Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


а) Күдік туғызуға тиіс хаттар (бандерольдер) белгілері



бет174/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

а) Күдік туғызуға тиіс хаттар (бандерольдер) белгілері:

- кездейсоқ хат-хабар;

- кері мекен-жайы жоқ, мекен-жайы қате, мекен-жайды жазудағы дәлсіздік, баратын жер қате көрсетілген;

- салмағы, көлемі, түрі бойынша стандартқа сай емес, бүйірлері тегіс емес, жабысқақ таспамен желімделген;

- "жеке" және "құпия" үлгісіндегі шектеулер;

- тосын иісі, түсі бар, конверттерде пошта жолдамаларына тән емес заттар білінеді (ұнтақ және т.б.);

- тиісті маркалары немесе почта бөлімшелерінің мөртабаны жоқ.

Белгісіз заттар салынған күдікті ыдыстар табылған жағдайда (ұнтақ, сұйық немесе аэрозолды күйде) мыналар ұсынылады:

- ыдысты, пакетті, контейнерді және т.б. өз бетінше ашуға әрекеттенбеу;

- күдікті хатты немесе бандерольды қолмен ұстамау;

- осы дерек туралы Мемсанэпидқадағалау, ҚР ТЖ аумақтық органдарына және т.б. хабарлау;

- күдікті поштаның басқа хаттармен және бандерольдерден бөлек екеніне көз жеткізу;

- күдікті хат-хабар табылған бөлмеде орамның тұтастығы бұзылған жағдайда онда желдету жүйесі болса, ғимараттың желдеткіш жүйесіне белгісіз заттың түсуі мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдау;

- мамандар келгенше күдікті ыдыс пен затты қымталған ыдысқа қою (төңірегі тығыз жабылатын ыдыс немесе қалың қабатты пластикалық пакет. Бұл жағдайда теріні (резина, қолғап, полиэтилен пакеті) және тыныс жолдарын (респиратор, мақта-дәкі таңғышы) қорғайтын қолда бар жеке қорғаныс құралдарын пайдаланған дұрыс;

- мамандар келгенге дейін жақсы қымталған ыдысты балалар мен үй жануарлары бара алмайтын орында сақтау;

- күдікті хат-хабармен тікелей байланыста болған барлық адамдардың тізімін жасау (олардың мекен-жайы, телефоны);

- күдікті хат-хабарды ұстаған адамда жеке гигиена шараларын (қолды сабынмен жуу, мүмкіндігінше толық жуыну) және ауруды ескерту жөніндегі медицина қызметкерлерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет