Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет150/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   264
Инфрадыбысты қару (ИДҚ) – қуатты инфрадыбыстық тербелістердің бағытталған сәулесін қолдануға негізделген ЖФПҚ бір түрі. Мұндай қарудың прототипі бүгінгі таңда бар және сынақ жүргізу объектісі ретінде бірнеше рет қолданылған.

Іс жүзінде, негізгі көңіл жиіліктің герц бірлігінің жүзден бір бөлігіндегі тербелістерге бөлшектенеді. Инфрадыбыс түрлі ортада аз сіңірілу қасиетіне ие. Осы қасиетіне орай, ауада, суда жане жер қыртысында үлкен қашықтықтарға тарай алады. Тіпті бетон немесе металл кедергілерден де өтеді.

Кейбір елдерде жүргізілген зерттеулер бойынша, инфрадыбыстық тербелістер орталық жүйке жүйесін және ас қорыту органдарын зақымдайды. Зақымдау нышандары: сал болып қалу, жүрек айну және спазма, жалпы әлсіздік, ішкі органдардағы ауыртпалықтар, бас айналу, естен тану, көрмей қалу, тіпті өлмге де соқтырады.

ИДҚ адамды үрей күйіне түсіреді, өзін-өзі ұстаудан қалады. Оның әсер ету қашықтығы сәулеленген қуатпен, жиілік мәнімен, бағытталған диаграмманың енімен және шынайы ортадағы акустикалық тербелістердің таралу шарттарымен анықталады.

Электр энергиясын төменгі жиіліктегі дыбыстық энергияға түрлендіру, электр тогының әсерінен өзінің пішінін өзгертетін пьезоэлектрлі кристаллдардың көмегімен іске асады. Инфрадыбысты қарудың сынақ үлгілері Югаславияда қолданылған. «Акустикалық бомба» деп аталатын қару, өте төмен жиілікті дыбыс тербелістерін тудырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет