Бақылау бекеттерінің саны және орналасуы
Әрбір беке категориясына тәуелсіз ашық желдетілген, шаңданбайтын (газон, асфальт) ауданда орналасуы керек. Осылайша, өлшеу нәтижелері аутқусыз болуы үшін ғимарат айналасы көгалдандырылуы қажет.
Стационарлы және бағытты бекеттер өндірістік тастандылармен, автокөлік және басқа көздердің тастандыларымен ластанған орындарда, алдын ала зерттеулер жүргізуге орналастырылады. Бірінші кезекте ластанған демалым аймақтарына және көлік қозғалысы қарқынды магистральдар аймағына орналастырылады.
Стационарлы бекеттер және санитарлы-эпидемиологиялық қызмет органдарымен ақылдасып орналастырылады. Гидрометаллургиялық және табиғат ортасын бақылау комитеттерінің келісімінсіз бекеттерге орын ауыстыруға рұқсат етілмейді. Сынамаларды алу орындары, ластағыш заттардың атмосферада таралу заңдылықтарын ескере отырып таңдалады. Бекеттер саны мен орналасуы тұрғындар санын, елді мекеннің ауданын, рельефін, өнеркәсіптің дамуын, қарқынды автокөлік магистрал желілерін және демалыс аймақтарын ескере отырып анықталады.
Бекеттер саны тұрғындар санына тәуелді келесідей орнатылады: 1 – 50 мың адам, 2 – 100 мың адам, 2-3 – 100-200 мың адам, 3-4 – 200-500 мың адам, 10-20 – 1 млн адамнан көп жағдайында.
Тұрғылықты жерлерде рельефті және ластаушы көздердің санына тәуелді, әр 0,5-5 км сайын бір стационарлы немесе бағытты бекет орналастырылады. Атмосфераның ластану күйін кеңейтілген түрде зерттеу үшін стационарлы бекеттер санын көбейтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |