Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Адамдарды ұрлаумен туындайтын төтенше жағдайлар



бет175/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

4.3 Адамдарды ұрлаумен туындайтын төтенше жағдайлар

Қылмыстың бұл түрі жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың ең сорақысы болып табылады.

Ұрланған адамдар саны бойынша алдыңғы қатарда тұрғаны Колумбия. Онда жылына 3-3,5 мың аталғандай қылмыс тіркеледі. Яғни, әлемдегі ұрланған адамдар санының 60% құрайды. Жаппай адам ұрлау, ХХ ғасырдың соңында Ресейде де орын ала бастады. Оның көпшілігі Солтүстік Кавказдың еншісінде. Ресми мәліметтер бойынша 2000-2003 жылдар арлығында Шешенстанда 2 мыңға жуық адам ұрланған [13]. Олардың ішінде жиі ұрланатыны ерлер – 84,7%, әйелдер – 12,3%, кәмелетке толмаған балалар - 3%.

Адам ұрлаудың негізгі себептері:

- ақша талап ету;

- есеп айырысу, кек алу;

- тоталитарлық секталардағы ырымдық әрекеттер;

- жеке немесе саяси мәселелерді шешу;

- баласыз жанұяларға сату үшін, балаларды ұрлау;

- адамдарды қан немесе ішкі органдарының доноры ретінде қолдану;

- порнобизнес, жезөкшелік;

- құлдық;

- қаншерлердің қылмыстық әрекеттері.

Ұрлаушылар өз құрбандарын қорлайды, зорлап-зомбылайды, моральдық, психологиялық, наркотикалық әсерлерге, тіпті өлімге соқтырады.

Адам ұрлау – бұл, мұқият жоспарланған, жақсы дайындалған, көп кезеңді операция. Қылмыскерлер, көлденең құрбандарды ұрламауға тырысады. Адамды ұрлау кез-келген уақытта, кез-келген жерде болуы мүмкін. Негізінен, адам қорғансыз жерлерде, таңғы уақытта болады. Қылмыскерлер алдап немесе күштеп құрбанды көлікке отырғызуы мүмкін. Тапсырманы жеңілдету үшін, олар: жалған құжаттар, униформалар: әскери, милиция, дәрігер формаларын қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет