Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Темекінің адам денсаулығына әсері



бет190/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Темекінің адам денсаулығына әсері

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан жолаушылардың санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.

Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қасиетті сөздерінде айтылғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бұзып, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға міндетті деді.

Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері түбегейлі болмай тұр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі ғана темекіні қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Жүз пайыз нәтижеге қол жеткізетін тәсіл – «иман терапиясы». Яғни, шылымқорлардың Алладан қорқуы арқылы темекіні қоюына қол жеткізу ісі ғана сенімді жол деуге болады. Өйткені, иманның темекіден де жаман әдет және асқынған ауру түрі – араққұмарлықтан адамдарды айықтырғаны бізге Ислам тарихынан мәлім. Бұл оқиға Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде болған еді. Оған (с.ғ.с.) Алла Тағаланың арақ ішуді харам еткені туралы (Мәидә: 91) аят түскен кезде, адамдар ойланбастан арақ ішу індетін сап тиған екен. Нәтижесінде, көшеде сарқырап аққан арақтан арық пайда болыпты. Арақ иісі апта бойы кетпей тұрып алса керек. Содан бері мұсылмандар арақты әлі ауызына алып көрген жоқ. Дүние жүзінде алпауыт мемлекеттердің ешқайсысы қанша тырысқанмен, мұндай нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. Оның ішінде АҚШ-та бар.

Біз бір ескеретін нәрсе – бір бөлке нанның құны бұл күнде орташа есеппен 35 теңге тұрады. Бұл – бір адамды аштықтан аман алып қалатын тағам мөлшері. Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай? Темекінің әр талы адам өмірін 15 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді. Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:

- ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады;

- ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады;

- асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар;

- өкпе мен көмекей рагына ұшыратады;

- қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады);

- миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді;

- жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады;

- тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды;

- бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады;

- темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін;

- темекі екіқабат әйелдерге зиян. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес. т.б.;

- бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды.

Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансероген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді. Сондықтан, улана қоймайды.

Тек бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден арденалин және норадреналин деп аталатын гармондардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы жиілейді. Жүрек соғуы жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін.

Шылымқорлар шетінен ұмытшақ болады. Олардың күш-қуаты азайып, шаршауы көбейеді, әлсізденеді, әрекет етуге құлықсызданады, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйқысы қашады.

Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.

Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген тәуелділіктің пайда болуын тудыратын өнім. Әбден дағдыланып алған құмарпаздық дерті - үйреніскен темекіден қалай құтылуға болады? Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты.

Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт - ораза ұстайтын қасиетті рамадан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылмауына ешбір себеп жоқ. Кейбіреулер темекіні біртіндеп қою тәжірибесін ұсынады. Негізінен, мұның нәтижесін көргендер көп.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында біржола, ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпаудың да маңызы зор. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Бұл сізге бір рухани күш береді, сол сәтте темекіні ойлаудан тияды.

Темекіні тастағандағы пайдаңызға келейік. Ең әуелі, организміңізді көміртегі тотығы, никотин, шәйір (қарамай) және басқа да улы зиянды заттардан тазартасыз. Деміңіздің сасық иісі айығып, тісіңіз тазаланады, рақат тыныс алатын боласыз. Жүрек ауруларынан қаупіңіз азайып, түнде жайлы ұйықтайсыз. Дәм айыру қабілетіңіз артады. Әртүрлі тағам түрлерінің соншалықты тәтті екенін бұрын білмей келгеніңізге таң қалатын боласыз. Ортаны, отбасыңызды, жолдастарыңызды темекі түтінімен уламайсыз. Кіріс жағынан да пайдаңыз бар. Темекіге жұмсаған ақша қалтаңызда қалады.

Өзіне де, өзгеге де жақсылық ойлайтын адам темекіден тездеп құтылуды ойлайтыны анық. Сондықтан, қазірден бастап қоғамымызбен бірлесе отырып, темекіге қарсы күрес жүргізіп, темекінің зияндылығын түсіндіру қажет, Ол үшін мынадай шараларды қолдануымыз керек:

1. Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу;

2. Темекі қорабының сыртына қатаң ескертулер жазу;

3. Кәмелетке толмағандарға темекі сатуға тыйым салу;

4. Қоғамдық және жұмыс орындарында темекі шеккізбеулеріне әртүрлі шаралар қолдану;

5. Оқу орындарында балаларға салауатты өмір салты туралы сабағын енгізіп, темекінің зиянын айқын ашып айту.

Балалар - біздің болашағымыз. Дені сау ұрпақ өсіру, тәрбиелеу қазіргі кезде біздерге жүктелген үлкен міндет. Сол үшін барлық азаматтар дені сау ұрпақ қамын ойлап, өз үлесін қосуы керек.

Дүние жүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне бес есе көп шалдығады екен.

Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Елімізде шылым құрамындағы никотиннің әсерінен адамдар жазылмас кеселге тап болуда. Статистикалык деректер шылымның адам денесіне зияндылығынан атпалдай азаматтар жұмысқа жарамсыз болып, мүгедектер армиясын толтырып жатқанын айтады. Түтінді әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түседі. Ғалымдар пікіріне сүйенсек, шылымды жасынан шеккеннің зияны көп, әсіресе, түтінді соза тартып, ішке түтінді көп жұтқан қауіпті көрінеді. Темекі шегуді тым ерте бастаған адам өз өмірін 10-15 жылға қысқартады. Адамдар өз бастарына қауіп төніп тұрғанын біледі, бірақ біле тұра ойланбайды. Сіздер мына мәселеге көңіл аударыңыздаршы. Темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық зат барлығы анықталған. Соның ішіндегі ең зияндысы – никотин, шайыр (қарамай), көмір тотығы және ракқа шалдыратын (кансереген). Егер 100-120 миллиграмм никотинді адамның тамырына жіберсе, адам сол сәтте-ақ о дүниелік болады, ал екі қорап ораулы темекінің құрамында 100-120 мг. никотиннің болатыны екінің біріне белгілі.

Күніне екі қорап темекі шегетін адамдар бар, олар неге уланбайды? – деген сұрақ тууы мүмкін. Іс жүзінде темекі тартқандардың улануы ағзада бірден байқалмайды. Тек бір тал ораулы темекі шеккен адамның денесіне 1,5-2 мг. мөлшерінде никотин кіреді. Бұдан тыс, бір қорап темекіні бір уақытта емес, күні бойы шеккендіктен никотинді төте қаннан емес, тыныс жолымен қабылдайды, темекі шеккендер дереу уланып өлмейтіні сондықтан.

Тек бір тал ораулы темекі шеккен адам ағзасында никотиннің зардабымен бүйрек үстіндегі бездерден арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады. Осының кесірінен асқазанның қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Үнемі темекі шегетіндер уақыт өткен сайын асқазанында гастрит (асқазан қабыну) және жара пайда болады.

Никотиннің әсерінен денедегі бүкіл тамырлар белгілі мөлшерде жиырылады да, жүрек бұл жұмысты атқару үшін зорланады, адамның қан қысымы артады. Миға баратын қан азаяды. Ми өз күшінде жұмыс істемейді, қандағы холестерол артады, бүйрек үсті бездерінен адренамен атты гармон қабынады да, бүтін денені өртейді. Тамырлар жиырылады, жүрек бұрынғы қызметін ауырсынады, қан қысымы жоғарылайды. қол, аяқ тамырлары тартылып, қол мен аяққа баратын қан азаяды, қол мен аяқтың қызуы қайтады.

Денеге сіңген никотиннің әсерінен дененің барлық ағзаларында тамырдың жиырылуынан қан аз өтеді, бұл дененің, бүтін ағзалардың өз деңгейінде жұмыс істемеуіне әкеп соғады. Ми жөнінде де осындай жағдай. Демек, темекі тартатындардың жүрегі тез соққандықтан жүректің қанға және ауаға қажеттілігі артып, осыған орай, жүрекке келетін, қан мен ауа азаяды. Темекі түтініндегі төрт мыңнан астам зиянды заттың біреуі – көміртегі. Көміртегі – автокөліктердің тетігінен шыққан улы газдардың бірі. Темекінің түтінімен бірге бұл да белгілі бір мөлшерде денеге кіреді.

Қандағы түйіршіктердің дене жасушаларына ауа жеткізетіні бізге белгілі. Бір ортаға әрі ауа, әрі көміртек тотығы бірге кірсе, көміртек тотығы ауадан кемінде 100 есе құштарлықпен қан түйіршіктеріне жабысып, оларды ортадан ығыстырады. Темекі шеккендердің қан түйіршіктерінің 5-8 пайызы көміртек тотығының қысымында қалады да, ауа жеткізе алмайды, керексіз болып шеттеп қалады. Нәтижесінде, темекі шеккендер шекпегендерге қарағанда өте әлсіз болады. Шылым адамның жалпы ағзаларының жұмыс істеуіне, көңіл-күйіне, қабілетіне, түйсігіне, ажарына, ақылына әсер етеді.

Тағы ескерте кететін мәселе, темекі шеккендердің қасында отырғандардың ағзасы темекі түтінінен көп мөлшерде зардап тартады. Мұндай жағдайлар кез келген ортада кездеседі, ол өз денсаулығын бұзумен қоймай, басқаларға да зиянын артады.

Еркектер және әйелдер арасындағы жыныстық тәбетсіздіктің басты себептері – осы никотин. Қаншама өрттер өшірілмей қалған темекі шоғынан басталды, мас болып, шылым шегіп жатып ұйықтап кетіп, өзі де өртеніп, дүниесі де жанып кеткен жағдайларды білеміз. Ат шаптырым тоғайлар, орман алқабындағы өрттер темекінің жасудай шоғынан басталады.

Екіқабат кезінде темекі тартқан ана өмірге жарымжан бала алып келеді. Бала емізген әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби денесіне өтетінін көп аналар біле бермейді.

Жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болады. Темекінің зияны жөнінде біраз тоқталдық, егер темекі адамдар әдетінен арылса, денсаулығы түзеліп, сауығып, өмірі бір қалыпқа түседі.

Байқап отырсақ, көп мемлекеттер қанша адам шылым тартады, қаншасы тастады, қанша адаммен шылымды тастату жөнінде жұмыстар жүргізілді – уақытында назар аударылып, есебі алынып, зерттеулер жүргізеді. Шылымды тастаудың бірнеше әдісі бар, сондықтан мынадай кеңес береміз. Шылымды тастаудың бірден-бір тәсілі – сағыз шайнау немесе күнделікті ас мәзірінен құрт-сүзбені үзбеу, спортпен айналысып, киноға, театрға бару арқылы темекіге деген қажеттілікті ағзадан аластату. Шылымды мүлде қою үшін жақын жолдастарыңа, туыстарыңа шылымды мүлде тастағаның жөнінде хабарла, «еш уақытта шекпеймін» деп жақын адамдарыңа уәде бер.

Біздің беретін кеңесіміз: шылым түтінін ішке терең сорма, бұл жағдайда никотин 95 пайыз ішке кетеді, ал жарым-жартылай тартқанда 70 пайызы кетеді, ал түтінді ішке жібермей жай сорғанның өзінде 5-10 пайызы кіреді екен, сондықтан түтінді ішке жіберуге болмайды. Екіншіден, шылымды түбіне дейін шекпей, ортасына жеткізбей тастау керек. Ғалымдардың айтуына қарағанда, әуел бастағы сорған түтін ішке көп кіреді екен, ал екінші сорғанда, тыныс жолдарында қалып қояды екен. Әрине, мұнда да тыныс алу жолдарына, өкпеге зиянын тигізіп, қоздырып, қабындырып, оның жұмыс істеуін қиындатады, ал үшінші сорғанда, шылымның никотин ұстап қалатын сүзгіш бөлігі өзінің қасиетінен айырылып, никотинді ұстай алмайды екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет