Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі – қауіп-қатер мен олардан қорғану жолдарын оқытатын ғылыми пән.
Қауіп-қатер – адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін үрдістердің, құбылыстардың, объектілердің антропогендік әсері. Қауіп-қатер төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде туындайды.
Төтенше жағдайлар (ТЖ) – аппаттардың, қауіпті табиғи құбылыстардың, катастрофалардың, күтпеген немесе басқа да апаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, өмір-тіршілік әрекетіне, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық объектілерге нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзуы мүмкін белгілі бір территориядағы жағдай.