Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез [21].
Темекінің зияны:
- ас қорытуға;
- асқа деген тәбетті қайтарады;
- ас қорытуды қиындатады;
- тісті сарғайтып, ауызды сасытады;
- асқазанда жара пайда болады;
- ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
Тыныс алуға:
- жөтел және қақырық пайда болады;
- созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады;
- өмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
Қан айналымына:
- тамырды қатайтады (атересклероз);
- қол-аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады;
- миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады;
- жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |