Қара құйын - жел жылдамдығы 50-60 км/сағ болатын, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын түріндегі ауа ұрасы. Ауа сағат тіліне қарсы 300 км/сағ жылдамдықпен айналады және өзінің жолындағы барлық заттарды төменнен спираль бойымен жоғары қарай алып кетеді. Ауа қысымы төмендеп кетеді. Ауа ұрасының биіктігі 1000-1500 м аралығында, диаметрі су бетінде ондаған метрге, құрлықта жүздеген метрге жетеді. Қара құйын жолының ұзындығы жүздеген метрден, ондаған километр [12].
Қара құйын найзағайлы бұлтта пайда болып, жер (су) бетіне түседі. Салқын циклонның шебінің алдында түзіліп, циклонның бағытымен қозғалады. Қара құйын кезінде найзағай ойнайды, жауын, бұршақ жауады, күшті жел соғады. Қара құйын теңіздегі су көліктеріне төтенше қауіпті. Оған түскен адамдар жарақат алады немесе өлімге әкеліп соғады.
Қара құйын жер шарының барлық аудандарында кездеседі. Көп жағдайда АҚШ-та, Австралияда, Африкада.
Боран - жылдамдығы 62-100 км/сағ күшті желдің әсерінен топырақтың, құмның, қиыршық тастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Мұндай жел ондаған, тіпті жүздеген шаршы километр топырақ бетінің қабатын шаңдатып әкетеді, миллиондаған тонна топырақтың, қардың, құмның майда дисперсті бөлшектерін ұзақ қашықтықтарға көшіріп тастайды.
Борандар үлкен ауқымдағы территорияны шаңмен, құммен, топырақпен, қармен көміп тастайды. Бұл жағдайдағы көміндінің қалыңдығы ондаған сантиметрге жетеді. Егістік алқаптарын жояды, жолдар мен көпірлерді жауып тастайды, су қоймалары мен атмосфераны ластайды, көріністі нашарлатады, тіпті адамдар да қаза табады.
Муссондар - (араб тіліндегі "маусым" деген сөзден шыққан) жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты өзінің бағытын үнемі езгертіп тұратын желдер. Муссондар құрлық пен теңіздің әр түрлі қызуының салдарынан туатын ауа қысымының айырмашылығынан пайда болады.
Қыста қысым материктердің үстінде, ал жазда теңіздің үстінде жоғары болады. Сондықтан қыста муссондар материктерден мұхиттарға қарай, жазда керісінше, Жердің өз осінде айналуының салдарынан олар өзінің алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда оңға, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай соғады. Муссондар климатқа әсерін күшті тигізіп тұрады. Олар тропиктік белдеуде, одан тысқары да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |