Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет202/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   264
Механикалық ластаушылар – шаң, фосфаттар, қорғасын, сынап. Олар органикалық отындарды жағу кезінде түзіледі.

Физикалық ластаушылар:

- жылулық (атмосфераға қызған газдардың түсуі);

- жарықтық (жасанды жарық көздерінің әсерінен табиғи жарықтың бәсеңдеуі);

- шулық (антропогендік шулардың салдары);

- электромагниттік (электр өткізу желілері, радио және теледидар, өндірістік қондырғылар жұмысы);

- радиобелсенді (атмосфераға келіп түсетін радиобелсенді заттардың мөлшерінің артуы).



Биологиялық ластаушылар

Микроорганизмдердің көбейуі және антропогендік тіршілік салдары (жылу энергетикасы, өнеркәсіптер, транспорт, қарулы күштердің әсері).



Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобиль жанармайларының жану өнiмдерi. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы - 9%, көмiртек тотығы - 4%, көмiрсутектер - 0,5%, оттек - 4%, сутек - 2%, альдегидтер - 0,004, азот тотықтары - 0,06%, күкiрт тотықтары - 0,006% барлығы 200 жуық компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот тотықтарымен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi.

Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны жəне оның 40% диаметрi 5 мкм дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi.

Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде - 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек тотықтары, т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физика-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.

Ауа бассейнiн күкiрттi газбен жəне шаңмен ластаушы жылу электр стансалары (ЖЭС). Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен əсер ететiні жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн құбырлардың биiктiгi.

Зиянды газдарды авиациялық транспорттар да бөледi. Ж.Детридiң есептеулерi бойынша, реактивтi ұшақтар ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек тотығы, 1,7 кг көмiрсутектер, 4,3 кг азот тотықтары, 6,3 кг/м3 қатты бөлшектер бөледi екен.

Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi ұшақ, 8 сағат ұшуы кезiнде 25000 га жердiң орманы бөлетiн оттектi жұмсайды екен.

Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүредi. Аталғандардың əр қайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады.

Ауа кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар көмiртек тотықтары, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң-тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек тотығы (СО), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы, 150 млн тонна күкiрт тотығы, 53 млн тонна азот тотықтары, 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi [24].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет