Геофизикалық қару (гипотетикалық қару) - жасанды жолмен туындаған табиғи құбылыстар мен үрдістердің зақымдаушы әсерін қолдануға негізделген қару. Аталған үрдістердің өту ортасына тәуелді атмосфералық, литосфералық, гидросфералық, биосфералық және озондық қару болып бөлінеді. Геофизикалық факторларды стимуляциялайтын құралдар түрлі болуы мүмкін. Бірақ, осы құралдармен жұмсалатын энергия мөлшері, жасанды геофизикалық үрдістер нәтижесіндегі табиғат күшінен бөлінетін энергия мөлшерінен әлдеқайда аз болады.