Климаттық қару – жеке бір елдің немесе елдердің экономикасын бұзуға арналған жапай қырып-жою қаруы. Жеке алынған елдің, мемлекеттің, материктің немесе континенттің табиғи ресурстарына, ауа-райына және климатына жасанды әсер ету арқылы зақымын келтіреді. Іске қосу механизмі ретінде түрлі технологиялар мен құралдар, жасанды жасалған техногендік апаттар қолданылады. Нәтижесінде экологиялық апатқа ұшыратып, экономикалық дағдарыстар тудырады.
Вьетнам соғыс кезінде, американдықтар, жол жүйелерін істен шығару мақсатында, табиғатқа жасанды әсер еткені белгілі. Бірақ, үлкен материалдық шығындарды (әсер етуші заттар ретінде йодты күміс, құрғақ мұз т.б. қолданылған) жұмсап жасанды нөсер жауын жаудыру мүмкін болғанымен, алынған нәтиже қысқа уақытты болды.
Өлшемі жүздеген, мыңдаған киллометр және бірнеше тәулік ішіндегі ауа-райын анықтайтын синоптикалық объекттерге (циклондар, антициклондар) әсер ету үшін, орасан зор технологиялық ресурстар қажет. Дегенмен, әсер ету нәтижесін болжау қиын және салдары қандай болары белгісіз.
Өлшемі ондаған киллометр территориядағы ауа-райы шарттарына әсер ету бойынша зерттеулер, бір қатар мемлекеттерде жүргізілуде. Бірақ, зерттеу нәтижелерін соғыс мақсатында қолдануға халықаралық конвенцияға сәйкес тиым салынған.
Гендік қару – адам организмін мутациялайтын (гендік құрылысын өзгертетін), денсаулығын нашарлататын химиялық немесе биологиялық зат.
Биотехнология саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер, «гендік инженерия» атауына ие болған ғылымның жаңа бағытына жол ашты. Оның негізінде, гендік материалды адаптациялық эволюциялау үрдістері жатыр. Бұл бағытта, берілген қасиеттерге ие белоктарды алу технологияларын жасауға болады. Мамандардың пікірінше, гендік инженерия, ДНК-мен жұмыс істеудің принципиалды жаңа әдістерін жасауға және жаңа биотехнологиялық өнімдер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамның генетикалық аппаратын бұзатын құрал «гендік қару» жасалуы да мүмкін.
Бүгінгі таңда, сүт қоректілердің ауру сезімдеріне және психосоматикалық риеакцияларына әсер ететін, физиологиялық белсенді белоктарды өңдеу әдістері жасалған.
Гендік қарудың ерекше түрі, генетикалық таңдау факторы бар - этникалық қару. Белгілі бір этникалық және нәсілдік тұрғындар тобын зақымдауға есептелген.
Этникалық қарудың әсер ету объектісі, сол өңірдегі адамдар тіршілігінде маңызды орын алатын жануарлар, өсімдіктер, микрофлора болуы мүмкін.
Өмір сүру ортасына тәуелді, белгілі бір адамдар тобының генетикалық шартталған биохимиялық ерекшеліктері болады. Осындай өңірлік факторлардың әсерінен, түрлі биологиялық құрылыстар жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |