Төтенше жағдайлар көзі – қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар немесе қауіпті техногендік оқиға, кеңінен таралған жұқпалы аурулар, сонымен қатар, заманауи қирату қаруларын қолдану нәтижесінде туындайтын немесе туындауы мүмкін төтенше жағдайлар.
Жыл сайын ТЖ планетамыздың 2,5-3 миллион тұрғындарының өмірін алып кетуді. ТЖ келетін материалдық шығындар 50-100 миллиард доллар және бұл көрсеткіш жыл сайын артуда [4].
ТЖ туындау көздеріне тәуелді табиғи, техногендік, әлеуметтік және экологиялық болып бөлінеді және оның жіктелуі 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1. Төтенше жағдайлардың жіктелуі
ТЖ әрқашан адаммен бірге қатарласа жүріп, оның өміріне қауіп төндіреді, қайғылы, бақытсыз жағдайларға, жарақат алуға әкеліп соғады, тіпті өлімге соқтырады, материалдық құндылықтарын залалдайды және жояды, қоршаған табиғи ортаны, қоғамды, өркениетті орасан зор шығынға ұшыратады.
Ғалымдардың болжамдары бойынша, жақын уақыттағы жылдарда ТЖ саны арта түспек. Егер өткен ғасырдың 60-жылдарында 62 адамның ішінде 1 адам, 90-жылдары 29 адамнан 1 адам табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ зардап шексе, ал ХХІ ғасырдың басында 14 адамнан 1 адам зардап шегуде. Дүние жүзіндегі ТЖ салдарынан зардап шеккендердің көбейу тенденциясы жылына 8,6% болса, материалдық шығындар 10,4% артуда [5].
Біздің еліміздегі ТЖ салдарынан қаза тапқандардың саны жылына 4% артса, материалдық шығындар 10% артуда. Ғалымдардың болжамынша 2010 жылы, ТЖ келген материалдық шығындар 150 миллиард АҚШ долларын құраған [6].
Достарыңызбен бөлісу: |