Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет177/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   264
Ұрланушының әрекеттері:

Егер қылмыскердің сізді ұрлау жоспары жүзеге асса, психологиялық жайсыздықтарға қарамастан үрей туғызбағыз, жинақталыңыз, сабырлық сақтаңыз.

Бұл жағдайда сіздің әрекеттеріңіз белсенді немесе енжар сипатқа ие болады. Белсенді әрекет сіздің қарсыласуыңызды білдіреді. Әрекетіңіздің енжар сипаты, тез берілгеніңізді көрсетеді. Аз мүмкіндің болса да қашып кетуге тырысыңыз.

Қылмыскерлердің санын, жас шамаларын, ұлтын, сәйлеу акцентін, жынысын, сырт келбетін, сөйлесу тақырыбын, көлік маркасын, нөмірін және түсін есіңізде сақтауға тырысыңыз.

Сізді, алдын-ала дайындалған орынға апарады. Жлды көрмеу үшін, көздеріңізді байлап қояды. Автокөліктің аялдаған санын, жылдамдығын, жол сипатын: құлди, қыр, тегіс емес жол, бұрылыстарды есте сақтаңыз. Негізгі көрсеткіш қозғалыс жылдамдығы және уақыты. Мүмкіншілік болса, қозғалыс бағытын анықтаңыз.

Сізді, пәтерде, үйде, жертөледе, сарайда ұстау мүмкін. Алғашқы уақыттар ауыр болады: қорқыныш, үрей, жайсыздық, өміріңіздің кенет өзгеруі және т.б. Азық пен судан бас тартпаңыз. Қылмыскерлер сізге азық, су беруді ұмытып кетсе, өзіңіз сұраңыз. Ауырып қалсаңыз, дәрі сұраңыз.

Сіздің дауысыңызды жазып, суретке, видеоға түсіруі, достарыңыз бен жақындарыңызға хат жаздыруы мүмкін. Қарсыласпаңыз, себебі, олар сіздің жақындарыңызбен байланысу үшін қажет.

Құтылудың негізгі жолдары:

1. Қылмыскерлердің барлық талаптарын орындау.

2. Қылмыскерлер арасындағы жағдайдың күрт өзгеруі.

3. Қылмыскерлердің өздеріне қауіптің төнген жағдайы.

4. Құқық қорғау органдарымен, кепілдегілерді құтқару.

Мұнан бөлек күтпеген жағдайлар болуы мүмкін, әлбетте, өз мақсатыңызда қолданатын: қылмыскерлердің бірін өз жағыңызға тарту, байқаусыз қалып қойған байланыс құралдары (телефон, радиотелефон, ұялы телефон). Қолайлы жағдай туындаса, қашып кетіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет