Мистраль - Франциядағы Севеннен Рона аңғарына қарай соғатын, бора секілді, қатты және суық солтүстік-батыс желі.
Керімсал - Копет-Даг тауы етегінде және Тянь-Шанның батысында жазды күні таудан соғатын құрғақ, ыстық жел. Өсімдікке аңызақ жел тәрізді әсер етеді.
Памперо - пампа далаларында соғатын оңтүстік румбалық суық дауылды жел. Бұл жел соққан уақытта күн күркіреп, нөсер жаңбырлар жауады да, температура тез суынады.
Сарма - көбінесе күз айларында Байкал көлінің батысындағы Ольхон аралының тұсында солтүстік, солтүстік-батыс бағытта соғатын қатты жел. Ол көлді қоршап тұрған тау жоталары арқылы циклондардың суық фронты өткен уақытта байқалады да кенет пайда болып, тез басылады. Кейде оның ұзақтығы 2-4 күн бойына созылып, жылдамдығы 144 км/сағ дейін жетеді [12].
Аңызақ - ауа ылғалының тапшылығынан қалыптасатын ыстық (20-25 °С) әрі құрғақ жел. Жылдамдығы 18-72 км/сағ дейін өзгеріп отырады, ылғалдылығы 30% төмен болады. Көбінесе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, әсіресе, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақ дала, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Үстірт өңірлерінде жиі әрі ұзақ уақыт болып тұрады.
Жылына ыстық желдің ұзақтығы 60-80 күнге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстанның дала және шөлейтті өңірлерінде біршама азаяды (5-10 күн) [12].
Аңызақ жел ауыл шаруашылығына өте қолайсыз құбылыс. Оның әсерінен өсімдіктердің физиологиялық үрдістері (фотосинтез, көміртегі және ақуыз алмасу) бұзылады. Нәтижесінде өсімдіктердің өнімділігі төмендейді.
Аңызаққа қарсы күрес шараларының ең тиімдісі қар тоқтату және қолдан орманды алқаптар өсіру. Субтропиктік және тропиктік елдерде аңызақты самум, сирокко немесе хамсин деп атайды.
Құрғақшылық - көбінде жоғары температура мен ауа дымқылдығының төмен кезінде, жауын-шашынның ұзақ уақыт және айтарлықтай жетіспеушілігінен туындайды.
Қатты ыстық (аптап) - бірнеше күн бойы ауаның орташа плюстік температурасы 10 немесе одан да жоғары градусқа жоғарылауымен сипатталады.
Қауіп адам денесінің қатты қызуы, яғни дене қызуының 37,1 градус Целсийден жоғарылауында немесе жылудың бұзылуы - дене қызуының 38,8 градус Цельсийге жуықтауында. Жылу қауіпті жағдай жылу өтуге немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін, ұзақ немесе қатты қыздыру кезінде пайда болады. Қатты қызудың белгілері: терінің қызаруы, сілемейлі қабықтың құрғақтығы, қатты шөлдеу. Ары қарай естен танып, жүрек пен тыныс алудың тоқтап қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |