Бұл жағдайда мына ережелердi сақтау қажет:
- үйiндi астында қалған адамдарды iздестiру, тың-тыңдаудан басталады. Сол үшiн мүмкiндiгiнше толық тыныштық жағдайын жасаңыз. Үйiндiлерге назар аударыңыз. Қандай да бiр секем аларлық дыбыс естiлген орынды анықтап, мұқият тындаңыз;
- егер үйiндi астында қалған адамға тар тесiк (саңылау) апаратын болса, бiрiншi кезекте үйiндiнi ашу кезiнде оны ауадан, яғни өмiрден айырмау үшiн ұсақ шығыршық тас пен шаң түспеу үшiн жiңiшке түтікті немесе берiк шланганы сұғыңыз;
- үйiндiнi ашуды өте мұқият жүргiзу керек. Әуелi сынықтардың үстiңгi қабатын, содан кейiн астындағысын, сосын одан кейінгісін біртіндеп алу керек. Сынықтар үйiндiлерiнен бағананы, құрылыс құрылғысының iрi бөлшегiн және т.б. суырып алуға әрекеттену аса қауiптi. Үйiндi көміп, оның астындағы адамдарды басып қалуы мүмкiн. Әуелi бағананы толық аршып алып, содан кейiн ғана оны көтеруге әрекеттену керек.
Тасқа қысып қалған адамды босату кезiнде мiндеттi түрде ең алдымен қолдың немесе аяқтың қысылып қалған жерiне сына қою қажет. Басқаша жағдайда ұзақ уақыт бойы сынық қыспағында болған адам қаза болуы мүмкiн.
Үйiндiлердi аршу кезiнде бiр-бiрiне тiрелiп тұрған сынып қираған ғимараттың әлсiз алайда әлi құламаған қабырғасын итеру аса қауiптi. Бұл адамды құтқару мүмкiндiгiнен айырады.
Достарыңызбен бөлісу: |