АШУ ҮШІН БАНКТІК НЕСИЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС ЖОСПАР
Жобаның сипаттамасы және оны іске асырудың орындылығы. Осы бизнес-жоспарда мүлдем жаңа форматтағы кофехана ашу көздел- ген: кофехана және кітап дүкенінің симбиозы
Жобаныңтүйіндемесі:
Кофехана басқа қоғамдық тамақтану орында- рынан кофе мен кофе сусындар сұрыптарының әр түрлілігімен ерекшеленеді Негізгі тармақ болып табылатын кофеден басқа кофехана мәзірінде көптеген кондитерлік өнімдер, суық және ыстық тағамдар ұсынылады.
«No name» кофеханасы кофехананың және Америкадан келген «workshop café» форма- тындағы орынның симбиозы. Ол жердің негіз- гі өнімі кофе және шай сусындары, десерттер, сендвичтер, сорпалар мен салаттар болады. Сондай-ақ, іскерлік әдебиетті жақсы көретін- дер үшін кітап дүкені жұмыс істейді. «No name» бұл достық, романтикалық және іскерлік кез- десулердің орны, жұмыс істеу, ойлау, оқу
немесе жай ғана өзімен өзі болуға арналған орын. Кофеханаға келушілер – кәсіпкерлер, фрилансерлер, студенттер, кеңсе қызметкер- лері. Біз адамдар жұмыстан немесе үйдегі күй- бің тірліктен бос уақытта келе алатын «үшінші орын» құрғымыз келеді. Ыңғайлы және өнімді жағдай жасау үшін, жұмыс істеуге келген адамдар үшін ондай орында жылдам ұтқыр вайфай болады және әрбір үстелге жақын ро- зеткалар орнатылады.
Нарық пен бәсекелестерді талдау Қазақстанның қоғамдық тамақтану нарығы Тұрақты кофехана үшін нарықта үлкен бәсеке- лестік бар. Кофехананың бәсекелестері еуро- палық тағамдармен қатар кофе сусындарының кең ассортиментін ұсынатын дәл сондай меке- мелер ғана емес. Бұл кафе де, мейрамханалар
да, бизнес-ланч өткізу кезінде тіптен асхана- лар. Сауда орталықтарында орналасқан шағын кофеханалар бәсекелестер емес, өйткені олар басқа аудиторияға бағытталған. «Кофе өзімен бірге» нүктелері мекеменің жекелеген қызметі
кофені сыртқа тасудың бәсекелестері ғана бол алады. Алайда, бұл кофехананың қосым- ша қызметі болып табылады, сондықтан осы қызмет түрі бойынша бәсекелестікті төменде- ту үшін арнайы шаралар жүргізу орынсыз.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары көшбасшы болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық тамақтану нарығы қарқынды өсіп келе жатыр, бұл бірінші кезекте халық санының күн санап көбеюімен және ауқаттылық деңгейімен байланысты, бұл осы саладағы сұраныстың артуына алып келеді. 2018 жылдың соңындағы жағдай бой- ынша осы нарықтың көлемі 30 673 400 000
теңгені құрады. Қоғамдық тамақтану нарығы- ның динамикасы төменде көрсетілген.
Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамхана на- рығының әлеуеті халықтың өсуі болмаған жағдайда ақшалай баламада жылына 45 000 000 000 теңгеден асады. Халық өсуінің оң сер- піні сақталған жағдайда ол жылына 60 000 000 000 теңгеден астам сомаға жетуі мүмкін.
Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық тамақтандыру нарығы көлемінің динамикасы, млн.тг
кесте Нұр-Сұлтан қ. 2018 жылғы мамырдағы қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемі (млн тг.)
Нұр-Сұлтан қ. 2018 жылғы мамырдағы қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемі (млн. тг.)
Бұл нарықта мыңнан астам мекеме бар және осы мекемелердің 10-нан астам түрі бар.
Негізгі бәсекелестік fast-food және free-flow сегменттерінде байқалады, өйткені мекеме- лердің осы типтері негізгі массасын орташа деңгейден төмен мемлекеттік қызметшілер құрайтын тұтынушылардың негізгі массасына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды. На- рықтың жалпы көлемінен осы сегменттердің көлемі 2018 жылдың соңына жылына 17 145
043 000 теңгеден асты.
Fast-food сегменті төмендегідей бірнеше желілерден тұрады: KFC, Нardеe‘s, Burger King және Пицца Блюз, Dodo пицца, McDonalds және т.б.
Астана қаласының кофеханаларында бір адамға орташа чек 600 теңге мен 10 000 теңге
аралығында және одан да көп. Бұл сегментте, сондай-ақ, төмендегідей желілік мекемелер бар: Мадлен, Brioche, Бауырсакофф, Сладкая сказка және т.б.
Нұр-Сұлтан қаласындағы желілік мейрамхана бизнесі екі мекеме түрінде ұсынылады, бірін- шісі – тез тамақтану жүйесі, екіншісі бір ұйымға тиесілі немесе бірыңғай сауда маркасымен байланысты әртүрлі үлгідегі мекемелер.
Жылдам тамақтану желілері әртүрлі сау- да маркалары, бірақ Americana Group, KFC, Нardеe‘s, Pizza Hut және Costa Coffee сияқты сауда маркаларына ие бір компания түрінде жұмыс істейді. QSR компаниясы Burger King ұсынады.
Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында екі ірі ком- пания бар, олар 4 тез тамақтану брэндін және бүкіл қала бойынша орналасқан 19 мекемеден тұрады. Деңгейі жоғарырақ мекемелер келе- сі компаниялар мен сауда маркалары түрінде ұсынылған:
Americana Group та Costa Coffee кофеханалары түрінде ұсынылған;
Good Project сауда белгісі – Бархат, Chivas
Lounge, Dim Sum, На Крыше, Kyoto Bar, Мясо и Запой мекемелері түрінде ұсынылған;
Assorti сауда белгісі бірдей атауы бар 4 меке- меден тұрады;
Pucha сауда белгісі Приют бодливой козы, Бу- хара, Эпоха және қала сыртындағы «Разгуляй» демалыс үйі түрінде ұсынылған;
AB сауда белгісі – Del papa, Бочонок, Клава Давай, Augustin және Дареджани мекемелері түрінде ұсынылған;
Арка ЖШС келесі мекемелерден тұрады – Tre Kronor, Фархи, Сатти және Изуми Тай;
Coffee Boom сауда маркасы 5 аттас мекеме- лерден тұрады;
Traveler‘s Coffee ресейлік сауда маркасы 3 ат- тас мекемелерден тұрады;
Ресейлік Шоколадница сауда маркасы 2 меке- ме түрінде ұсынылған;
Осылайша, бізде әртүрлі бағыттағы және дең- гейдегі 9 мейрамхана желісі бар.
Нарықта 3 республикалық оператор және 3 шетелдік оператор бар.