Биосфера - үздіксіз зат және энергия алмасудың тепе-теңдік жүйесі. Ондағы белсенді рөлге ие болатындар – микроорганизмдер.
Биосфера сипаты:
- тіршіліктің болуы;
- сұйық судың едәуір көлемде болуы;
- күн сәулесінің қуатты энергия ағымын қабылдауы;
- үш түрлі фазадағы (қатты, сұйық және газтәрізді) заттар арасында бөлім беттігінің болуы.
Биосфераның дамуын, Жерге энергия ағымы келетін Ғарыш анықтайды. Жер үшін негізгі энергия көзі Күн.
Күн энергиясы келесілерге шығындалады:
- атмосферада, гидросферада және литосферада жүретін физикалық және химиялық үрдістерге;
- ауа массасының орын ауыстыруына;
- судың булануына;
- заттардың еруіне.
Биосферада Күн сәулесінің энергиясы шығындалады, трансформацияланады, байланысады. Органикалық заттар энергия жинақтағыштар болып табылады. Атмосфераның жоғарғы шекарасына жеткен күн энергиясының жалпы көлемі 700 ккал/см2 тәулігіне. Шамамен, жылына 55 кка/см2 энергия жер бетіне жетіп, организмдермен пайдаланылады. Биосфераның құраушы бөліктерін, шартты түрде тірі және өлі табиғатқа бөлеміз.
Тірі (биоценоз) және өлі табиғат арасындағы өзара байланыс жүйесі экологиялық жүйе немесе биогеоценоз атауына ие болған.
Биоценоздың негізгі компоненттеріне үш түрлі организмдер тобы жатады: өсімдіктер, жануарлар және микробтар.
Орман экожүйесіне кіретіндер: ағаштар, шалғандар, саңырауқұлақтар, жануарлар, микроорганизмдер, топырақ, атмосфера газдары және топырақ суна еріген тұздар.
Өзен немесе теңіз экожүйесін барлық өсімдіктер, суат жануарлары мен микробтары, еріген барлық су массасы, органикалық минералдар құрайды. Барлық организмдер атмосфера оттегісін дем алғанда тұтынады, ал оттегіні қоршаған ортаға тек ғана өсімдіктер бөледі. Планетадағы тіршілікке қажетті барлық бос оттегі қорын, фотосинтез үрдісінде өсімдіктер бөледі. Жердің жасыл жамылғысы, жыл сайын 170 млрд. тонна су тұтынып, 115 млрд. тонна оттегі бөледі.
Биосфераның дамуы, Жер бетінде адамның пайда болуымен байланысты. Тірі организмдердің, соның ішінде адамның қоршаған табиғи ортасыз өмір сүруі мүмкін емес.
Адам организмі көп жағдайда биосфера компоненттері – өсімдіктермен, жәндіктермен, микроорганизмдермен байланысты. Адам, ғаламдық зат айналымына кіреді.
Биосерадағы үрдістерді өзгертетін негізгі күш - адам. Қоршаған ортаның белгілі-бір уақыт аралығында ластануы биосферада жүретін үрдістерге негізделген. Бірақ адамзаттың қарқынды тіршілік әрекетінің әсерінен биосфера жиі өзгеріске ұшырауда: атмосфераның, су ортасының және топырақтың сапасы төмендеуде; флора мен фауна жойылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |