Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар - бүгінгі таңда, қоғамның өмірінде маңызды орын алатыны әлеуметтік сипаттағы ТЖ: соғыстар, лаңкестік әрекеттер, адамдарды кепілдікке алу, ұрлық, тонау, алаяқтық, азарттық ойындар, зорлау-зомбылау, бопсалау, зиянды және қауіпті әдеттер, адамдардың топырлап жиналуы, өзге жинақты бірлестіктер. Олардың жалпы саны, көптүрлілігі, салдарының масштабтары әр уақытта артуда. Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың спецификалық ерекшелігі, адамдардың өзара қарым-қатынасында туындайды және адамдардың өзіне ғана тәуелді. Әлеуметтік сипаттағы ТЖ адамдармен саналы түрде жоспарланады, дайындалады, жасалады. Бұл адамдар әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың көмегімен өздерінің саяси, ұлттық, діни-нанымдық, кримналдық, қаржылық, жеке мәселелерін шешуге тырысады. Бұл мақсатта түрлі жауыздық әдістер қолданады: қорқыту, бопсалау, зомбылық көрсету, алдау, арбау, кепілге алу, тонау, өлтіру және т.б. Көпшілік жағдайда бейбіт халықтың әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың құрбандары болатыны, оны ұйымдастырушыларға, тапсырыс берушілерге және орындаушыларға бөгет бола алмайды.
Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың жіктелуі 5 суретте көрсетілген.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында БҰҰ мәлімдеуі бойынша, шиеленіскен жағдайлардың нәтижесінде: 2 миллион жасөспірім қаза тапқан; 6 миллионы жарақат алып, мүгедек болған; 10 миллионнан астамы осы уақытқа дейін психологиялық зардап шегуде.
Әлеуметтік сипаттағы ТЖ-мен күресу үшін әлемдік қоғамдардың, мемлекеттердің, арнайы қызмет орындарының әрекеттері бағытталған. Жалпы қоғамдық жүйеде орын алатын тұрғындарға, тіпті әр қайсысымызға, әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың кері әсері тиері һақ. Өзіміздің білімімізбен, танымымызбен, дұрыс және уақтылы әрекеттерімізбен көптеген әлеуметтік сипаттағы ТЖ-дың алдын алып, ауыртпалық зардаптарын болдырмауға болады.
Сурет 5. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |