрғақшылық, күшті желдер, күннің суытуы, күннің ысуы, тұман, көк тайғақ, найзағайлар;

- гидрологиялық құбылыстар - топан су, цунами, өзендерде мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;

- табиғи өрттер - орман, дала, шым тезек өрттері;

- жаппай көпшілік аурулар - эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет