Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Су тасқынымен туындайтын төтенше жағдайлар



бет19/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

2.1 Су тасқынымен туындайтын төтенше жағдайлар

Су тасқыны – қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде құрлық аймақтарын айтарлықтай су басу.

Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.  Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Су тасқыны жиі және жүйелі қайталанып тұратын табиғи апаттардың қатарына жатады. Қамтитын территория ауданы, жалпы экономикалық шығыны және адам өлімдерінің көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірінде тұрады. Әлемдегі жыл сайын туындайтын табиғи апаттардың жалпы санының 32% құрайды. Жер бетіндегі табиғи апаттардан келетін материалдық шығындардың 30% су тасқынындарының үлесіне тиесілі.

БҰҰ мәліметтері бойынша соңғы 10 жыл ішінде су тасқындарынан әлемде 250 миллион адам зардап шеккен, 9 миллион адам қаза тапқан. Біздің планетамыздың 70% су тасқынына шалдығуы мүмкін, бұл жағдайдағы адамдар шығыны бірнеше миллиардқа тең [8].

Су – алапат ТЖ-дың потенциалды көзі. Бұл Жер бетінің 2/3 бөлігінің судан тұратынымен байланысты. Әлемдік мұхиттың алып жатқан көлемі 361 миллион км2. Біздің планетамыздағы судың жалпы көлемі 1380 миллион км3.

Су тасқынының негізгі себептері:

1. Ұзақ нөсер жауын;

2. Қардың және мұздың қарқынды еруі;

3. Қатты желдің өзен, көл суларын жағалауға айдауы;

4. Өзен жолдарының бітеліп қалуы;

5. Гидротехникалық үймереттердің бұзылуы;

6. Жерасты суларының көп көлемде жер бетіне шығуы;

7. Цунами.

Кез-келген су тасқынының негізгі сипаттамалары: судың көтерілу деңгейі, су шығыны және көлемі, су басу ауданы және ұзақтығы, ағыс және су деңгейінің көтерілу жылдамдығы, су ағысының құрамы және т.б. Су тасқынының түрлері 7 суретте көрсетілген.



Сурет 7. Су тасқынының түрлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет