Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Бағдарламалар және бақылау мерзімдері



бет210/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Бағдарламалар және бақылау мерзімдері

Стационарлы бекеттерде төрт бақылау бағдарламасы орналатылады:

- Толық

- Толық емес

- Қысқартылған

- Тәуліктік



Толық бақылау бағдарламасы ауадағы бірлік орташа тәуліктік зиянды заттар бойынша ақпарат алуға арналған.

Толық бағдарлама бойынша бақылау, өлшеу нәтижелерін үздіксіз тіркеу арқылы күнара жүргізіледі. Бақылауды жылжымалы кесте бойынша жүргізуге болады: 7, 10, 13 сағатта, немесе, сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері.

Толық емес бағдарлама бойынша бақылау, зиянды заттардың бірлік шоғыры туралы ақпаратты күнара жергілікті уақытпен сағат 7, 13, 19 алуға негізделген.

Қысқартылған бағдарлама бойынша бақылау, сағат 7, 13 жергілікті уақыт бойынша ауадағы зиянды заттардың бірлік шоғыры жайында ақпараттар алу мақсатында жүргізіледі. Қысқартылған бағдарлама бойынша бақылауды ауа температурасы минус 45 градуста жүргізуге болады.

Тәуліктік бағдарлама зиянды заттардың орташа тәуліктік шоғыру туралы ақпараттар алуға арналған. Сынамалар тәулік бойы үздіксіз алынып отырады. Қолайсыз меторологиялық жағдайларда бақылау әрбір үш сағат сайын жүргізіледі. Бұл жағдайда, сынама тұрғындар тығыз орналасқан территориядан немесе ластаушының қайнар көзінен алады. Ауа сынамасын алумен қатар, келесі көрсеткіштерді анықтайды:

1. Желдің бағыты мен жылдамдығын

2. Ауа температурасын

3. Ауа-райы күйін

Бағытты бекеттерде өндірістің негізгі тастандыларымен берілген елді мекеннің ластануын бақылау жүргізіледі.

Толық бағдарлама бойынша зиянды заттардың сынамасын алу уақыты 20-30 минут. Атмосферадағы қоспалардың шоғырын анықтау кезінде сынама жер бетінен 1,5-3,5 м қашықтықта алынады. Сынаманы алу әдістері мен құралдарына, қажетті реактивтерге, сынамаларды сақтау және тасымалдау шарттарына нақты талаптар нормативті техникалық құжаттармен орнатылады.

Атмосфераның ластану мәліметтері бойынша қоспалар шоғырының шамасы келесі мәндермен анықталады:

1. Бірлік

2. Орташа тәуліктік

3. Орташа айлық

4. Орташа жылдық

Орташа тәуліктік шамасы – толық бағдарлама бойынша алынған бірдей уақыт аралығындағы бірлік шоғырының мәнін анықтайды.

Орташа айлық шамасы – ай бойында алынған зиянды заттардың бірлік немесе орташа тәуліктік шоғырының орташа арифметикалық мәнін анықтайды.

Орташа жылдық шамасы – жыл бойында алынған зиянды заттардың бірлік немесе орташа тәуліктік шоғырының орташа арифметикалық мәнін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет