Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Атмосфераның ластануы және ауа сапасын бақылау ережелері



бет198/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

5.2 Атмосфераның ластануы және ауа сапасын бақылау ережелері

Атмосфера (грекше: atmos - бу жəне sphaira - шар) - Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна.

Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк үрдістерінің жүруiн қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiне үлкен əсер етедi.

Атмосфера – Жердің газтәрізді қабыршағы. Оған жататындар: атмосфера ауасы; жерасыт және жерүсті суларында еріген газдар; топырақтың газды құрамдастары, сонымен қатар, тау массивтерінен бөлінетін газдар, осының барлығы тірі организмдердің тіршілігіне тікелей немесе жанама әсерін тигізеді. Атмосфера Жер бетінен 20000 км қашықтыққа дейін таралады, бұл дегеніміз Жер радиусының 3/1.

Атмосфера функциялары:

1. Жер климатын реттеу;

2. Күннің радиациясын жұту;

3. Күннің жылу сәулесін өткізеді;

4. Жылуды сақтайды;

5. Дыбыстың таралу ортасы болып табылады;

6. Тыныс алу оттегісін бөлу көзі;

7. Жауын-шашын және бұлттанумен байланысты ылғал айналымын түзі;

8. Литосфераны түзуші фактор (желдету).

Атмосфера төмендегілерге бөлінеді [13]:

1. Тропосфера - шекарасы 10-12 км дейін.

2. Стратосфера - шекарасы тропосферадан 55 км дейін.

3. Мезосфера - шекарасы стратасферадан 85-90 км дейін.

4. Термосфера - шекарасы мезосферадан 150 км дейін.

5. Экзосфера - шекарасы термосферадан 800-2000 км дейін.

Атмосфера биогеоценоздың компонентi ретiнде топырақ бетiндегi, топырақтағы жəне топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.

Атмосфералық ауа - түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамы: 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы, ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi [13].

Қазіргі уақыттағы атмосфераның құрамы динамикалық тепе-теңдік жағдайында.

100-120 км биіктікте азот және оттегі жиі кездеседі; 400 км атомарлы (бір бос электронымен) күйіндегі оттегі болады; 600-1600 км биіктіке тек ғана гелий кездеседі; одан жоғарғы биіктікте сутегі.

Атмосфераның төменгі қабаттарында (25 км дейін) СО2, көмірсутектер CxHy, күкірт қостотығы SO2, азот тотықтары NxOy және т.б. кездеседі.

Ылғалдылық, атмосфера сипаттамасының бірі болып табылады. Атмосфера ауасының ылғалдылығы, оның су буымен қанығу дәрежесімен анықталады. Атмосфераның төменгі қабаттарының (1,5-2,0 км) ылғалдылығы жоғары болады, ондағы ылғалдың шоғыры шамамен 50%. Ауадағы су буының мөлшері температураға тікелей тәуелді: температура неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ауадағы ылғалдың мөлшері де жоғары. Бірақ, ауаның кез-келген нақты температурасындағы су буымен қанығуының шегі бар, яғни максималды ылғалдылығы. Негізінен, ауаның су буымен қанығу дәрежесі максимумға жетпейді және де максимум мен ағымдық қанығу дәрежесінің айырымы ылғалдылықтың тапшылығы атауына ие болады. Ылғалдылық тапшылығы – маңызды экологиялық көрсеткіш, ол екі көрсеткішті сипаттайды: температураны және ылғалдылықты. Ылғалдылық тапшылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құрғақ және жылы болады.

Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез үрдісі кезiнде оттектi бөледi. Басқа тiрi организмдер оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдердiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбейуi адам мен жануарлар организмiне зиянды əсер етедi.

Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газының жəне тыныс алу үшiн оттектiң көзi. Тiрi организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзiлетiн жəне басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi және т.с.с.

Атмосфераның дамуы геологиялық жəне геохимиялық процестермен, сол сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк əрекеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң беткi қабатын оның қалың қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi жанып кететiн метеориттердiң зиянды əсерлерiнен сақтап тұрады.

Атмосфералық үрдістерге, əсiресе стратосфераның жылу тәртібіне озон үлкен əсер етедi. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының ультракүлгiн сəулелерiн сiңiредi.

Жылдың мезгiлiне байланысты озонның бiр айдағы орташа мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшерi экватордан полюстерге қарай жоғарылайды.

Атмосфераның техногендік ластануның кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзуда. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29 мкм ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену, биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, онкологиялық және көз аурулары көбейеді. Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар - хлор мен азот қосындылары.

Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілуінің негізгі көздері болып төмендегі факторлар саналады:

- ұшақтардың шығаратын газдары;

- зымырандардың шығаратын заттары;

- вулкан газдары;

- фреонды пайдаланатын технологиялар;

- атом жарылыстары.

Бүгінгі таңда озон қабатының жағдайына қатаң бақылау жүргiзiлуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зардаптарға əкелуiне байланысты бiрқатар елдер фреондар өндiрiсi мен оны пайдалануды қысқартып отыр, дегенмен де жалпы əлемде бұл көрсеткiш əлi де жоғары күйiнде қалғандықтан, олардың атмосферадағы шоғыры жылдан жылға ұлғайып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет