Атмосфераның шумен ластануы
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке-психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Мұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк жүйелерінің бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, жүйке клеткаларының дегенерациялануына əкеліп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келуi қиындайды. Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық жарақаттар туғызады.
Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңындағы елдi мекендер тұрғындарыны үнемi ұшып тұратын реактивтi ұшақтардың шуынан жүрек миокардi инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты ауруларға шалдыққан. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да мүмкін. Жануарларда да, əсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi байқалған.
Осыған байланысты шудың əсерiн төмендету үшiн бiраз шаралар жүзеге асырылады. Мысалы, үлкен қалаларда жасыл өсiмдiктер шудың деңгейiн бiршама төмендетедi. Олар түскен шу энергиясының 20% жұтады. Шуды сiңiрушi конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмосфераның шумен ластануынан қорғайды [27].
Достарыңызбен бөлісу: |